• Медиация
  • Ақпарат
  • Қоғам
  • Заң және заман
  • Сауалнама
  • Әдебиет
  • Мәдениет
  • Дала даналығы
  • Вебинар
  • Марапат
  • Мәміле
  • Отбасы психологиясы
  • Республика
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім
Facebook Twitter Instagram
Facebook Twitter Instagram
HALYQ MEDIATORY HALYQ MEDIATORY
Subscribe
  • Ақпарат
  • Медиация
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім
  • Қоғам
  • Әдебиет
  • Республика
  • Русский
HALYQ MEDIATORY HALYQ MEDIATORY
Home » Жоғарғы Соттың жалпы отырысында талқыланған мәселелер
Қоғам

Жоғарғы Соттың жалпы отырысында талқыланған мәселелер

halyqmediatoryBy halyqmediatory02.05.2021Updated:14.07.2024Еш пікір жоқ2 Mins Read
Facebook Twitter LinkedIn Telegram Pinterest Tumblr Reddit WhatsApp Email
Жоғарғы Соттың жалпы отырысында талқыланған мәселелер
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Жоғарғы Сотта кезекті жалпы отырыс онлайн режимде өтті. Жалпы отырыста Жоғарғы Соттың азаматтық жəне азаматтық процестік заңнамасы бойынша қолданыстағы 8 нормативтік қаулыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы нормативтік қаулы жобасы талқыланды.

Оның жұмысына Жоғарғы Соттың алқа төрағалары мен судьялары, Ғылыми-консультативтік кеңестің, Конституциялық Кеңестің мүшелері, Бас прокуратура мен Əділет министрлігінің өкілдері қатысты.

Жалпы отырыс Жоғарғы Соттың жанындағы Ғылыми-консультативтік кеңестің мүшесі, заң ғылымдарының кандидаты, доцент Ринат Мұхамедшинді II дəрежелі «Сот жүйесінің үздігі» төсбелгісімен марапаттаудан басталды. Ол азаматтық заңнаманы жетілдіру жəне сот-құқық реформасы мəселелері бойынша 30-дан астам жарияланымның авторы – Ринат Кашифұлы 20 жылдан астам уақыт бойы ҒКС-тің тұрақты мүшесі.

Жақып Асанов Р.Мұхамедшинге жемісті еңбегі үшін алғыс айтты.

Жоғарғы Соттың судьясы Баян Тоқтарова нормативтік қаулының жобасын таныстыра келе, нормативтік қаулының ережелерін бірқатар заңнамалық актілерге енгізілген өзгерістерге сəйкес келтіру мақсатында оны қабылдаудың қажет екенін атап өтті.

Жалпы отырысқа қатысушылар талқылаудың қорытындысы бойынша нормативтік қаулыны қабылдады.

Жалпы отырыста жоғары сот органы-ның судьялары тараптардың дауды «Астана» халықаралық қаржы орталығы сотының қарауына беруге байланысты сот практикасының жекелеген мəселелері бойынша түсіндірмені бекітті.

Астанадағы АХҚО соты өз жұмысын 2018 жылғы 1 қаңтарда бастады жəне коммерциялық дауларды шешу бойынша жетекші сот болып табылады.

Қабылданған құжатта соттардың, жеке жəне заңды тұлғалардың дауды АХҚО сотында қараудың құқықтық негіздеріне, судьялар құрамын қалыптастыруға, АХҚО сотындағы даулардың

соттылығына, оның шешімдерін орындауға жəне т.б. қатысты туындаған сұрақтарына жауаптар берілген.

Дауды шешу үшін АХҚО қатысушысы болып табылмайтын заңды тұлғалар, жеке тұлғалар АХҚО сотына жүгіне ала ма? Тараптар АХҚО сотына қандай дауларды қа-рата алады? Дауды АХҚО сотының қарауына беру үшін тараптардың келісімі қалай ресімделеді? АХҚО сотының шешімдері қалай орындалады? Осы сұрақтардың барлығына Түсіндірмеде жауаптар берілген.

Бұған қоса, отырыста Түркістан облыстық сотының алқа төрағасының бос лауазымына кандидатуралар қаралды жəне Жоғарғы Соттың алқа төрағаларының сот төрелігін жүзеге асырудың қорытындылары туралы ақпараты мен Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының есебі назарға алынды.

Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
Previous ArticleЦифрландыруға қарышты қадам жасалған жыл
Next Article Тарих және гендерлік саясат
halyqmediatory

Related Posts

Жеңіс күнін атап өту, қарияларымызға деген құрмет

26.06.2021

Елім деп еміренетін ер

26.06.2021

Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы зияткерлік меншік саласының үлесі

20.05.2021
Add A Comment

Leave A Reply Cancel Reply

Halyq mediatory - Медиация, психолого-құқықтық кеңес, жарнама, қоғамдық ақпараттық республикалық басылым
Республикалық медиация, құқықтық, психологиялық, саяси, әлеуметтік басылым.

Мекен-жайымыз: ҚР Шымкент қ. Нұрсат м/а 126/37.
Байланыс телефондарымыз: +7 702 734 42 36, +7 707 134 25 20, +7 7252 97 53 43

  • Жарияланған материалдарды көшіріп басу үшін редакциядан ресми рұқсат алу шарт.
  • Кейбір суреттердің ғаламтордан алынуына байланысты олардың мазмұнына, сапасына редакция жауап бермейді.
  • Медиация
  • Ақпарат
  • Қоғам
  • Заң және заман
  • Сауалнама
  • Әдебиет
  • Мәдениет
  • Дала даналығы
  • Вебинар
  • Марапат
  • Мәміле
  • Отбасы психологиясы
  • Республика
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.