Сот саласының қызметін дамытуға бағытталған «Сот жүйесінің жеті түйіні» жобысында негізгі бағыттардың бірі ретінде «Сотсыз татуласу орталығын» жетілдіру мәселесі көрсетілген. Бұл бағыттың негізгі мақсаты процесске қатысушылардың, яғни сотталушы, жәбірленуші, заңды өкілдер мен қорғаушылардың, азаматтық талапкер мен азаматтық жауапкердің араларындағы дау-жанжалды оларды татуластыру арқылы шешу болып табылады. Қазіргі күні осы аталған жобаны жетілтідіру мақсатында еліміздегі сот ғимараттарында арнайы татуласу орталықтары ашылуда. Онда азаматтарға медиаторлар, адвокаттар, нотариустар мен психилогтар бірігіп көмек көрсетуде. Мұның барлығы ел азаматтарының игілігі үшін атқарылып жатқан шаралар. Сонымен қатар, осы аталған жұмыстарды сапалы және тиімді жүргізу мақсатында соттарда медиаторталардың жұмыс жасауы үшін арнайы қызмет бөлмелері де қарастырылып, қылмыстық…
Author: halyqmediatory
Заңның ерекше назар аударуды қажет ететін баптарының бірі – 15 бап, яғни жергілікті қоғамдастық мүшелерінің медиацияны жүргізуі. Нақтырақ айтқанда, өз қызметін кәсіби емес негізде жүзеге асыратын медиаторлармен қатар, медиацияны жергілікті қоғамдастықтың жиналысы (жиыны) осындай мақсатта сайлайтын жергілікті қоғамдастықтың өмірлік тәжірибесі мол, абыройлы және мінсіз беделі бар мүшелері жүргізе алады. Заңның 15 бабының 2 тармағына сәйкес, жергілікті қоғамдастық мүшелерін кәсіпқой емес медиаторлар ретінде сайлау туралы жергілікті қоғамдастық жиналысының (жиынының) хаттамасы он жұмыс күні ішінде Заңда көзделген құжаттармен, сондай-ақ мәліметтермен қоса, кәсіпқой емес медиаторлар тізіліміне қосу үшін уәкілетті органға жіберіледі. Сонымен қатар, Заңның 16 бабына сәйкес қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала,…
Зияткерлік меншік – азаматтық мүліктік құқықтар нысаны, жеке немесе ұжымдық зияткерлік еңбектің нәтижелеріне айрықша меншік – материалдық емес игілікке жатады.Ол біреудің меншігіне берілмейді және тек құқық иесінің келісімімен ғана пайдаланылады.Зияткерлік меншік –адам өмірінде аса маңызды рөл атқарады және әрқашан адамзаттың барлық кезеңдерінде ғылымның,мәдениеттің және прогрестің қуатты қозғалтқышы болып қала береді. Зияткерлік меншікке адамзат ой-санасымен жасалған өнертабыстар, әдеби және драмалық туындылар, сондай –ақ коммерциялық мақсатта пайдаланатын таңбалар, атаулар жатады.Оның өзі өнеркәсіптік меншік және авторлық құқық болып бөлінеді. Өнеркәсіптік меншікке патент берілетін өнертабыстар, селекциялық жетістіктер, өнеркәсіптік үлгілер, тауар таңбалары мен атаулары енеді. Ал, авторлық құқық обьектілеріне әдеби, ғылыми шығармалар, музыкалық, бейнелеу,мүсіндеу, графика,сәулет,фотосурет…
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30-жылдығына орай Жәнділда Әжіғалиұлы Жакупов ҚР Президентінің жарлығына сай Мелмлекеттік медалімен наградталуымен құттықтаймыз! Халыққа жасаған қызметіңіз еленіп, алғыстарға иелене беріңіз!
