• Медиация
  • Ақпарат
  • Қоғам
  • Заң және заман
  • Сауалнама
  • Әдебиет
  • Мәдениет
  • Дала даналығы
  • Вебинар
  • Марапат
  • Мәміле
  • Отбасы психологиясы
  • Республика
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім
Facebook Twitter Instagram
Facebook Twitter Instagram
HALYQ MEDIATORY HALYQ MEDIATORY
Subscribe
  • Ақпарат
  • Медиация
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім
  • Қоғам
  • Әдебиет
  • Республика
  • Русский
HALYQ MEDIATORY HALYQ MEDIATORY
Home » Тілім барда айтылар сыр ойдағы…
Мәміле

Тілім барда айтылар сыр ойдағы…

PressaBy Pressa30.04.2020Еш пікір жоқ2 Mins Read
Facebook Twitter LinkedIn Telegram Pinterest Tumblr Reddit WhatsApp Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Адамзат баласының өмірін жаһандану деген ғаламат ұғым билеп, санамызға әбден сіңісіп, тұрмысымызға қонақтап қалған тұста да өз құндылығын асыра түсетін ғұмырлық мәселелер бар. Олар сол дәуір үшін ұлық саналатын кез келген дүниелердің көлеңке қалтарысында қалып қоймайтынын сеніммен айта аламын. Сондай жаныма жақын әрі өзекті тақырып – тіл жайы.

Нағыз елжанды, ұлтжанды тұлғалардың даналық тұжырымдарына көз жүгіртсем, туған тілді қорғау Отанды қорғаумен бірдей екеніне, Отаныңды дұшпан жаулап алса, оны азат етуге болатынын, ал халықтың жаны саналатын тіл жауланса – ол барлық нәрсенің ақыры екендігін шегелей жеткізген тұжырымдары да мені терең ойға жетелейді. Бұдан әрбір саналы жан тілін, оның тазалығын сақтауға, атап айтқанда, өзге тілден енген сөздермен орынсыз шұбарлануына жол бермеуі үшін күресуі керек деген ой туады. Сонда ұлтын сүйетін әрбір жанның жүрегінде «Тіл тағдыры – ел тағдыры!» – деген қағидалы сөз жатуы қажет. Өйткені жүрек – адам денесінің басты мүшесі, патшасы емес пе?!

Заң саласында қызмет атқарғандықтан, өз жұмысымда ең алдымен, тіліміздің тұғырында орнықты болып қолданылуына және оның адамдар арасындағы бірлікті ұстап тұратын сан қырын ескеріп, қызметімді жүргізуді әркез назарда ұстаймын.

Жұмыс барысында заңда «ҚР-ның Қылмыстық Кодексінде» кездесетін кейбір сөз оралымдарының сәтсіз аудармалары «әттеген-ай» дегізетін жері аз емес. Сол себепті, заңды таным-түсінігі қазақы, терең білімді, қай жағдайда болмасын құзыреттілік таныта алатын тұлғалар жазса деген ұсынысым бар. Осы ретте, заңды әзірлеген министрлік оның қазақша мәтінін неге дұрыс жазбайды немесе дұрыс аудармайды деген сұрақ туындайды! Ал, өз кезегінде, Парламенттің депутаттары заңды талқылағанда, сондай көптеген қателіктерді неге өздері түзетпейді?

Сонымен қатар, «Тіл туралы» заңның талабына сәйкес елімізде әзірленетін заңдар қазақ тілінде жазылып, одан кейін барып орысшаға аударылуы тиіс! Міне, осыны Үкімет тиісті министрліктерден талап ету керек! Ал, Парламентте отырған депутаттар осындай қазақ тілінде жазылып қателіктердің себебін Үкіметтен сұрап, мұндай заңдарды қабылдамай, кері қайтарса, тіліміз бен заңдарымыз талапқа сай түзелер еді! Сонда ғана кейбір Заңдар мен Кодекстерде кездесетін сәтсіз аудармалар жойылатыны анық!

Сөзімді түйіндей келе, туған тіліміздің айбынын асырып, мерейін көтеріп, қоғам өмірінің әр саласында қолдануды жүзеге асыру баршамыздың абыройлы міндетіміз екенін ескере жүрейік, ағайын!

Әбдіғаппар Бекназаров, 
Шымкент қаласының мамандандырылған 
әкімшілік сотының судьясы
Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
Previous Article«Соңғы аптада экономикалық және әлеуметтік қысым мен үрей күшейген кезде, біз отбасылық зорлық-зомбылықтың куәсі болып отырмыз», – деді Гутерриш.
Next Article СОТТАРДА ЦИФРЛЫ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР БЕЛСЕНДІ ҚОЛДАНЫЛУДА
Pressa

Related Posts

Сот жүйесінде медиацияны қолдану артып келеді

16.03.2020

БІТІСТІРУ АРДЫҢ ІСІ

16.03.2020

ОРТАҚ ТҮСІНІК БЕРЕКЕНІҢ БАСТАУЫ

15.03.2020
Add A Comment

Leave A Reply Cancel Reply

Halyq mediatory - Медиация, психолого-құқықтық кеңес, жарнама, қоғамдық ақпараттық республикалық басылым
Республикалық медиация, құқықтық, психологиялық, саяси, әлеуметтік басылым.

Мекен-жайымыз: ҚР Шымкент қ. Нұрсат м/а 126/37.
Байланыс телефондарымыз: +7 702 734 42 36, +7 707 134 25 20, +7 7252 97 53 43

  • Жарияланған материалдарды көшіріп басу үшін редакциядан ресми рұқсат алу шарт.
  • Кейбір суреттердің ғаламтордан алынуына байланысты олардың мазмұнына, сапасына редакция жауап бермейді.
  • Медиация
  • Ақпарат
  • Қоғам
  • Заң және заман
  • Сауалнама
  • Әдебиет
  • Мәдениет
  • Дала даналығы
  • Вебинар
  • Марапат
  • Мәміле
  • Отбасы психологиясы
  • Республика
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.