• Медиация
  • Ақпарат
  • Қоғам
  • Заң және заман
  • Сауалнама
  • Әдебиет
  • Мәдениет
  • Дала даналығы
  • Вебинар
  • Марапат
  • Мәміле
  • Отбасы психологиясы
  • Республика
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім
Facebook Twitter Instagram
Facebook Twitter Instagram
HALYQ MEDIATORY HALYQ MEDIATORY
Subscribe
  • Ақпарат
  • Медиация
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім
  • Қоғам
  • Әдебиет
  • Республика
  • Русский
HALYQ MEDIATORY HALYQ MEDIATORY
Home » Соттардың қызметін ұйымдастыруға материалдық-техникалық жағдайлар жасалуда
Ақпарат

Соттардың қызметін ұйымдастыруға материалдық-техникалық жағдайлар жасалуда

halyqmediatoryBy halyqmediatory08.11.2021Updated:14.07.2024Еш пікір жоқ2 Mins Read
Facebook Twitter LinkedIn Telegram Pinterest Tumblr Reddit WhatsApp Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Сот жүйесі заман талабына сай жетілдіріліп отыруы тиіс. Қазіргі таңда елімізде сот саласына көңіл бөлініп, тиісті жағдайлар жасалып, оң өзгерістер орын алуда. Әсіресе, ақпараттық технологияның дамуы үлкен мүмкіндіктер беріп отыр. Халық үйден шықпай-ақ, арызын беріп, сот процестеріне қатыса алады. Мемлекет заңдарына сәйкес жергілікті  атқарушы билік қашанда бұл тұрғыда мүмкіндігінше жағдай жасауға тиіс. Мәселен, Шымкент қаласының мамандандырылған соттары отырған ғимараттың ішкі бөлігі былтыр орта жөндеуден өтті. Ал, биыл нысанның сыртқы жағы, яғни қасбеті жөндеуден өтуде.

Былтыр бұл ғимаратта мамандандырылған 3 сот отырса, биыл жаңадан ашылған Әкімшілік соттың қызметкерлері орналасып, жалпы 4 сот болды. Әкімшілік соттың ғимаратында судьялары мен мамандарына жұмыс істеуі үшін барлық жағдайлар жасалды. Мұнда күту бөлемелері, бейнебайланыспен кешенді жарақтандырылған мәжіліс залдары, татуласу бөлмесі, прокурорлар мен адвокаттарға арналған кабинеттер және мұрағат орналасқан. Сонымен қатар, жаңадан құрылған Әкімшілік сот үшін барлық қажетті жабдықтар жаңадан алынды.

Жаңа Әкімшілік соттың судьялары мен сот мамандарын жасақтау, қала соттарының штатын көбейтпей, ішкі резерв есебінен (Әл-Фараби және экономикалық соттардың судьялары мен мамандарынан) жүзеге асырылды.

Атап айтар болсақ, 2021 жылы Жоғарғы Сот тарапынан 14 жинақ аудио-бейне жазба (АБЖ) және жергілікті атқарушы орган тарапынан 3 жинақ аудио-бейне жазба құрылғысымен жабдықталды. Оның 8-і жаңа соттың еншісіне берілді. Жалпы Шымкент қалалық, аудандық және оған теңестірілген соттарында 65 аудио-бейне жазба залы бар. АБЖ-ы жүйесі соттар жұмысының едәуір жеңілдетіп, қағазбастылықтан арылтты. Қала соттарында тағайындалған сот отырыстары 100 пайыз  аудио-бейнежазба құрылғыларды қолдану арқылы өткізілуде.

Әкімшілік соттың бірінші қабатында арыз үлгілері, қаралып жатқан істер бойынша сот отырысының өтетін орны мен уақыты көрсетілеген ақпарат орналастырылған. Сотқа кіреберісте ақпараттық орталық, кіріс хат-хабарлар және өзіне қызмет көрсету аймақтарынан және фронт-кеңсе жұмыс істеп тұр.

Ғимараттың құрал-жабдықтары қазіргі заманғы сот төрелігін жүзеге асыру стандарттарына сай келеді. Мұнда сот қызметкерлерінің кәсіби түрде тиімді жұмыс істеуі және ең бастысы құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін сотқа жүгінетіндер үшін жақсы жағдай жасалған.

Сондықтан, бүгінгі сот қызметкерлері адалдық, туралық, заңдылық қағидаттарын басшылыққа алып қызметін абыроймен атқаруына мүмкіндік бар деп айтарлықтай. Бұл халықтың сот жүйесіне деген сенімінің арта түсуі үшін маңызды.

Сот ғимаратының табалдырығынан аттаған әрбір азамат заңның қорғауында болатынын, оның қойып отырған заңды талап-тілектері орындалатынын түсініп, расында, әділеттілік үйіне келдік деп есептеуі керек. Сондықтан, Шымкент қаласының мамандардырылған соттардың есігін ашқан әрбір азамат осы сәулетті ғимаратқа әділеттілікке деген сеніммен кіреді деп үміттенеміз.

Берік МЕЙІРХАНОВ, Шымкент қаласы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
Previous ArticleХалықаралық қатысумен Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігі алаңында еңбек саласындағы медиацияның өзекті мәселелері талқыланды
Next Article Жемқор жолы бөгелсін
halyqmediatory

Related Posts

Салық төлеушінің тұрғылықты жері өзгерген жағдайда дербес шоттарын есепке алу, беру және жүргізу

10.10.2024

Алғыс хаттар тапсырды

12.09.2022

Зияткерлік меншік және оны қорғау жолдары

22.02.2022
Add A Comment

Leave A Reply Cancel Reply

Halyq mediatory - Медиация, психолого-құқықтық кеңес, жарнама, қоғамдық ақпараттық республикалық басылым
Республикалық медиация, құқықтық, психологиялық, саяси, әлеуметтік басылым.

Мекен-жайымыз: ҚР Шымкент қ. Нұрсат м/а 126/37.
Байланыс телефондарымыз: +7 702 734 42 36, +7 707 134 25 20, +7 7252 97 53 43

  • Жарияланған материалдарды көшіріп басу үшін редакциядан ресми рұқсат алу шарт.
  • Кейбір суреттердің ғаламтордан алынуына байланысты олардың мазмұнына, сапасына редакция жауап бермейді.
  • Медиация
  • Ақпарат
  • Қоғам
  • Заң және заман
  • Сауалнама
  • Әдебиет
  • Мәдениет
  • Дала даналығы
  • Вебинар
  • Марапат
  • Мәміле
  • Отбасы психологиясы
  • Республика
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.