• Медиация
  • Ақпарат
  • Қоғам
  • Заң және заман
  • Сауалнама
  • Әдебиет
  • Мәдениет
  • Дала даналығы
  • Вебинар
  • Марапат
  • Мәміле
  • Отбасы психологиясы
  • Республика
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім
Facebook Twitter Instagram
Facebook Twitter Instagram
HALYQ MEDIATORY HALYQ MEDIATORY
Subscribe
  • Ақпарат
  • Медиация
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім
  • Қоғам
  • Әдебиет
  • Республика
  • Русский
HALYQ MEDIATORY HALYQ MEDIATORY
Home » Тәрбие нәрін тереңнен толға!
Отбасы психологиясы

Тәрбие нәрін тереңнен толға!

halyqmediatoryBy halyqmediatory02.04.2021Updated:14.07.2024Еш пікір жоқ2 Mins Read
Facebook Twitter LinkedIn Telegram Pinterest Tumblr Reddit WhatsApp Email
Тәрбие нәрін тереңнен толға!
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

(Ой салу)

Төрткүл дүниені тентіреткен жаһандану мешкейі адамзат баласының азғындануына тез тотығатын темірдей теңдікке ұмтылдырып, кедейшілік пен аш жалаңаштықты алға тартып, рухани дүниені тұншықтырып, жан жағын лайлап былықтырып бітті. Оған мысал, «Малым  – жанымның садақасы, жаным – арымның садақасы» дейтін атам қазақтың ұрпақтары, қазіргі күнде малы үшін жанында, тәнінде, арында «сауда сақал сипағанша» деп саудалауға көшті. Ақша үшін бауыр еті баласын сатса, тәнін өткізу үшін жастығын бұлдап баласын сасық шұңқырға тастаса, ары үшін арнайы ақы дәметсе, қазақ үшін бұдан асқан сор бар ма?! «Сорлы байғұсым ай, сорлап қалды» деген сөз басымызға сор болып енді жабысты. «Естімеген елде көп» демекші сорақы істер күн емес, сәт сайын өрттей өршіп барады. Оны іліп алып жер жаһанға жарамазандай жар салатын көгілдір терезелер сүйінші сұрап мәз мейрам. Сонда деймін-ау, «осыларын дұрыс болмады», –  деп билік басындағылардың біреуі айтсайшы. Керісінше ыстық майға су құйғандай көк түтінін көк аспанға күлше шашқандай одан бетер даурықтырды. Бір – бірінің сымсыз ұялы телефондары арқылы жүктеп, сіңбірінді сарқытындай салаңдатқан сыпсыңдарды смс-термен өзгелерге үлестірді. Осы сорақы жұмбақтың шешуін айтпады, мәжілістерінде қарамады. Біреуінің балтыры сыздап, басы ауырмады. Жаңылмайтын жаттанды жаңылтпаштарын айтып, сағызын шайнап отыра берді. Тек әлеуметтік байлықпен шектелген мүгедек қоғамның ертең сал болып қалатынын ойламады. Әл-Фараби бабамыз айтқандай «Тәрбиесіз берілген білім, адамзаттың қас жауы» деген өнегелі қасиетті сөзін естеріне түсіргісі келмеді. Алаштың алты арысын түгелдейтін Бекболат Тілеухан ағамыздай тектілікті ту ететін тіреулер сенаттан табылмай, күрделі кірбің мәселелер жабылмай, жаман әдеттерден арылтуға ат салысатын ағайындар күнделікті естіген үйреншікті әдеттердей «ә» деп қоя салды. Менің көңілімді күпті еткен ойлар осылар еді. Осы мәңгүрт сезімдер ұлы дала елінің ұрпақтарының түбіне жетпесе болғаны.  Оған себеп, бала тәрбиесіне байыппен қарайтындар ата-аналар, ата-әжелер азайып бара жатыр. Емірене отырып, ертегі айтатын әжелеріміздің кейбірі шашын қидырып, тырыстырып шалбар киіп ойнақтап билесе, аңыз – шежірелерді тереңнен тойлайтын ақсақалды аталарымыз кейбірі атын даулап, карта ойнап, шарабын ішіп шалқиып, көшеде ұйықтап тәңкиіп, меңіреудей мәңкиіп, боғауыз былапыттарын баттитып, сақалын саптитып саудалауға құмар. Кейбір тәлім-тәрбие беретін әке-шешелерге өзінің туған баласына тәрбие беру мәселесін көтерсең, «Домбырам не дейді, мен не деймін» кейпіне көшіп, тегіңді термелеп, басыңа өрмелеп, мініңді тінтіп, кемшілігіңді күйттеп кетеді. Жауабын түсінген тәрбиені тереңінен қозғайтын зайырлылардың сарқыншақтары басын тау мен тасқа ұрудан басқа амалы қалмайды. Сандалған  сансыз сұрақтар санамды сансыратып бара жатыр. Бұдан шығатын жол барма, құрметті ағайындар не істесек болады!?

№2 Ш.Уалиханов атындағы ЖОМ-нің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж. Амангелдиев.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
Previous ArticleГүл емес, бала өсіріп жатырмыз
Next Article Бала бақыты отбасы татулығында
halyqmediatory

Related Posts

Бала бақыты отбасы татулығында

02.04.2021

Гүл емес, бала өсіріп жатырмыз

02.04.2021

Шымкент қаласы «Зорлық- зомбылықсыз 16 күн» республикалық акциясы аясында кездесу

03.12.2020
Add A Comment

Leave A Reply Cancel Reply

Halyq mediatory - Медиация, психолого-құқықтық кеңес, жарнама, қоғамдық ақпараттық республикалық басылым
Республикалық медиация, құқықтық, психологиялық, саяси, әлеуметтік басылым.

Мекен-жайымыз: ҚР Шымкент қ. Нұрсат м/а 126/37.
Байланыс телефондарымыз: +7 702 734 42 36, +7 707 134 25 20, +7 7252 97 53 43

  • Жарияланған материалдарды көшіріп басу үшін редакциядан ресми рұқсат алу шарт.
  • Кейбір суреттердің ғаламтордан алынуына байланысты олардың мазмұнына, сапасына редакция жауап бермейді.
  • Медиация
  • Ақпарат
  • Қоғам
  • Заң және заман
  • Сауалнама
  • Әдебиет
  • Мәдениет
  • Дала даналығы
  • Вебинар
  • Марапат
  • Мәміле
  • Отбасы психологиясы
  • Республика
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.