• Медиация
  • Ақпарат
  • Қоғам
  • Заң және заман
  • Сауалнама
  • Әдебиет
  • Мәдениет
  • Дала даналығы
  • Вебинар
  • Марапат
  • Мәміле
  • Отбасы психологиясы
  • Республика
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім
Facebook Twitter Instagram
Facebook Twitter Instagram
HALYQ MEDIATORY HALYQ MEDIATORY
Subscribe
  • Ақпарат
  • Медиация
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім
  • Қоғам
  • Әдебиет
  • Республика
  • Русский
HALYQ MEDIATORY HALYQ MEDIATORY
Home » Шымкент қалалық сотында журналистер мен блогерлерге арналған пресс-тур өтті
Ақпарат

Шымкент қалалық сотында журналистер мен блогерлерге арналған пресс-тур өтті

halyqmediatoryBy halyqmediatory24.06.2021Updated:14.07.2024Еш пікір жоқ2 Mins Read
Facebook Twitter LinkedIn Telegram Pinterest Tumblr Reddit WhatsApp Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Шымкент қалалық сотының ұйымдастырумен жергілікті соттардың қызметін таныстыру мақсатында журналистер мен блогерлерге арналған пресс-тур өтті. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне алдымен сотқа кіреберістегі фронт кеңсенің жұмысы таныстырылды. Сотқа келушілерге қолайлы қызмет көрсету мақсатында жасалған фронт кеңсе заманауи стандарттарға сәйкес жарақтандырылған. Мұнда медиаторларға, адвокаттар мен прокурорға іс материалдарымен танысуына арналған кабинеттер бар.

Шымкент қаласы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы Берік Мейірханов сот жүйесінде қолданысқа енгізілген электрондық-ақпараттық технологиялар мен сервистердің қалалық сотта қалай жұмыс істейтінін көрсетіп, сот мәжіліс залдарын аралатып шықты.

Сот процесін бастан-аяқ аудио-бейнетіркеуге түсіретін АБТ-ның жұмыс барысын таныстырды. Сонымен қатар, сотқа қалай электронды өтініш беріп, сот процесіне қашықтықтан қалай қатысуға және сотқа келмей-ақ сот актісін қалай алуға болатынын, тағы басқа да жаңа технологиялардың мүмкіндіктері іс жүзінде көрсетілді.

Қалалық соттағы «Қабылдау орталығында» басшылардың азаматтарды қабылдап, ашық жағдайда әңгімелесуге ыңғай-ластырылған. Сотқа келген азаматтарға қолайлы жағдай жасау мақсатында жаңа орталық сот ғимаратының бірінші қабатында кірген жерде фойеде орналасқан. Мұнда алдын ала жазылу бойынша, белгіленген уақытта, сот төрағасы, азаматтық және қылмыстық істер жөніндегі сот алқаларының төрағалары, Соттар әкімшісінің басшысы және тағы басқалар азаматтарды қабылдайды.

Одан кейін, қонақтарға сот жүйесінің қалыптасу, даму жолы туралы мағұламаттар және сот саласында қызмет атқарған танымал тұлғалар жөнінде деректер қоры жиналған мұражаймен және кітапхана жұмысымен бөлім басшысы Қабыл Дүйсенби таныстырып өтті.

Пресс-тур «Ақпарат орталығында» жалғасып, қалалық соттың алқа төрағасы Ербол Жанғазин, БАҚ-пен өзара іс-қимылды үйлестіруші судьялары Самат Мырзахметов пен Виталий Мирошников және Берік Мейірханов сот пен қоғамның коммуникациялық мәселелері жөнінде ақпарат берді.

Іс-шара соңында, журналистер мен сот қызметкерлері соттағы «Еркін аймақ» алаңында өзара пікір алмасып, ойларын ортаға салды.

Шымкент қалалық сотының баспасөз қызметі

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
Previous Article1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні!
Next Article Ембі қаласында медиаторлар жергілікті тұрғындармен кездесті
halyqmediatory

Related Posts

Салық төлеушінің тұрғылықты жері өзгерген жағдайда дербес шоттарын есепке алу, беру және жүргізу

10.10.2024

Алғыс хаттар тапсырды

12.09.2022

Зияткерлік меншік және оны қорғау жолдары

22.02.2022
Add A Comment

Leave A Reply Cancel Reply

Halyq mediatory - Медиация, психолого-құқықтық кеңес, жарнама, қоғамдық ақпараттық республикалық басылым
Республикалық медиация, құқықтық, психологиялық, саяси, әлеуметтік басылым.

Мекен-жайымыз: ҚР Шымкент қ. Нұрсат м/а 126/37.
Байланыс телефондарымыз: +7 702 734 42 36, +7 707 134 25 20, +7 7252 97 53 43

  • Жарияланған материалдарды көшіріп басу үшін редакциядан ресми рұқсат алу шарт.
  • Кейбір суреттердің ғаламтордан алынуына байланысты олардың мазмұнына, сапасына редакция жауап бермейді.
  • Медиация
  • Ақпарат
  • Қоғам
  • Заң және заман
  • Сауалнама
  • Әдебиет
  • Мәдениет
  • Дала даналығы
  • Вебинар
  • Марапат
  • Мәміле
  • Отбасы психологиясы
  • Республика
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.