• Медиация
  • Ақпарат
  • Қоғам
  • Заң және заман
  • Сауалнама
  • Әдебиет
  • Мәдениет
  • Дала даналығы
  • Вебинар
  • Марапат
  • Мәміле
  • Отбасы психологиясы
  • Республика
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім
Facebook Twitter Instagram
Facebook Twitter Instagram
HALYQ MEDIATORY HALYQ MEDIATORY
Subscribe
  • Ақпарат
  • Медиация
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім
  • Қоғам
  • Әдебиет
  • Республика
  • Русский
HALYQ MEDIATORY HALYQ MEDIATORY
Home » СОТТАРДА ЦИФРЛЫ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР БЕЛСЕНДІ ҚОЛДАНЫЛУДА
Ақпарат

СОТТАРДА ЦИФРЛЫ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР БЕЛСЕНДІ ҚОЛДАНЫЛУДА

PressaBy Pressa30.04.2020Updated:03.04.2021Еш пікір жоқ2 Mins Read
Facebook Twitter LinkedIn Telegram Pinterest Tumblr Reddit WhatsApp Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Жоғарғы Сот Төрағасының 2018 жылғы 10 қаңтардағы Өкімімен бекітілген 7 басым жобаның қатарында сот жүйесін цифрландыруға бағытталған SMART-сот (Е-сот) жобасы да болды. Осы жобаға сәйкес Республика соттарын цифрландыру мақсатында Жоғарғы Сот Аппараты басшысының бастамасымен сот жүйесінің ІТ-қызметтерін жоғары деңгейге жеткізу бағытында бірқатар жобалар іске асырылып, электрондық сот төрелігінің базалық компоненттері құрылды. Бұл жөнінде, 2018 жылы 28 қыркүйекте ЖС-та Парламент депутаттарының қатысуымен өткен «Соттар мен құқық қорғау органдарын цифрландыруды құқықтық қамтамасыз ету» тақырыбындағы жиында ЖС Төрағасы Ж.Асанов: «Сот төрелігінің жеті түйіні» шеңберіндегі SMART-сот бағдарламасы сәтті іске асырылуда. Цифрландыру үрдіс емес, бұл – күнделікті қалыпты жағдай. Қазір Интернет арқылы 6,5 млн. сот актісі қолжетімді. Азаматтық талап арыздардың 91% электронды түрде келіп түсуде. «Сот кабинеті» сервисін тұтынушылардың саны 272 мың адамға жетті», – деген болатын. Соңғы екі жылда Шымкент қаласы бойынша Соттар әкімшісі мен жергілікті сот төрағаларының ұйымдастыруымен сот ғимараттарында тоқсан сайын цифрлы заманауи ақпараттық технологияларды таныстыру мақсатында семинарлар, «дөңгелек үстел» мәжілістері және пресс-турлар өткізіліп тұрды. Оған студенттер мен түрлі ұйымдардың өкілдері қатысып, сот жүйесінің жаңа электронды сервистерімен танысты, бұл жөнінде БАҚ-та жазылып, көрсетілді. Осылайша, жергілікті соттар xалыққа талап қою арыздарын электронды түрде беру, кез келген жерден сот ғимаратына келмей-ақ сот процесіне смартфон арқылы skypе, БКБ, TrueConf т.б. ақпараттық теxнологиялардың көмегімен қатысуға болатынын ай сайын түсіндіріп, насиxаттады. Біз, әрине, ол кезде елімізде 2020 жылы «COVID-19» атты қауіпті індеттің тарап, оның сот процесіне қатысушыларға қиындық туғызатынын білген жоқпыз. Дегенмен, қалалық, аудандық және мамандандырылған соттар тарапынан ақпараттық технологияларды белсенді қолдану арқылы сотқа қашықтықтан қатысуға болатыны туралы атқарылған жұмыстың нәтижесін бүгінгі күні сезініп отырмыз. Үстіміздегі жылдың 16-наурызынан бастап, республика соттары төтенше жағдай режимінде жұмыс істеуде. Міне, карантин кезінде бір айдан бері адвокат-тар, тараптар, тағы басқалар жергілікті соттарда өтіп жатқан сот процестеріне ақпараттық теxнологиялардың көмегімен яғни, Онлайн арқылы қашықтан қатысуда. Осылай олар уақыт пен жол шығынын үнемдеп отыр. Осы ретте, аудандық және қалалық соттардың мәжіліс залдары 100 пайыз дыбыс-бейнежазба тіркеу (АБТ) құрылғысымен жабдықталғанын айтып өткім келеді.

Қабыл ДҮЙСЕНБИ,
Шымкент қалалық сотының баспасөз хатшысы
Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
Previous ArticleТілім барда айтылар сыр ойдағы…
Next Article Зорлық-зомбылыққа жол жоқ !
Pressa

Related Posts

Салық төлеушінің тұрғылықты жері өзгерген жағдайда дербес шоттарын есепке алу, беру және жүргізу

10.10.2024

Алғыс хаттар тапсырды

12.09.2022

Зияткерлік меншік және оны қорғау жолдары

22.02.2022
Add A Comment

Leave A Reply Cancel Reply

Halyq mediatory - Медиация, психолого-құқықтық кеңес, жарнама, қоғамдық ақпараттық республикалық басылым
Республикалық медиация, құқықтық, психологиялық, саяси, әлеуметтік басылым.

Мекен-жайымыз: ҚР Шымкент қ. Нұрсат м/а 126/37.
Байланыс телефондарымыз: +7 702 734 42 36, +7 707 134 25 20, +7 7252 97 53 43

  • Жарияланған материалдарды көшіріп басу үшін редакциядан ресми рұқсат алу шарт.
  • Кейбір суреттердің ғаламтордан алынуына байланысты олардың мазмұнына, сапасына редакция жауап бермейді.
  • Медиация
  • Ақпарат
  • Қоғам
  • Заң және заман
  • Сауалнама
  • Әдебиет
  • Мәдениет
  • Дала даналығы
  • Вебинар
  • Марапат
  • Мәміле
  • Отбасы психологиясы
  • Республика
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.