Рухани жаңғыруда заман талабына сай жаңғырып келеді. Рух деген нақты мән-мағына-сы беймәлімдеу, жұмбақтау ұғым. Бұл сөзді жиі айтамыз, өз ойымызды танытуда оқтын -оқтын қолданамыз, бірақ оның нендей нәрсе екенін айқын білмейміз. Білетініміз, адам баласының шын қасиетін танытып, абыройын арттыратын – осы руханилық екені. Ен-деше ол не нәрсе, нендей құбылыс? Сірә, адамның тәні, материалдық жаратылысынан бөлек қасиеттік жағы болса керек. Қазақта «қасиетсіз» деген қаһарлы ауыр қарғыс бар, мұндай қарғысты кісі әбден күңіреніп күйіп кеткенде айтады. Қасиет біздің білуім-ізше, әр нәрсенің өзіндік болмысын танытады, қасиетіне қарап әр нәрсенің өзін тани-мыз. Демек қасиеттен айырылу – өзіндік болмысынан көз жазып қалу болып шығады-ау. Ал адам қай кезде мұндай қасіретті халге тап болады? Әрине қасиетінен айрылған-да. Ал адамның қасиеті не десек, ол – ақылы мен адамгершілік қасиеттері. Бұлар – адамның рухани жағы, адами болмысы.
Мұндай құбылысты қалай бағалаймыз, қай нәрсесіне қарап оған құрмет танытамыз? Байқасақ, бүгінде бәсеке басым, байлық пен мансап бағалы. Ал ақылды, білімді кісі-лерді көпшілік қауым байлар мен бастықтарды көріп құрақ ұшқандай қадірлемейді. Бұл әрине ащы ақиқат. Мекемелерде я отбасы, тойларда болсын, көпшілік назары ә деген-де байлар мен мансаптыларға ауады. Әрине байлық пен мансап та ақылсыз, қабілетсіз, әрекетсіз келе қоймайды. Оның үстіне ақылмен, біліммен, адал еңбекпен табылған байлық пен қызмет өз иесін адамшылық абыройлы қалпынан айырмайды, қайта абы-ройына абырой қосады. Адамшылығы артық жандар қызметі мен байлығын ел игілігі мен ізгілігіне, жақсылыққа жұмсайды. Мұндай кісілерді көргенде көзің де, көңілің де сүйсініп, қуанып қаласыз. Ал мансабы мен байлығы кісілігін көтеріп, адамдығын арт-тырмай, керісінше иесін маңғаз, марғау, кісәпір көкірек етер болса, ондайды көріп жүні жұлынған тауықтай жүнжіп, кейіп қаласыз. Сонда кісінің көңілін көтеріп, мерейін өсіре-тін – адамшылық қасиет пен кісілік, кішіпейілділік екен де, құтын қашырып кісәпір ет-етін – өзегі мен мәнінен тыс байлығы мен мансабына сеніп қалсаң, қайырымсыз, қаси-етсіз болуы екен.
Қазақта ақиқатты танытар бір жақсы, асыл сөз бар: «Арпа, бидай ас екен, алтын, күміс тас екен» деген. Рас, адам баласының ең әуелі арпа, бидайды ас етіп тоқтықта тірі жүргені керек. Алтын, күмісті тағынып жарқырап жүру аман-есен тірі жүргенде бола беретін кейінгі жағдай. Бірақ екеуі де өмірдің мәні мен адамның абыройы емес, өмір, тіршілікте адам қолданатын құралдар мен қажеттіліктер ғана. Арпа, бидай, қазы-қарта, жал-жаяны ас етіп ішіп-жеу де, алтын, күміс тағынып, қымбат көлік мініп, басым бөлігі бос тұратын зәулім сарайда тұру да әсте мақсат емес, адам болып өмір сүруге жеткізе-тін жағдай мен баспалдақ басқыштары ғана. Қазақ деген ғажайып дана халық қой. Айтқан сөздерінде тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін ғана нысанаға дәл тигізіп жеткізеді. Қазақтың мына ғажап сөзінен халқымыздың бүкіл болмысы мен қасиетін, мақсаты мен ұстанымын тануға болады, сөзіне ой жүгіртіп өзіне бас иіп сүйсінесіз: «Малым – жанымның садағасы, жаным – арымның садағасы». Мұндай дана, дара ойды қай халық айта алған. Қазақ үшін басты мақсат, өмір мәні, абырой шыңы – ар екен, адамшылық екен. Ал малы мен дүние-байлығы – тіршілігі үшін, тіршілігі – ары үшін екен. Бүгінгі таңдағы рухани жаңғырудың басты міндеті – осы ұстанымды санаға сіңіру, адамдар діліне дарыту. Рухани жаңғыру қай қоғам, қай заманда да өзекті, маңызды. Тоқсаныншы жылдары халықтың тұрмыс жағдайы мен әл-ауқаты әзжуаз, төмен болды. Екі кезең, түрлі заманның ауысқан өлі-ара шағы болды. Нарық экономикасының жүй-есіне ауысқан алғашқы шақта халық пен мемлекет мүлкін қомағайлықпен иеленіп қа-луға деген ашқарақтық орын алды. Баяғы бір орталықтан басқарылып, Мәскеудің қас-қабағына қараған заман келмеске кетті. Ел экономикасы мен шаруашылығын тақырдан тартып, амалын тауып халық қамы жолында қалпына келтіріп көтеру қажет болды. Сананы тұрмыс билейді, халыққа ең әуелі қарапайым тіршіліктің кемкетігін түзеп қар-ынды тойдыру мен бала-шағаны асырау арман болды. Егемен ел болып тәуелсіздікке қол жеткізуіміз халыққа қанат бітіріп, тылсымнан тың қүш-қуат қосты. Бәрін де жаңа-дан бастауға тура келді. Тоқсаныншы жылдары тіршілік тұтқасын ұстап еңбек еткен буынмен бірге сол кезеңде туған ұрпақ та бүгінде жаңа заманның іргесін қалаушылар-дың қатарына қосылып келеді. Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттілігі мен экономикасы осы егемендік алған жылдарда негізі қаланып, қалыптасып, дамып, көз алдымызда қарқындап өсуде. Бүгінде халықтың қалыпты өмірі мен әл-ауқаты артқан тұрмыс-тіршілігі де тұрақтана бастаған жайы бар. Дүкендердің азық-түлік пен тұрмыс қажет-тіліктерінсіз қаңырап қалған жадау күйі мен жылусыз, жарықсыз жалақы ала алмай қалған күндер бірте-бірте өткен шақтың тарихына айналып барады. Рухани жаңғыруға көшкен кезеңге дейін осылайша мемлекеттіліктің іргесі мен ұстынын бекітіп, ел эконо-микасын халық игілігі жолында қарқынды дамыта түсу аса қажет болды. Енді міне екі жылдан бері кештеу болса да өз кезегімен рухани хал-жағдайымызды ойлайтын жар-қын заманға да қадам бастық.
Расында да, рухани жаңғыру жағдайындағы заман жарқын да нұрлы болмақ. Бұл – материядан санаға, дүние-байлықтан ділге, затшылдықтан адамшылыққа бағыт түзеп бет алған заман. Ақыл-ой, діл, адамшылық – адам болмысы мен өмірінің қасиетті де көрікті, жарық та жарқын жағы. Рух пен руханилық – осы ақыл-ой, діл, адамшылық ұғымдарымен тығыз байланысты.
Адамзат өмірі мен бақыты үшін барлық пен байлық, тұрмыс пен техниканың игілікті қызметін әсте жоққа шығармаймыз, олар қажет өміріміз, игілігіміз үшін, сөйтсе де бұлар – бақытты өмір мен абыройлы, адамгершілікті тұлғаға биіктеп жетудің құралы мен көмекшісі ғана. Қарнымыз тоқ, киіміміз бүтін, тұрмысымыз шалқып тұрса да, діл мен көңілдің шуағына еш нәрсе жетпейді. Адамдар өмірі мен қарым-қатынасы мейірім мен қайырымдылыққа толған сайын көркем, мәнді де сәнді бола түспек. Рухани жаңғыру біздерді асыл тегіміз бен бекзат болмысымызға бастайды. Жақсылыққа беталған жолы-мыз ұзағынан жалғасып, баянды болғай.
Елбасымыздың рухани жаңғыруға, руханиятқа, білім мен ғылымға маңыз беруі – үлкен көрегендік пен ұлттың алға ілгерілеуін жылдам қарқынмен жылжытатын қозғаушы күш. Бұл – тәуелсіз еліміздің бақытты болашағы мен алаңсыз келешегі үшін жасалып жатқан жұмыс. Өйткені, рухани байлықтың кемел болғаны бұл жеке азаматтарымыз үшін де, әрбір жеке тұлғадан құралған қоғам, туған еліміз үшін де өте маңызды. Елбасымыз бұл ретте, тұтас қоғамның және әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың нақты алты бағытына жеке-жеке тоқталады: Бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы, сананың ашықтығы. Аталмыш бағыттардың бәрі барынша өзектендірілген және уақыттың талаптарына нақ-ты жауап береді. «Мәңгілік ел» болуымыз үшін бізге ауадай қажетті қасиеттер мен құн-дылықтардың қайнары тоғысып, ақыл-парасаты толысқан, ғаламдық ғылымды игерген адамдар көп болса, еліміз өркениетті, бәсекеге қабілетті болатыны ақиқат. «Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабіле-тімен айқындалады. Сондықтан, әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек. Егер ғылыми тілмен айтар болсақ, рухани немесе ұжымдық сана дегеніміз – бұл ақиқатқа негізделген және оған ықпал ететін идеялар-дың, көзқарастардың, әлеуметтік сезімдердің, адамдардың дағдылары мен мінезінің жиынтығы. Қоғам жеке тұлғалардан тұрады, әр адамның дербес сана-сезімі бар, осы-ның негізінде қоғамдық сана қалыптастырылады.
Президент сананы жаңғырту туралы айта отырып, әрбір қазақстандықты қазіргі жыл-дам өзгеріске ұшырап жатқан заманда өзін-өзі дамытуға, жетілдіруге, өзін заманауи бәсекеге қабілетті адам ретінде қалыптастыруға шақырады.
К. Әбуов. Шымкент қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының кеңсе меңгерушісі.