• Медиация
  • Ақпарат
  • Қоғам
  • Заң және заман
  • Сауалнама
  • Әдебиет
  • Мәдениет
  • Дала даналығы
  • Вебинар
  • Марапат
  • Мәміле
  • Отбасы психологиясы
  • Республика
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім
Facebook Twitter Instagram
Facebook Twitter Instagram
HALYQ MEDIATORY HALYQ MEDIATORY
Subscribe
  • Ақпарат
  • Медиация
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім
  • Қоғам
  • Әдебиет
  • Республика
  • Русский
HALYQ MEDIATORY HALYQ MEDIATORY
Home » Татулыққа не жетер!
Ақпарат

Татулыққа не жетер!

PressaBy Pressa20.05.2020Еш пікір жоқ2 Mins Read
Facebook Twitter LinkedIn Telegram Pinterest Tumblr Reddit WhatsApp Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Бүгінгі қалыптасып отырған жағдай қатердің айтып келмейтінін, мұндай қиындықты бірлігі мықты, ынтымағы күшті елдің ғана жеңе алатынын көрсетіп берді. Төтенше жағдай төзім мен шыдамның сыналар шағы. Осындай сындарлы сәтте әр құрылым өзінің жұмыс істеу тәртібін өзгертіп, әлемді алаңдатқан індеттің алдын алуға барлық амалды жасап жатыр. Сол қатарда сот құрылымы да бар.

Қазір қылмыстық істер азайғанымен, отбасылық дау-дамайлар, тұрмыстық кикілжіңдер саны кеміді деп айта алмаймыз. «Біз біргеміз!» деп мемлекет елдің тыныштығына кепіл болып, қиындықты бірге еңсеруге шақырып отырған тұста халықтың болмашы нәрсені даулап, соттасып жүруі жақсылықтың нышаны емес. Әрине, арыз-шағымдарды қарауға, шешім шығаруға соттың әлеуеті де, шамасы да жетеді. Бірақ, алдына бір мақсат қойып, бір тәртіпке бағынған елдің арыз-шағым жазып, сотқа жүгінуі татулыққа сына түсіріп, тыныштықты тәрк ететін қасиет. Сондықтан, әрбір азамат бұл «Соттасатын емес, бір-білімізге жақтасатын, бір-білімізге қолдау көрсететін кез» екенін есінен шығармағаны дұрыс.


Қазақстандық соттың жаңа технология жетістігін игеруден алдыңғы көште келе жатқаны белгілі. Осы күнге дейін сот мәжіліс залдарын толықтай дыбыс-бейне жазу құрылғыларымен жабдықтап, арыз-шағымдарды «Сот кабинеті» сервисі арқылы қашықтықтан қабылдауға, сот істерін бейнеконференц байланыс көмегімен қарауға, сот отырыстарын онлайн режимде өткізуге дағдыланған фемида қызметкерлеріне төтенше жағдай талаптарын сақтау соншалықты қиын болып жатқан жоқ. Керісінше, арыз-шағымдарының қозғалысын онлайн бақылап, сот отырыстарына іркіліссіз қатысып жатқан жұртшылық сот құрылымының жетістіктерін мойындап жатқан жайы бар. Сонау шалғайда тұратын куәгерлерді сөйлетіп, шетелде жүрген сот қатысушыларымен оңай онлайн диалог орнату – сот қызметкерлері үшін қалыпты жағдай. Істердің белгіленген уақытта қаралып, дер кезінде шешімнің шыққанына көпшілік те риза. Әсіресе төтенше жағдай кезінде қашықтықтан сот отырысына қатысқандардың жаңа технология жетістіктерін көзбен көруіне мүмкіндік туып отыр.


Дегенмен, осындай қысылтаяң шақта халыққа соттасып, дау қуғаннан гөрі, татуласып, ынтымақты сақтаған анағұрлым тиімді болар еді. Қазір ашумен шешім қабылдайтын кез емес, ақылға салып іс жасайтын уақыт. «Дау қуған бәлеге жолығады» дейді бабаларымыз. Сол айтпақшы, арыз жазып, өзіңіз де, өзгелер де әбігерге түспес үшін мәселенің түп-тамырына үңілген абзал. Егер өзара шешуге, екеуара түсінісуге болатын жағдай орын алса, ішкі өзімшілдігіңізді басып, екінші жақтың уәжін тыңдауға уақыт тапқаныңыз, шыдамдылық танытқаныңыз жөн. Ал алғашқы екпінмен арыз жазып қойған азаматтарға татуласуға, кикілжіңді ортақ мәмілемен шешуге ешқандай кедергі жоқ.

Керісінше, сот саласының соңғы жылдары кешенді түрде қолға алған іс-шаралары медиацияны дамытуға, медиаторлардың белсенділігін арттыруға, судья-медиаторлардың жұмысын жандандыруға бағытталғанын атай кеткеніміз жөн. Яғни, соттаспаймын, істі медиациямен шешемін деген тараптарға медиаторлар да, судьялар да көмектесуге әзір.

Салтанат Курманбаева,
 Орал қаласының №2 сотының судьясы
Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
Previous Article«Бітімгершілік – берекенің ұйытқысы»
Next Article Абайдың дауларға қатысты билік бітімдері
Pressa

Related Posts

Салық төлеушінің тұрғылықты жері өзгерген жағдайда дербес шоттарын есепке алу, беру және жүргізу

10.10.2024

Алғыс хаттар тапсырды

12.09.2022

Зияткерлік меншік және оны қорғау жолдары

22.02.2022
Add A Comment

Leave A Reply Cancel Reply

Halyq mediatory - Медиация, психолого-құқықтық кеңес, жарнама, қоғамдық ақпараттық республикалық басылым
Республикалық медиация, құқықтық, психологиялық, саяси, әлеуметтік басылым.

Мекен-жайымыз: ҚР Шымкент қ. Нұрсат м/а 126/37.
Байланыс телефондарымыз: +7 702 734 42 36, +7 707 134 25 20, +7 7252 97 53 43

  • Жарияланған материалдарды көшіріп басу үшін редакциядан ресми рұқсат алу шарт.
  • Кейбір суреттердің ғаламтордан алынуына байланысты олардың мазмұнына, сапасына редакция жауап бермейді.
  • Медиация
  • Ақпарат
  • Қоғам
  • Заң және заман
  • Сауалнама
  • Әдебиет
  • Мәдениет
  • Дала даналығы
  • Вебинар
  • Марапат
  • Мәміле
  • Отбасы психологиясы
  • Республика
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.