Оңтүстікте татулығы үлгі болатын Түркістан облысының Оранғай ауылы. Оранғай ауылы бірнеше ұлттан құралған жайлы қоныс. Үш елді мекенде 8500 мың халық орналасқан. Ауыл тұрғындары бәрі бір-бірімен тату, бір шаңырақтың тумасындай. Ауыл тұрғындарының татулығы үлгі боларлықтай. Ішінара болып жататын азды-көпті түсініспеу-шіліктер қазақы дәстүрменен, өзара келісіммен шешімін табады.
Ауыл имамы Абдумуталип қажы Насировтың айтуынша ағайын арасындағы түсініспеушілік, отбасылық даулар, сыртқа шықпайды.
— Ауыл әкімі, имам, бітімгер, қоғам белсенділерінен құралған арнайы тобымыз бар. Қандай істе де ортаға салып шешеміз. Жастарымыз да тәртіпке үйренген, – дейді Абдумуталип қажы.
Ауылдың бірлігі мен татулығына атсалысып жүрген Гүлнар Устемирова «сан ұлттардан құралған ауылымыздан береке кетпеген. Бұл қазақ дәстүрімен бітімгершілік саясатын дер кезінде пайдалана білгеніміздің жемісі» дейді.
Гүлнар «Медиация, құқық және психологиялық қолдау» ҚБ-нен семинар тренингтен өтіп, қоғамдық медиатор куәлігін иеленді. Оранғайға арнайы барған «Медиация, құқық және психологиялық қолдау» ҚБ төрайымы Нұрбала Оразқұлова куәлікті салтанатты түрде табыс етті.
Add A Comment