• Медиация
  • Ақпарат
  • Қоғам
  • Заң және заман
  • Сауалнама
  • Әдебиет
  • Мәдениет
  • Дала даналығы
  • Вебинар
  • Марапат
  • Мәміле
  • Отбасы психологиясы
  • Республика
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім
Facebook Twitter Instagram
Facebook Twitter Instagram
HALYQ MEDIATORY HALYQ MEDIATORY
Subscribe
  • Ақпарат
  • Медиация
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім
  • Қоғам
  • Әдебиет
  • Республика
  • Русский
HALYQ MEDIATORY HALYQ MEDIATORY
Home » Шымкентте медиация мәселесіне көп көңіл бөлінуде
Ақпарат

Шымкентте медиация мәселесіне көп көңіл бөлінуде

PressaBy Pressa25.06.2020Еш пікір жоқ3 Mins Read
Facebook Twitter LinkedIn Telegram Pinterest Tumblr Reddit WhatsApp Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Екі жылдан бері Жоғарғы Соттың бастамасымен еліміздің жергілікті соттарында «Smart Сот» және «Татуласу: сотқа дейін, сотта» бағдарламалары жүйелі түрде жүзеге асуда. Солардың қатарында Шымкент қаласының Экономикалық сотында  электронды сот пен татуласу мәселесіне көп көңіл бөлінуде. Оған дәлел ретінде, мына мысалдарды келтіруге болады.

Елімізде биылғы наурыз айында жарияланған төтенше жағдайдан кейін, республика соттарының жұмыстары онлайн режимге көшкені белгілі. Осы жағдайда «Smart Сот» бағдарламасы бойынша өткен жылдары атқарылған жұмыс өз жемісін берді. Мысалы, қазіргі кезде Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық Экономикалық сотында қаралып жатқан азаматтық істердің барлығы да қашықтан онлайн арқылы өткізілуде. Әрине бұл қажетті шара, судьялар мен азаматтардың денсаулығын сақтауға бағытталған.                                                                                                      Осы ретте, қазіргі карантин жағдайында сотқа медиацияға келіп жатқан тараптар туралы айтсам деймін. Мәселен, Экономикалық сотта бір ЖШС-нің басқа мекемеге берешекті және тұрақсыздық айыбын өндіріп алу туралы талабы бойынша азаматтық іс қаралды. Бұрын серіктестіктер арасында қарыз шарты жасалған. Дау олардың бірі осы шартты орындамауынан туындаған. Қатысушы тараптар сот отырысына «Skype» қосымшасы арқылы қатысты. Мен істі қарау кезінде тараптарға дауды медиация тәртібімен реттеу құқығын түсіндіріп, оның артықшылықтары туралы айтып өттім. Осыдан кейін, тараптар татуласу жағын ойластырып, дауды медиация тәртібімен реттеу туралы өзара тиімді шарт жасасу арқылы келісімге қол қойды. Мен бұл дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекітіп бердім. Соған сәйкес, бұл бойынша іс жүргізу тоқтатылды және ЖШС-ке сотқа төлеген мемлекеттік бажы кері қайтарылып берілді.

Осыған ұқсас, Беларус Республикасы мен Қазақстанның  серіктестер  арасындағы қарыз соммасын өндіру бойынша дау медиация рәсімдерін қолдана отырып шешілген болатын. Айта кететін жайт, бір тарап медиацияға келуді қаламаған, оның себебін қарыз төлеудің мерзімі тым созылып кетеді деп ойлаған. Бірақ, судья медиацияның тиімділігін түсіндірген соң, тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы өзара тиімді шарт жасасып, келісімге келген. Осылайша, олар бір-біріне деген әріптестік қарым-қатынасын да сақтап қалды. Қазіргі кезде осылай қашықтан шет ел азаматтары сотқа қатысып, медиация арқылы дауды сәтті шеше алады. Мұндай шара, судьялар мен азаматтарды індеттен сақтануына оң әсерін тигізетіні анық. Бүгінгі таңда, техникалық және құқықтық мүмкіндіктерді пайдалана отырып, кейбір даулы мәселелер медиациялық жолмен, яғни бейбіт келісіммен шешілуде. 

Жақында Шымкент қаласының Экономикалық сотына бір ЖШС екінші ЖШС-дан 35 437 500 теңге берешекті өндіріп алу туралы талап арызбен жүгінген болатын. Серіктестіктер арасында бұрын жеткізілім шарты жасалып, талап қоюшы шарт бойынша өз міндеттемесін толығымен орындаған, ал жауапкер тауардың сомасын уақтылы әрі толығымен төлемей, өзінің міндеттемесін орындамаған екен. Қашықтан өткен сот отырысы барысында, тараптарға медиацияның тиімді тұстарын түсіндірдім. Нәтижесінде, тараптар арасында дауды медиация тәртібімен реттеу жөнінде келісім түзілді. Келісім шарттары бойынша жауапкер қарыз сомасын толық көлемде төлеуге міндеттелген, ал талапкер өзінің талаптарынан бас тартқан. Сот татуласу келісімін бекітіп берді. Сот шешіміне сәйкес, біріншіден, бұл бойынша іс жүргізу тоқтатылды. Ал екіншіден, талапкерге төлеген мемлекеттік баж салығы қайтарылды.

Жоғарыдағы мысалдардың негізгінде, медиация – дауды бітімгершілікпен шешудің тиімді жолы десем, оған ешкім де қарсы пікір айта қоймас!

Серік  КӘРІМ, 
Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы.
Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
Previous Article«Отбасылық сот» жобасы аясында отбасы және балалық шақты қорғау мәселелеріндегі жергілікті әлеуметтік мекемелердің ролі»
Next Article «Сақтансаң, сақтаймын !» дегенді есте ұстап, сақ болайық ағайын !
Pressa

Related Posts

Салық төлеушінің тұрғылықты жері өзгерген жағдайда дербес шоттарын есепке алу, беру және жүргізу

10.10.2024

Келісіп пішкен тон келте болмас

13.11.2023

Медиация – татулық тірегі

05.08.2023
Add A Comment

Leave A Reply Cancel Reply

Halyq mediatory - Медиация, психолого-құқықтық кеңес, жарнама, қоғамдық ақпараттық республикалық басылым
Республикалық медиация, құқықтық, психологиялық, саяси, әлеуметтік басылым.

Мекен-жайымыз: ҚР Шымкент қ. Нұрсат м/а 126/37.
Байланыс телефондарымыз: +7 702 734 42 36, +7 707 134 25 20, +7 7252 97 53 43

  • Жарияланған материалдарды көшіріп басу үшін редакциядан ресми рұқсат алу шарт.
  • Кейбір суреттердің ғаламтордан алынуына байланысты олардың мазмұнына, сапасына редакция жауап бермейді.
  • Медиация
  • Ақпарат
  • Қоғам
  • Заң және заман
  • Сауалнама
  • Әдебиет
  • Мәдениет
  • Дала даналығы
  • Вебинар
  • Марапат
  • Мәміле
  • Отбасы психологиясы
  • Республика
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.