• Медиация
  • Ақпарат
  • Қоғам
  • Заң және заман
  • Сауалнама
  • Әдебиет
  • Мәдениет
  • Дала даналығы
  • Вебинар
  • Марапат
  • Мәміле
  • Отбасы психологиясы
  • Республика
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім
Facebook Twitter Instagram
Facebook Twitter Instagram
HALYQ MEDIATORY HALYQ MEDIATORY
Subscribe
  • Ақпарат
  • Медиация
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім
  • Қоғам
  • Әдебиет
  • Республика
  • Русский
HALYQ MEDIATORY HALYQ MEDIATORY
Home » Сот қызметкерлері болашақ заңгерлерге Мәртөбеде жолдау жазып қалдырды
Ақпарат

Сот қызметкерлері болашақ заңгерлерге Мәртөбеде жолдау жазып қалдырды

PressaBy Pressa31.10.2020Еш пікір жоқ2 Mins Read
Facebook Twitter LinkedIn Telegram Pinterest Tumblr Reddit WhatsApp Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Бүгін Шымкент қалалық сотының ұйымдастыруымен қала аумағында орналасқан Сайрам ауылының жанындағы Тәуке ханның «Жеті жарғысы» қабылданған «МӘРТӨБЕ тарихи кешенінде» «Келер ұрпаққа жолдау» жазылған капсуланы салу шарасы өтті. Оған қалалық соттың төрағасы Е.Рахымбеков пен қала әкімі М.Әйтенов, қалалық мәслихаттың хатшысы, Билер кеңесінің мүшелері мен сот қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты.


Қалалық соттың алқа төрағасы Е.Жанғазин іс-шараны ашардағы кіріспе сөзінде: – Бүгінгі жиынның мақсаты, көне Сайрам маңындағы тарихи орын Мәртөбеде болашақ заңгерлерге арналып «Келер ұрпаққа жолдау» жазылған капсуланы салу рәсімін салтанатты жағдайда атқару, – деді.


Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов, шараның маңыздылығына тоқталып, Мәртөбе – ел тарихында айрықша мәнге ие тарихи орын. «Мәртөбе – елдігіміздің мәртебесін, бірлігіміздің берекесін айшықтаған жер. Бұл аумақта Дала Парламентінің келелі жиындары өтіп, маңызды шешімдер қабылданғанын айтып өтті.


Жиында сөз алған қалалық соттың жанындағы Билер кеңесі орталығының жетекшісі А.Елшібаев: «Ата заңымыздың қалыптасып, жетілуіне ықпал еткен Тәуке ханның «Жеті жарғысы» мәйегі мықты мемлекет құруға, оның құқықтық ережелері мен әдет-ғұрыптарын заңдастыруға айрықша үлес қосқанын және Билер сотының заман талабына сай дамып, ел билеудің өнегелі жолына айналғаны туралы жан-жақты айтып жеткізді.


Қалалық сотының Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Қ.Дүйсенби, сот қызметкерлерінің болашақ заңгерлерге арналған «Келер ұрпаққа жолдауында» жазылған: «Хандардың заманындағы аса маңызды Билер кеңесі Түркістанның жанындағы Битөбеде, Сайрамның маңындағы Мәртөбеде және Ташкент жақтағы Ангрен өзенінің бойындағы Күлтөбеде өткізілген. Жалпы Мәртөбені Күлтөбеден бөліп-жаруға болмайды. Бұл екі мәслихат төбе мәні жағынан ажырамас зор тарихи маңызға ие. Тәуке хан ел басқарған тұсында қазақтың атақты билерімен ақылдаса отырып, қазақтың әдет-ғұрып заңдарын, Билер сотының тәжірибелерін жинақтап, қолданыстағы заңдарды заман талабына сай жетілдіріп, «Жеті жарғыны» құрастырып, оған осы төбеде өзінің мөрін қойған.


Би-шешендеріміз қалдырып кеткен асыл мұраларын көздің қарашығындай сақтап, келер ұрпаққа жеткізу біздің перзенттік борышымыз! Қазақстанның сот жүйесін заман талабына сай жетілдіре беру, ол бүгінгі және болашақтағы білімді, тәрбиелі және озық ойлы жас ұрпаққа артылар абыройлы міндет!


Алдағы 30 жылда бүгінгі жас судьяларымыз бен ертеңгі парасатты ізбасарларымыз отандық сот жүйесін әлемнің озық елдерінің сот деңгейіне жеткізеді деп толық сенеміз!» – делінгені және т.б. туралы қатысушыларға баяндап берді.


Іс-шараның қорытындысы ретінде Е.Рахымбеков пен М.Әйтенов «Келер ұрпаққа жолдау» жазылған капсуланы арнайы орнатылған қондырғыға салып, оның үстін мрамор плитамен жапты. Сот қызметкерлері осылайша, Мәртөбені көпшілкке насихаттап, болашақ заңгерлерге жолдауды аманат етіп тапсырды.

Шымкент қалалық сотының баспасөз қызметі
Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
Previous ArticleАУЫЛ БИЛЕРІНЕ МЕДИАЦИЯНЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ ЖАЙЛЫ СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ
Next Article Медиацияның қоғамға келтірер пайдасы мол
Pressa

Related Posts

Салық төлеушінің тұрғылықты жері өзгерген жағдайда дербес шоттарын есепке алу, беру және жүргізу

10.10.2024

Алғыс хаттар тапсырды

12.09.2022

Зияткерлік меншік және оны қорғау жолдары

22.02.2022
Add A Comment

Leave A Reply Cancel Reply

Halyq mediatory - Медиация, психолого-құқықтық кеңес, жарнама, қоғамдық ақпараттық республикалық басылым
Республикалық медиация, құқықтық, психологиялық, саяси, әлеуметтік басылым.

Мекен-жайымыз: ҚР Шымкент қ. Нұрсат м/а 126/37.
Байланыс телефондарымыз: +7 702 734 42 36, +7 707 134 25 20, +7 7252 97 53 43

  • Жарияланған материалдарды көшіріп басу үшін редакциядан ресми рұқсат алу шарт.
  • Кейбір суреттердің ғаламтордан алынуына байланысты олардың мазмұнына, сапасына редакция жауап бермейді.
  • Медиация
  • Ақпарат
  • Қоғам
  • Заң және заман
  • Сауалнама
  • Әдебиет
  • Мәдениет
  • Дала даналығы
  • Вебинар
  • Марапат
  • Мәміле
  • Отбасы психологиясы
  • Республика
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.