Ағымдағы жылдың 25 қарашасы мен 10 желтоқсан аралығында республика аумағында «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы бастау алды. Аталған акцияның мақсаты – тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу, осы бағытта қабылданып жатқан шаралар туралы халықты хабардар ету, қоғамдағы отбасының рөлін нығайту мен құқықтық тәрбиені насихаттау мақсатында өрбіді.
Акция аясында Әл-Фараби ауданының Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция капитаны Айгүл Қалиеваның ұйымдастыруымен Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының бас маманы Л.Омарова, «Ана үйі» координаторы Қ.Тунтекова, «Сана-Сезім» құқықтық әйелдер бастамалары орталығының өкілі Э.Еникеева, «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін Самғау сенім» орталығының мамандары М.Шарипова, Ж.Смайлова, психолог М.Утенова, «Медиация, құқық және психологиялық қолдау орталығы» маманы Н.Оразкулованың қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел барысында «Зорлық–зомбылықсыз отбасы» тақырыбында бейне-роликтер көрсетілді. Сонымен қатар осы тақырыпта баяндамалар оқылып, талқылау мен пікір алмасу орын алды.
Аталған іс-шараларды өткізген Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби аудандық полиция басқармасы Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция капитаны А.Калиева ханымға туындаған сұрақтарыңыз болса (сенім телефон нөмері:) 8702-510-40-50 байланысқа шығуларыңызға болады.