Ж.Телевтің ісі бойынша
Жәнібек Телев 2017 жылғы қаңтарда абайсызда жәбірленушінің қайтыс болуына әкеп соққан әскери кемелерді жүргізу және пайдалану қағидаларын бұзғаны үшін кінәлі деп танылған. Ол ҚК-нің 465-бабы бойынша пробациялық бақылауға алына отырып, 4 жылға бас бостандығынан айырылған.
Апелляция соттың үкімін өзгертті. «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» 2016 жылғы 13 желтоқсандағы Заңның 2-бабы 3-бөлігінің 2) тармағының негізінде Телев жазасын өтеуден босатылды.
Жоғарғы Сот істі қарап, іс жүргізуді тоқтатты және Телевті төмендегі себептер бойынша қылмыс құрамының болмауына орай ақтады:
Телевке тағылған айып бойынша әрекетті жасағаны туралы тұжырымдар істің нақты мән-жайларына сәйкес келмейді.
Іс материалдарына сәйкес, Телев қайықты радиолокациялық байланыс бойынша анықтаған кезден бастап, оқиғаның нақты жағдайды ескере отырып, лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес әрекет еткен. Ол қайықпен соқтығыспау үшін барлық шараларды қабылдаған. Оның бұйрығымен екі старшина кеме қозғалысының қауіпсіздігін реттеу үшін кеменің алдыңғы бөлігіне шыққан, оның жылдамдығы ең кіші жылдамдыққа дейін азайтылған, белгісіз нысанаға жақындағанда бірнеше рет дыбыстық сигналдар шығарған, радиостанция және қол қимылдары бойынша командалық пунктке суға түскен адамдарды анықтау және құтқаруға дейінгі берілген хабарламалар бойынша маневрін жүргізген.
Бұл жағдайлар Телевтің кеме жүргізу қағидаларын бұзғанын куәландырмайды.
Алайда, бірінші сатыдағы сот осы мән-жайларға, сондай-ақ ауа-райы, тәулік уақыты мен істің дұрыс шешілуі үшін қажет басқа да жағдайларға дұрыс баға бермеген.
Конституцияның 77-бабы 8) тармағына және ҚПК-нің 19-бабының 3-бөлігіне сәйкес күдіктінің, айыпталушының, сотталушының кінәлі екендігіне қатысты күдіктер олардың пайдасына қаралады.
С.Сыздықовтың ісі бойынша
Самат Сыздықов 2019 жылдың қаңтарында тонау, яғни бөтеннің үйіне заңсыз кіру арқылы жәбірленушіге тиесілі 50 000 теңгені ашық түрде жымқыру бабы бойынша кінәлі деп танылған. Ол 5 жыл 2 айға бас бостандығынан айырылған. Оның әрекетінде қылмыстың қауіпті қайталануы танылған.
Апелляция сот актісінің күшін жойып, ақтау үкімін шығарды.
Жоғарғы Сот істі қарап, апелляциялық соттың ақтау үкімін төмендегі негіздер бойынша өзгеріссіз қалдырды.
Іс материалына сәйкес, Сыздықов тонау жасағаны туралы кінәсін мойындамады, қылмыс жасалған орында болмағанын мәлімдеді. Оның осы айғақтары тұрақты және еш теріске шығарылмады.
Айыптауға кәмелетке толмаған куәгердің айғақтары және оның Сыздықовты қылмысты жасаған адам ретінде тану хаттамасы негізге алынған. Апелляция бұл дәлелдемелерді жарамсыз деп таныды, өйткені Сыздықовты тануды жүргізу кезінде ҚПК-нің 230-бабы 10-бөлігінің талаптары бұзылған. Тану кезінде оның барысы мен нәтижелерін тіркеудің ғылыми-техникалық құралдары пайдаланылмаған және психолог қатыспаған.
Анықтауға қатысқан кәмелетке толмаған куәгердің айғақтары істің мән-жайына қайшы және іс материалдарымен сәйкес келмейді.
А.Тілепованың ісі бойынша
Ақмарал Тілепова 2017 жылғы тамызда ҚК-нің 177-бабы 4-бөлігінің «б» тармағы (1997 ж. редакциясында) және 28-бабы 4-бөлігі, 367-бабы 5-бөлігі (2014 ж. редакциясында) бойынша кінәлі деп танылған. 8 жылға бас бостандығынан айыруға сотталған. ҚК-нің 74-бабы 1-тармағына сәйкес жазаны өтеу мерзімі 5 жылға шегерілген.
Апелляция істі қарап, Тілепованы ақтап, қылмыс құрамының болмауына орай саналы әрекеттері үшін кінәлі емес деп таныды.
Жоғарғы Сот істі қарап, ақтау үкімін мынадай негіздер бойынша күшінде қалдырды.
Конституция мен ҚПК-ге сәйкес, айыптау үкімі болжамға негізделмейді және рұқсат етілген және шынайы дәлелдемелердің жеткілікті жиынтығымен расталуы керек.
Сотқа дейінгі органдар Тілепованы кінәлай отырып, пара беруге итермелегені және қылмыс кімге және қандай жағдайда жасалғаны туралы нақты дәлелдер келтірмеді.
Тілепова өзіне тағылған айыпты ішінара ғана мойындады, өзінің қылмыс жасамағанын, өзіне жала жапқанын жәбірленушіден ешқандай ақша алмағанын көрсетіп, өзін ақтауды сұрады.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының бөтеннің мүлкін аса ірі көлемде иемденуде алаяқтық жасағаны және лауазымды адамға аса ірі мөлшерде пара беруге итермелегені үшін айыптауды тергеп-тексеруі жәбірленуші мен оның ұлының айғақтарына негізделген.
Бұдан басқа, іс бойынша жәбірленушінің қамақта болғаны, осыған байланысты жоғарыда көрсетілген ақша қаражатын Тілеповаға бере алмағаны анықталды. Жәбірленуші ақша аудару фактісі туралы әйелі мен ұлының, ал жақын туыстары мен достары ұлының сөзінен білген.
Жәбірленушінің сөзі мен куәгерлердің жауаптары мен Тілепованың аса ірі көлемде алаяқтық жолмен қаражатты иемденгені туралы сараптама қорытындысы негізінде кінәнің даусыз дәлелдемесіне наразылығы да негізсіз.
Сондай-ақ сот психологиялық-филологиялық сот сараптамасының қорытындысы Тілепованың бұл қылмысты жасағандығының заңды дәлелі емес.
Соттың жәбірленуші тарап куәгерлерінің жауаптарына сын көзбен қарауы толығымен заңды. Өйткені олар жәбірленушінің жақын туыстары мен достары ретінде бұл мәселеде мүдделі және олардың жауаптары ешқандай заңды дәлелдемелермен расталмады.
Жоғарғы Сотының баспасөз қызметі