• Медиация
  • Ақпарат
  • Қоғам
  • Заң және заман
  • Сауалнама
  • Әдебиет
  • Мәдениет
  • Дала даналығы
  • Вебинар
  • Марапат
  • Мәміле
  • Отбасы психологиясы
  • Республика
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім
Facebook Twitter Instagram
Facebook Twitter Instagram
HALYQ MEDIATORY HALYQ MEDIATORY
Subscribe
  • Ақпарат
  • Медиация
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім
  • Қоғам
  • Әдебиет
  • Республика
  • Русский
HALYQ MEDIATORY HALYQ MEDIATORY
Home » Татуласудың тиімді тетіктері
Ақпарат

Татуласудың тиімді тетіктері

PressaBy Pressa12.05.2020Еш пікір жоқ2 Mins Read
Facebook Twitter LinkedIn Telegram Pinterest Tumblr Reddit WhatsApp Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Елде төтенше жағдай енгізілу салдарынан соттардың жұмысы онлайн форматқа көшкені жайлы бұдан бұрын да хабардар еткен болатынбыз.

Карантинге қарамастан істер қашықтықтан қаралып жатыр. Электронды түрде түсіп жатқан арыз-шағымдар саны да көбеймесе, азайған жоқ.

Әрине, бұл отандық сот жүйесіндегі инновациялық технологиялардың дамуы мен қарқынды қолдануының бірден-бір көрсеткіші болып табылады. Дей тұрғанымен, осы даулардың басым көпшілігі екі ауыз ақылға қонымды сөзбен бітімге келетін мәселелерден тұрады.

Ал, сотқа жүгіну тиімсіз, ұзақ, әрі айтарлықтай шығынмен ұштасатынын көпшілік қауым біле бермейді.

Болмашы дауға бола қақтығыс алаңынан шыққан тараптардың ара-қатынасына сызат түсері айдан анық.

Олай болса, шырмалған түйінді шешудің жолдарын шолып өтсек.

Заң шеңберінде дауларды шешудің баламалы тәсілдері ретінде медиативтік, партисипативтік және татуласу келісімдері қарастырылады. Татуластыру рәсімдерінің барлығы азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған.

Дау-дамайды медиация тәртібімен реттеу екі тараптың ерікті түрде медиатордың көмегіне жүгінуімен жүргізіліп, екі жақтың мүддесіне негізделген ортақ шешім қабылдануымен бекітіледі. Медиация тәртібімен іс қаралу барысында тараптар талап қоюдың нысаны мен негізін өзгертуге құқылы.

Партисипативтік рәсім екі тараптың адвокаттарының қатысуларымен тараптар арасындағы келіссөздер арқылы жүргізіледі.

Дауласушы тұлғалардың шарттары өзара келісілген азаматтық-құқықтық келісім-шарт жасасуы арқылы татуласу келісіміне келуге болады. Татуласу келісімге қол қойған тараптар талап қоюдың нысаны мен негізін өзгерте алмайды.

Сондай-ақ, республика соттарының сайттарында «Е-татуластыру» атты онлайн татуластыру қызметі де қолжетімді. Бұл дәл қазіргі уақытта таптырмас құрал.

Бір қуантары, кешірімділік пен кеңдік танытып, ортақ бітімге келіп жатқан адамдар да жоқ емес.

Мысалы, елорданың бірінші сатылы соттарында төтенше жағдай енгізілген кезеңде, яғни наурыз-сәуір айларында азаматтық дауларға қатысты 47 іс бойынша тараптар татуласу келісіміне келген (жыл басынан 147 іс).

239 іс бойынша дауласқан тараптар ортақ бітімге медиация тәртібі арқылы келген (жыл басынан 710 іс).

Бұдан бөлек, «Татуластыру орталығының» жұмысы да онлайн форматқа көшкенін тағы да еске салсақ. Орталықтың жұмысы дауларды сотқа дейін реттеуге бағытталған.

Төтенше жағдай кезінде Орталықтың медиаторлары, психолог пен адвокаттары халыққа қашықтықтан тегін құқықтық көмек көрсетеді.

Аталмыш тетіктер дауды ың-шыңсыз тез бітіруге, моральдық және материалдық ауыртпалықты, қоғам ішіндегі құқық бұзушылықтар мен жанжалды жағдайларды азайтуға мүмкіндік береді.

Демек, дүрдараздық пен қырғи-қабақтықты жойып, шырайлы жүз танытып, татуласуға жол ашайық.

Ботагөз Баянова,
 Нұр-Сұлтан қаласы сотының баспасөз хатшысы
Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
Previous ArticleНе время судиться, время мириться
Next Article «Отбасылық сот» жобасының нәтижесінде Шымкентте ажырасу азайды
Pressa

Related Posts

Салық төлеушінің тұрғылықты жері өзгерген жағдайда дербес шоттарын есепке алу, беру және жүргізу

10.10.2024

Келісіп пішкен тон келте болмас

13.11.2023

Медиация – татулық тірегі

05.08.2023
Add A Comment

Leave A Reply Cancel Reply

Halyq mediatory - Медиация, психолого-құқықтық кеңес, жарнама, қоғамдық ақпараттық республикалық басылым
Республикалық медиация, құқықтық, психологиялық, саяси, әлеуметтік басылым.

Мекен-жайымыз: ҚР Шымкент қ. Нұрсат м/а 126/37.
Байланыс телефондарымыз: +7 702 734 42 36, +7 707 134 25 20, +7 7252 97 53 43

  • Жарияланған материалдарды көшіріп басу үшін редакциядан ресми рұқсат алу шарт.
  • Кейбір суреттердің ғаламтордан алынуына байланысты олардың мазмұнына, сапасына редакция жауап бермейді.
  • Медиация
  • Ақпарат
  • Қоғам
  • Заң және заман
  • Сауалнама
  • Әдебиет
  • Мәдениет
  • Дала даналығы
  • Вебинар
  • Марапат
  • Мәміле
  • Отбасы психологиясы
  • Республика
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.