Зияткерлік меншік – азаматтық мүліктік құқықтар нысаны, жеке немесе ұжымдық зияткерлік еңбектің нәтижелеріне айрықша меншік – материалдық емес игілікке жатады.Ол біреудің меншігіне берілмейді және тек құқық иесінің келісімімен ғана пайдаланылады.Зияткерлік меншік –адам өмірінде аса маңызды рөл атқарады және әрқашан адамзаттың барлық кезеңдерінде ғылымның,мәдениеттің және прогрестің қуатты қозғалтқышы болып қала береді.
Зияткерлік меншікке адамзат ой-санасымен жасалған өнертабыстар, әдеби және драмалық туындылар, сондай –ақ коммерциялық мақсатта пайдаланатын таңбалар, атаулар жатады.Оның өзі өнеркәсіптік меншік және авторлық құқық болып бөлінеді. Өнеркәсіптік меншікке патент берілетін өнертабыстар, селекциялық жетістіктер, өнеркәсіптік үлгілер, тауар таңбалары мен атаулары енеді. Ал, авторлық құқық обьектілеріне әдеби, ғылыми шығармалар, музыкалық, бейнелеу,мүсіндеу, графика,сәулет,фотосурет туындылары жатады. Сабақтас құқық обьектілеріне қойылымдар, орындаулар,фонограммалар, эфирлік және кабельдік хабар тарату ұйымдарының бағдарламалары кіреді.Автор дегеніміз- шығармашылық еңбегімен туынды жасаған жеке тұлға болса, авторлық құқық – автордың мүліктік емес жеке құқықтары болып табылады.
Қазақстан Республикасы 1993 жылдан бастап Дүниежүзілік Зияткерлік меншік ұйымына (ДИМҰ) мүше болып табылады және сонымен қатар,авторлық және аралас құқықтарды регламенттейтін көптеген халықаралық конвециялар,келісімдер мен келісімшарттарға қатысушы болып табылады. Қазақстан Париж Конвенциясына, Мадрид келісіміне, Патенттік ынтымақтастық туралы келісімшартқа қатысушы болып, халықаралық қатынастарда өзіне сәйкес құқықтар мен міндеттерді қабылдап отыр. Соған сәйкес ұлттық заңнамаларда Қазақстанда зияткерлік қарақшылыққа жол бермейтін заңдар қабылданды. Қазақстан Республикасындағы Зияткерлік меншік құқығын қорғау төмендегі заңнамаларымен: ҚР «Азаматтық кодексі», ҚР «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы», «ҚР Патент заңымен», «ҚР Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және шығарылған жерлердің атаулары туралы» Заңдарымен қорғалады.
Азаматтардың зияткерлік меншік обьектісі Конститутция бойынша сақталады, заң жүзінде қорғалады. Біздің елімізде Қазақстан азаматтары мен қатар шетел азаматтарының да зияткерлік меншік құқығы заң алдында бірдей қорғалады. Сонымен қатар, Қазақстан азаматтарының зияткерлік саласындағы жетістіктері ұйымға мүше елдердің бәрінде бірдей қорғалады.
Азаматтардың зияткерлік меншігін қорғау арқылы мемлекет олардың шығармашылық өрісінің дамуын, сол арқылы ел экономикасының дамуына қолайлы жағдай жасайды. Зияткерлік меншік құқығын қорғау мәселесі тек қана өзінің шығармашылық қызметінде обьектілерімен ие болып жатқан азаматтарды аландатпайды, олармен бірге қызметі авторлардың және өнертапқыштардың құқықтарын қорғауына бағытталған. Әрбір автор өз құқығы бұзылған жағдайда сотқа немес Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік департаментіне, аумақтық органдарына жүгінуіне болады. Сонымен қатар, Зияткерлік меншік құқығын бұзған жағдайда, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексіне және Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексіне сәйкес, жауапкершілікке тартылады.
Жыл сайын зияткерлік меншік құқығын бұзу фактілері өсіп келеді. Өйткені,зияткерлік меншік обьектілерінің ауқымы да заман талабына сай жылдан-жылға еселеп көбеюде. Сондықтан, халық арасында зияткерлік меншік құқықығы бойынша сана деңгеңін көтеру-басты мақсаттардың бірі ретінде қала береді.
Шымкент қаласы Әділет департаментінің бас маманы маманы Дина Азимова