Шымкент қалалық соты-ның төрағасы Е.Рахымбеков жиынды ашып: «Абай Құнанбайұлының 175 жыл-дығына орай, аудандық, қа-лалық соттарда 6 ауқымды шара өткізу көзделген. Мұ-ның барлығы сот қызметкерлерінің ой-өрісін кеңей-тіп, рухани жаңғыру мақса-тында ұйымдастырылады. Президент Қ.Тоқаевтың «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында ұлы ақынның шығар-малары бүгінде өзектілігін жоғалтқан жоқ. Абайдың ой-тұжырымдары қашанда рухани азық бола алады. Бүгінгі шараға абайтанушы ғалымдар, зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, сот қызметкерлері, билер кеңе-сінің мүшелері және бұқа-ралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысып от-ыр» – деді.
Абайтанушы ғалым, фи-лология ғылымдарының кандидаты, М.Әуезов атын-дағы ОҚМУ-дің доценті М.Әліпханұлы «Ұлы Абай-дың мұрасы – халықтың рухани қазынасы» тақырыбында баяндама жасап, Абайдың адамгершілік жә-не «Толық адам» идеяларын түсіндіріп берді. Қалалық соттың алқа төрағасы М.Парменов пен Әл-Фара-би аудандық сотының судь-ясы Р.Жұмаділова «Абай жазған «Қарамола» Ереже-сі» – рухани құндылық» және «Абайдың дауларға қатысты бітім-биліктері» тақырыптарына жан-жақты тоқталып, Абай – әділ би-ліктің үлгісі деп, кейбір тың пікірлерді айтып, тыңдармандарға ой салды. Алқа төрағасы Мұхтар Абайұлы өзінің баяндамасында, ХIХ ғасыр – қазақ тарихындағы ауыр кезең болды. Әсіресе, бұл ғасырдың екінші жар-тысында патша үкіметінің басқару жүйесінде елеулі өзгерістер орын алып, отар-лау саясаты тамырын кең жайды. Оның үстіне айна-ладағы тар қыспақ, темір бұғау қазақтардың еңсесін көтермей, патша үкіметі билер сотын таратуды бас-тады. Осы тұста 1885 жылы қазақ ойшылы Абай Құнан-байұлы Қарамола ережесін жазды. Өткен тарихта ата-баба дәстүрін жетік білген, даланың жазылған, жазыл-маған заңдарын екшеп сұ-рыптап, кәдеге жаратқан Абай: «Бұл билік деген біздің қазақ ішінде әрбір сайланған кісінің қолынан келмейді. Бұған бұрынғы «Қасым ханның қасқа жо-лын», «Есім ханның ескі жолын», Әз Тауке Ханның «Жеті жарғысын» білмек керек», – деп билікке келген азаматтардың көп оқып, көкейіне түйгені мол адам болу керектігін талап етті. Абай бұл ережеде дала заңдарының принциптерін барынша кіргізіп, патшалық Ресей заңдарынан қаш-қақтады. Ереженің 10-нан астам бабы қылмыстық құ-қық пен жазаға арналды. Оның ішінде ұрыс-төбелес, ұрлықты қайта жасау, адам денесіне зақым келтіру, зардап шегушілерге көмек көрсету мәселелері қарас-тырылды. Заң жобасында демографиялық тұрғыдан алынған әйел теңдігі, әйел бостандығы жайында сол кезде ешбір ресми заңда жоқ жаңа, озат қағидалар алынып, жер дауы, жесір дауы, мал дауы, мұрагерлік, барымта, ұрлық туралы қатал, әділ баптар қабылданған. Қарамола ережесі-нің бүгінгі қолданыстағы заңдарымен үндесуі де осыған байланысты екенді-гін айтты.
Осылайша, Шымкенттің судьялары жұртшылыққа Абайдың өз заманында төбе би болып, «Қарамола» Ере-жесін жазып, ел басқарудың ауыр жүгін көтерген заңгер ретінде, тағы бір қырынан танытты.
ОҚМПУ-дың 1- про-ректоры, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Б.Исабек «Абай – ұлы ой-шыл және ағартушы» тақы-рыбында сөз қозғап, рухани мәдениетті дамытудағы Абайдың ағартушылық рө-ліне тереңінен тоқталып өтті.
Шара барысында, Қазақ-станның еңбек сіңірген әр-тісі Қ.Шойынбай Абайдың әндерін шырқаса, актер Е.Шымырқұлов ақынның рөліне еніп, ақынның қара сөздерін мәнерлеп айтып жеткізді.
Пікір алмасуда, еңбек ардагері А.Құрманбаев сөз алып, – бүгін, мен Абайдың ақын ғана емес, сонымен қатар, ел ішіндегі дау-жан-жалды әділ шешетін төбе би болған және дау-дамайды қарағанда қарапайым ха-лықты қорғаған қоғам қай-раткері екендігіне көзім жетті – деп ризашылығын білдірді. Ал, Абай аудандық Ардагерлер кеңесінің төра-ғасы Ұ.Башенов өз сөзінде, «Абай жылы – бұл қоғамдағы құндылықтар жүйесін қалыптастыру кезеңі. Ол патриоттық сезімге, әділ-дікке, білімділікке және өз-өзімен үнемі жұмыс істеуге негізделген. Абайдың би және заң шығарушы ретін-дегі еңбектері жөнінде тың-дап, қалалық сотта өтіп жатқан ерекше форматтағы шараның жаңашылдығы мен маңыздылығын атап айтқым келеді.» – деді.
Жиын соңында М.Парменов: «Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев айтқандай: «Біз егемен ел ретінде өсіп өр-кендеуіміз үшін мемлекеттілігімізді нығайтуымыз керек. Заң үстемдігін және қоғамдық тәртіпті сақтауымыз қажет. Осы ретте тағы да Абайдың мұрасына зейін қойған абзал.» – деген сөзін басшылыққа алып, Абайды оқып-білуге және дәріптеуге арналған шараларымызды жыл бойы жалғастыра береміз» – деп, іс-шараны қорытты.
Add A Comment