Оның жұмысына Жоғарғы Соттың алқа төрағалары мен судьялары, Cот төрелігі академиясының және Cоттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің өкілдері қатысты.
Жоғарғы Сот төрағасы Жақып Асанов сот жүйесіндегі өзгерістердің қатарында ӘРПК-нің қабылдануын атады. Заң 2021 жылғы шілдеден бастап сотқа азаматтар мен бизнестің талап арыздарын «мемлекеттік органның кінәлі презумпциясы» қағидаты бойынша қарауға, талап арыздарды әзірлеуге, көмектесуге және мемлекеттік органдардан соттарда тәртіпті сақтауды талап етуге мүмкіндік береді. Президенттің қатысуымен судьялардың VIII съезінің өткізілгені туралы айтылды. Қоғаммен кері байланысты жолға қою, судьялардың тәуелсіздігі, кәсібилікті арттыру, жаңа судьяларды жария іріктеу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің алдағы жұмыс бағыттары болып айқындалды.
Халықаралық кеңеске қатысушылар халықаралық тәжірибені ескере отырып зерттеуді қажет ететін екі тақырыпты талқылады. Олар – азаматтық процестегі татуластырушы судьяның рөлі және сыбайлас жемқорлық қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін жаза тағайындау.
Ж.Асанов бірінші тақырыпқа көше келе, дауласушыларды ымыраға шақырып, татуластыру әлемдік сот төрелігіндегі ең басты үрдістердің бірі екеніне, дамыған елдерде даулардың 70-90%-ы сотқа дейін бітімгершілікпен аяқталатынына тоқталды. Жасалған жұмыстардың қатарында істер мен материалдардың күнделікті 20 мыңдық конвейерінің үш есеге қысқаруы аталып өтілді. Татуласу үшін жағдайлар жасалды. Тұрғындар оның пайдасын түсіне бастады. АПК-ге түзетулер енгізілді, егер татуласу рәсімдері жүргізілсе, татуластыру мерзімі 10 жұмыс күніне дейін ұзартылды. Қазір соттарда 300-ден астам татуластырушы-судья жұмыс істейді. Азаматтық даулардың 40% татуласумен аяқталады. Бұл қоғамдағы даукестік деңгейін азайтады. Өңірлерде Татуласу орталықтары ашылды, олардың міндеті – дауласушыларға қолайлы шешім табу.
Сот әкімшілігі жөніндегі халықаралық қауымдастықтың президенті Марк Биир Еуропадағы татуластыру рәсімінің сот төрелігін жүзеге асырудағы маңызды және тұрақты орнын атап өтті. «Тұтастай алғанда, егер татуласу мүмкін болмаса, істерді әдеттегідей қарайтын арнайы татуластыру трибуналдарынан тұрақты түрде құрылатын соттарға көшу үрдісі байқалады», – деді ол. М.Биир сот татуластыру рәсімін қоғамдастықтың қажеттіліктеріне қызмет ететін, соттардың юрисдикциясындағы азаматтардың мүдделеріне бағытталған сот төрелігін қамтамасыз ететін; соттарға жүктемені азайтатын, судьяларға әділеттілікті қамтамасыз ету өкілеттіктерін беретін тетік деп атады.
Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі, профессор Майдан Сүлейменов бірқатар елдерде соттағы татуласу тиімді институт ретінде дамыған деп есептейді. Ол отставкадағы судьяларды татуластырушы судья ретінде тарту мүмкіндігін атап өтті. Татуласу үшін ынталандыруды дамыту бөлігін ЖС судьясы Мадияр Балкен және АХҚО сотының және халықаралық төрелік орталығының тіркеушісі Кристофер Кэмпбелл-Холт та қолдады.
ЖС судьясы Ұлбосын Сүлейменова татуластыру рәсімдерін қолдану әлеуетін атап өтіп, биылғы 10 айда соттарға 380 мыңнан астам талап арыз бен өтініштердің келіп түскенін атап өтті. Олардың ішінде татуласуға байланысты 77 мыңнан астамы аяқталды (аяқталған істердің 24%).
Екінші мәселенің маңыздылығын айта келе, Ж.Асанов Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы маңызды халықаралық құжаттарды, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Ыстамбұл іс-қимыл жоспары шеңберінде тұрақты мониторинг жүргізуді ратификациялағанын атап өтті. Қазақстанға сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін жазаны халықаралық стандарттарға сәйкес келтіру жөніндегі ұсынымдар туралы да айтылды.
Ресей Сот төрелігі университеті қылмыстық сот ісін жүргізу мәселелерін зерттеу ғылыми орталығының жетекшісі Оксана Качалова сыбайлас жемқорлық сияқты теріс әлеуметтік құбылысқа тиімді қарсы тұру тек құқықтық жолмен мүмкін емес деп санайды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың шетелдік тәжірибесін талдау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте кешенді тәсіл қолданылған елдер ғана елеулі табыстарға қол жеткізгенін куәландырады деп атап өтті. Осы бағыттар арқылы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы күрес бөліп көрсетілді. Мәселен, сыбайлас жемқорлық деңгейі неғұрлым төмен мемлекеттердің рейтингтерінде ілгері тұрған Скандинавия елдерінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу этикалық нормаларды дамыту, қоғамдық өмірдің барлық салаларында ашықтық пен бақылауды қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырылады. Сыбайлас жемқорлыққа бағытталған қылмыстардың сипаттамасы және олар үшін жаза белгіленді.
Украинадағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы «Бейкер и Маккензи – Си-Ай-Эс Лимитед» компаниясы филиалының басшысы Куртис Мастерс айтып берді. Ол заңға бірқатар түзетулер енгізуді ұсынды. «Жақында Украина Заңының ережелері басқа елдердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасы бағаланатын стандартқа айналады», – деп есептейді спикер.
Жиында тараптар сындарлы пікір алмасты.
Ж.Асанов жұмыс соңында ХК ұсынымдары пысықталып, Жоғарғы Сот сайтында жарияланатынын және заңнаманы жетілдіру және практиканы жақсарту үшін Парламентке, Үкіметке және уәкілетті органдарға жіберілетінін атап өтті.
Жоғарғы Сот төрағасы Халықаралық кеңестің 10-шы мерейтойлық отырысына қатысушыларға жемісті жұмысы үшін алғысын айтты. Ол қазақстандық сот жүйесі мен халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Халықаралық кеңес мүшелері А. Кенжебаеваның, М. Сүлейменовтің, О.Качалованың, Й.Пудельканың Жоғарғы Соттың «Халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен, М. Биирдің, П. Гончаровтың, Ж. Елубаевтың, К. Кэмпбеллдің, К. Мастерс пен Х. Лидің алғыс хаттармен марапатталғанын хабарлады. Медальдар мен алғыс хаттар марапат иелеріне жіберілетін болады.
Жоғарғы Соттың Баспасөз-қызметі