Сенат Парламента РК на пленарном заседании принял поправки по вопросам совершенствования гражданского процессуального законодательства и развития институтов внесудебного и досудебного урегулирования споров, передает корреспондент Kazpravda.kz. Как отмечается в заключении, документ разработан в целях развития института медиации и оказания квалифицированной юридической помощи гражданам при урегулировании споров, а также реализации одобренных Главой государства подходов по упрощению гражданского процесса и предложений, выработанных Комиссией по реформе судебной и правоохранительной систем. Основной задачей законопроекта является совершенствование гражданского процессуального законодательства, расширение сферы применения примирительных процедур, минимизация судебных расходов граждан, а также проявление заинтересованности населения во внесудебном урегулировании спора (конфликта). Так, поправками заменено понятие «непрофессиональный медиатор» на «общественный медиатор», указание…
Қазақ халқы ежелден «Бітімшілікке тоқтамағаннан – береке іздеме» деген қағиданы ту етіп ұстаған. Қазақтарға ар-ождан қашанда қымбат, «малым жанымның садағасы, жаным арымның садағасы» деген сөзге бас иген ұлы халық. Тарихи деректер бойынша қазақ билері дау-жанжалдарды мағыналы, шешендік сөздермен шешіп отырған және олардың шешімдеріне бүкіл жұртшылық риза болған. Қазақ өркениетінде татуластыру, ымыраға келу шаралары хандық дәуірде қолданылған. Себебі билердің негізгі міндеті дауласушыларды татуластыру болды. Кешегі дана бабаларымыздың бітімгершілік заңымен бүгінгі қолданыстағы татуластыру рәсімдеріне қатысты заңнаманың сабақтасуы заңдылық. Сот дау-жанжалдарды қарауды жедел аяқтау және азайту мақсатында тараптарды бітімге келтіруге тырысады, дауларды шешудің басқа баламалы тәсілдерін қолданады, дауласушыларға жәрдемдеседі. Яғни, қазіргі кезде дауды…
Елімізде кейінгі кездері теңге теңселіп, құн құлдырап қарапайым халықтың төбесіне қара бұлт үйіріле бастағанына бірауық уақыт болды. Бұл келеңсіздік кеңірдегі жуан жемқорларға керемет шанс болғалы тұр. Есебін тауып екі асап, шайнамай жұта алатын патшағар мырзалар бұл жағдайды назарларынан тыс қалдырмайтыны белгілі. Бірақ еліміздің үкіметінен үміттерін үзбей жүрген аштықтан арылуға талпынған жұрт теледидар жаңалықтарын үзбей қарап отырады. Әрине «жан керек болса – жанталас» демей ме атам қазақ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес еліміздің стратегиялық дамуының негізгі басымдықтарының бірі – деген еді Республикамыздың бүгінгі Президенті. Бұл бағытта бірқатар маңызды міндеттер атқарылған, атап айтқанда, Қазақстан халықаралық ГРЕКО ұйымына мүше болды, қарамағындағы қызметкердің сыбайлас жемқорлыққа…
Сот жүйесі заман талабына сай жетілдіріліп отыруы тиіс. Қазіргі таңда елімізде сот саласына көңіл бөлініп, тиісті жағдайлар жасалып, оң өзгерістер орын алуда. Әсіресе, ақпараттық технологияның дамуы үлкен мүмкіндіктер беріп отыр. Халық үйден шықпай-ақ, арызын беріп, сот процестеріне қатыса алады. Мемлекет заңдарына сәйкес жергілікті атқарушы билік қашанда бұл тұрғыда мүмкіндігінше жағдай жасауға тиіс. Мәселен, Шымкент қаласының мамандандырылған соттары отырған ғимараттың ішкі бөлігі былтыр орта жөндеуден өтті. Ал, биыл нысанның сыртқы жағы, яғни қасбеті жөндеуден өтуде. Былтыр бұл ғимаратта мамандандырылған 3 сот отырса, биыл жаңадан ашылған Әкімшілік соттың қызметкерлері орналасып, жалпы 4 сот болды. Әкімшілік соттың ғимаратында судьялары мен мамандарына жұмыс істеуі…
2021 жылғы 29 қазанда Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігі судьялардың, кәсіподақ бірлестіктері өкілдерінің, Қазақстан мен Ресей Федерациясы медиаторларының, ғылыми зиялы қауымның, тәжірибеленуші заңгерлер мен адвокаттардың, заң факультеттері студенттерінің қатысуымен «Еңбек саласындағы Медиация» халықаралық дөңгелек үстелін өткізді. «Ресей мемлекеттік сот төрелігі Университеті» Жоғары білім беру федералды мемлекеттік бюджеттік білім беру мекемесінің Қазан қаласы филиалының Азаматтық құқық кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының кандидаты, доцент Закиров Радик Юрьевич дөңгелек үстелді өз сөзімен бастады. Павлодар облыстық сотының судьялары Тергемесова Г.Б. және Павлодар қалалық сотының Шевченко В.Н. азаматтық сот ісін жүргізудегі еңбек дауларын қарау кезіндегі татуластыру рәсімдері және татуластыру рәсімдері арқылы еңбек дауларын шешудің өзекті мәселелері…
Британдық Economist басылымының статистика мәліметтеріне сүйенсек, 19 миллион ғана халқы бар Қазақстан алғашқы ондыққа кіріп отыр. Сот тәжірибесіне жүгінсек, ажырасудың негізгі себептері ерлі-зайыптылардың тұрмыста бір-бірін түсінбеуі, біреуінің араққа салынуы немесе опасыздық жасауы, зорлық-зомбылық көрсетуі, сондай-ақ отбасындағы материалдық қиындықтар болып отыр. Осы орайда жастарымыз неге «отбасының бірлігі мен берекесін сақтап қалуда құлықсыз?» деген сауал туындайды. Әлбетте ажырасудың себебін біржақты іздеуден аулақпыз. Десек те «қазақтың жастары неге өз ұрпағының болашағына немкетті қарап, балаларын тірі жетім етіп қалдырады?» «Жалпы бұл қоғамдық дерттің себеп салдары неде?» деген сауалнама жүргізген едік. Ботабек, юрист; Жалғыз ағаш қорған емес Әлбетте, жалғыз ағаш қорған болмайды дегендей, жалғыз ана…