Қоғам мен мемлекеттің қалыпты және тұрақты дамуы салауатты отбасылық-тұрмыстық қатынастарға тікелей байланысты.
Өкінішке орай, төтенше жағдай режимі оқшаулану адамдарға отбасында жанжалдар туындайды, балалар зардап шегу жағымсыз салдарына әкеп соқтырды.
Әйелдер мен балаларды қатыгез қараудан қорғау отбасы-тұрмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу, үй зорлығының құрбандарына көмек көрсету және салауатты қарым-қатынасты қолдау мақсатында маңызды міндет болып табылатындықтан, Батыс Қазақстан облыстық сотының бастамасымен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу бойынша «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ» атты жұмыс тобы құрылды.
Топ құрамына Батыс Қазақстан облысының судьялары, прокуратура, ішкі істер, білім басқармасының, БҚО әкімінің жанындағы әйелдер және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның, Медиаторлар одағының, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығының, «Қиын өмірлік жағдайдағы балаларды қолдау орталығы», Орал қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның өкілдері қатысты.
«True Conf» бейнеконференциялық қосымшасы арқылы өткен топтың бірінші отырысында жұмыс тобының құрамы және тұмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша іс-қимыл алгоритмі бекітілді.
Топқа неке және отбасы қатынастары, отбасылық жанжалдарды шешуге бағытталған іс-шаралар әзірлеу және тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсету мәселелерін шешу қажет болатын сұрақтар қойылды.
Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Рүстем Мырзакәрім