Заңның артықшылығы да же-терлік, мәселені бітімгершілік жолымен шешу уақыт пен қаржы-ны үнемдеуге көмектеседі.
Татуласудың артықшылығы тараптардың бірігіп шешім қабылдаумен құн-ды, дауласушы екі жақ оған ерікті түрде қатысып, бұл мәселелердің уа-қыты мен өтетін орнын өздері шешеді.
Сондай-ақ, медиация үдері-сінде жеңілуші мен жеңуші бол-майды. Оның мақсаты – тараптардың алтын уақыттарын тиімді пайдаланып, тараптардың жүйке-лерін тоздырмау, текке кететін құжаттарды жұмсаудың алдын алу. Сондықтан қәзіргі жағдайда татуласу өте тиімді де ұтымды деуге толық негіз бар. Сонымен қатар, Татуласу рәсімі сыбайлас жемқорлыққа қарсы қылмыстық істер бойынша қолданылмайтынын айта кеткен дұрыс.
Заң талаптарына сай татуласу рәсіміне оған қатыспайтын үшінші тұлғалардың және сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың мүд-делеріне қатысты болған жағдайда қолданылмайды. Сонымен қатар, та-раптардың бірі мемлекет-тік орган болып табылатын дауларға, сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы істер бойынша және ауыр, аса ауыр қыл-мыстық істерге медиация рәсімі қолданылмайды.
Татуласудың басты мақсаты – қос тарапты бірдей қанағаттандыратын және дауласушылық дең-гейін төмендететін өзара тиімді әрі өзара қолайлы, бейбіт келі-сімге келу. Сот өндірісінен айыр-машылығы – татуласу барысында «кінәлілер» мен «кінәсіздер» де-ген тараптар болмайды. Өйткені, бұл құқық саласы қылмыс жасау-шылар қатарын бірыңғай бас бостандығынан айыру жолымен жазалауды емес, адам құқықтары мен бостандығын қорғауды және қалпына келтіруді алға тартады. Басқаша айтқанда, татуласу мүмкіндігіне қарай істі сотқа жеткізбеу мақсатын көздейді.
Татуласудың тағы бір оңтайлы жағы – қаржылық жағынан соттық шығынға қарағанда тө-мендігінде және уақыттың үнемділігінде.
Сотта іс әдетте ұзаққа созылады, ол тіпті айларға созылуы мүм-кін. Бірнеше мәрте сот отырыстары тағайындалады, оған тараптардың бірінің өкілдері келмеуі де мүмкін, сөйтіп жағдай ушыға түседі. Ал медиациялық бітімгер-шілік процесінде татуласудың ке-лесі ерекшеліктері алдыңғы қа-тарға шығады – тараптардың ерік-тілігі және жеделдетілген шара-ның бейресмилігі.
Медиатордың қызметі кәсіби негізде (кәсіпқой медиатор) және кәсіби емес негізде (қоғамдық медиатор) жүзеге асырылуы мүм-кін.
Кәсіби емес медиаторға кемінде қырық жасқа тол-ған, қабілетті және кә-сіби емес медиаторлар ті-зілімінде тұратын аза-маттың болуы шарт. Ол біріншіден, көпшілік ал-дында құрметке ие болған, ортада беделді, дауласушы азаматтарды өз ыр-қына көндіре алатын аза-мат болуы керек. Кәсіби емес медиаторлар ісін те-гін ақысыз жүзеге асырады.
Ал кәсіби медиаторға қойылатын талап кәсіби емес медиаторларға қарағанда өзгешілігі жоға-ры. Оның жасы жиырма бес жас-тан кем болмауға тиіс. Сондай-ақ, міндетті түрде жоғары білімді, медиаторларды әзірлеу бағдарламасы бойынша оқу курсын аяқ-тағаны туралы куәлігі және кә-сіби медиаторлар тізілімінде тір-кеуде болуы шарт. Олар өз қыз-меттерін ақылы және ақысыз те-гін түрде жүзеге асырады. Кәсіби медиаторларға төленетін сыйақының мөлшері тараптар мен меди-атордың келісімі бойынша анық-талады.
Жазаны ізгілендіруді жолға қойып, түзеу меке-мелеріндегі сотталғандар санын азайтуды мақсат еткен еліміздің «Медиация туралы» заңнан күте-рі көп. Бұл заң сот жүйесіне жаңашыл өзгеріс ен-гізіп, дауды шешудің тағы бір тиімді жолын айқындады. Қылмыстың үлкен, кішісі болмайды. Дегенмен бұл заңның көмегімен сотталғандар санын азай-туға ықпал ете алсақ, бұл біздің қоғамға тигізген бір пайдамыз болары даусыз.
Қазіргі уақытта медиаторлардың қатысумен істердің тиімді шешіліп келе жатқанын айту қажет. Сот тәртібінде қарастыруға тиіс даулардың санын қысқартып, оларды шешудің баламалы тәсі-лін қолдану, оның ішінде бітім-гершілік рәсімдер – медиация әді-сін қолдану адам құқықтарының сақталуының кепілі. Республикамызда татуласу институтының дамуына қажетті іс-шаралар жүр-гізілуде. Татуласу орталықтары республикамыздың барлық ай-мақтарында жұмыс жасауда.
Бұл өз кезегінде келешекте делдал жұмысының ретімен жү-руінің, істің бітімгерлікпен әділ шешілуінің алғышарты болмақ. Өркениетті елдерде бейтарап медиаторды тарту ісі неғұрлым жедел дамып, елдегі құқықтық саясаттың жүйелі жүргізілуіне өз септігін тигізген. Олар сапалы әрі тиімді сот төрегілін жүргізуде негізгі басымдыққа ие және за-манауи құқықтық жүйенің дамуы-на ықпал етіп келеді. Татуласудың тиімділігі сол азаматтар баж са-лығын төлеп әуре болмайды және едәуір уақыт үнемдейді.
Медиатордың судьядан айырмашылығы – келіспеуші тараптардың екі жағын да қанағаттандырады.
Түркістан облысы.
Созақ аудандық сотының судьясы
Б.Л.Сагинтаев.