Пандемиямен күресудің қиын кезеңінде медиаторлар азаматтарға кәсіби көмек көрсетуді жалғастыруда. Медиацияны дамытуға Павлодар облысының Кәсіподақ орталығының «Татуласу орталығы» бітімгерлік орталығы зор үлес қосуда. Оның жетекшісі Марина Анатольевна Иванова сот жүйесінің ардагері, кәсіби медиатор.
Павлодар қалалық сотының орталықпен ынтымақтастығы 2018 жылы ҚР Жоғарғы Сотының «жария-құқықтық қатынастардан туындайтын еңбек даулары мен даулардың алдын алу» және «сотта, соттан тыс татуласу»пилоттық жобалары шеңберінде басталды.
Облыстық сот пен кәсіподақ орталығы арасында Меморандумға қол қойылды, онда өңірдегі соттардың орталық медиаторларымен өзара іс-қимылының мақсаттары мен міндеттері айқындалды. Іс бойынша тараптарға татуласу рәсімінен өту мүмкіндігі түсіндірілетін алгоритм әзірленді. «Татуласу орталығы» бітімгерлік орталығының ұсынған мәліметтері бойынша 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 31 наурызына дейін 467 адам құқықтық кеңес алған. Медиация туралы 12 келісім сотта және 63 келісім соттан тыс сотқа дейін жасалды. Ал төтенше жағдай кезінде 2020 жылдың 15 наурызынан бастап қазіргі уақытқа дейін «Татуласу орталығының» бітімгерлік орталығында 3466 азаматқа құқықтық кеңес берілген, сотта дау бойынша 8 медиация, сотқа дейінгі даулар бойынша 37 медиация онлайн түрде өткізілді.
Бұл статистика Павлодар облысы Кәсіподақ орталығының бітімгерлік орталығы төтенше жағдай кезінде де өз жұмысын тоқтатпағанын көрсетеді. Орталық штатық режимде жұмыс істейді, азаматтарға жедел желі бойынша кеңес беру ұйымдастырылды (телефон желісі 87053432412).
Сот пен орталықтың өзара іс-қимылы төленбеген жалақы, пайдаланылмаған демалыс үшін өтемақы, қызметкерлер штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылғандықтан өтемақы төлемдерін өндіріп алу туралы азаматтық істер бойынша бейбіт түрде шешудің көрнекі үлгісін көрсетеді. Кәсіподақтың бітімгерлік орталығының медиаторымен келіс сөздердің қорытындысы бойынша тараптар (шағын бизнес кәсіпорны және осы кәсіпорынның қызметкерлері) берешекті төлеу мөлшері мен мерзімін анықтайды.
Б.Жаманбаев, Павлодар қалалық сотының төрағасы