• Медиация
  • Ақпарат
  • Қоғам
  • Заң және заман
  • Сауалнама
  • Әдебиет
  • Мәдениет
  • Дала даналығы
  • Вебинар
  • Марапат
  • Мәміле
  • Отбасы психологиясы
  • Республика
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім
Facebook Twitter Instagram
Facebook Twitter Instagram
HALYQ MEDIATORY HALYQ MEDIATORY
Subscribe
  • Ақпарат
  • Медиация
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім
  • Қоғам
  • Әдебиет
  • Республика
  • Русский
HALYQ MEDIATORY HALYQ MEDIATORY
Home » Қалалық соттың төрағасы әкімдермен кездесті
Ақпарат

Қалалық соттың төрағасы әкімдермен кездесті

halyqmediatoryBy halyqmediatory02.05.2021Updated:14.07.2024Еш пікір жоқ2 Mins Read
Facebook Twitter LinkedIn Telegram Pinterest Tumblr Reddit WhatsApp Email
Қалалық соттың төрағасы әкімдермен кездесті
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Шымкент қалалық сотында төраға Е.Рахымбековтің қатысуымен 2021 жылдың 1 шілдесінен қолданысқа енетін «Қазақстан Республикасының Əкімшілік рəсімдік-процестік кодексінің» негізгі ережелерін жергілікті атқару органдарының басшыларына түсіндіру мақсатында кездесу өтті. Оған қала, аудан əкімдері мен барлық басқарма басшылары жəне жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Жиынды төраға Е.Рахымбеков ашып: «Бұған дейін де қала, аудан əкімдері аппаратының жəне басқармаларының мамандарына арнайы семинар өткізіліп, оларға жаңа кодекстің ережелері жан-жақты түсіндірілген болатын. Бұл тақырып өзекті болғандықтан, қала жəне аудан əкімдіктерінің басшыларын шақырып отырмыз. Бүгінгі заман талабына сай əкімшілік əділет институтын қаламызда сапалы енгізу бəріміздің басты міндетіміз» – деді. Шымкент қалалық сотының судьясы Г.Қыдырбаева «Əкімшілік Əділетті құру мəселесіне» тоқталды. Кодекс күшіне енетін 1 шілдеден бастап елімізде, соның ішінде Шымкентте де, мамандандырылған Əкімшілік сот жұмысына кіріседі. Ал, қазіргі əкімшілік сот «Мамандандырылған əкімшілік құқық бұзушылық соты» болып атауы өзгеріп, бұрынғысынша жұмысын жалғастырады.

Əкімшілік сотта азаматтар, заңды тұлғалар мен мемлекеттік органдардың арасында туындаған жария-құқықтық даулар бойынша əкімшілік істерді қарайтын болады. Əкімшілік соттың өзге соттардан басты айырмашылығы – азаматтардың құқығын қорғауға баса мəн берілуінде жəне судьяның белсенді əрекет етуінде екендігін айтты. Шымкент қаласының мамандандырылған əкімшілік сотының судьясы А.Бекназаров Қазақстан Республикасының Əкімшілік рəсімдік-процестік кодексінің ерекшеліктері туралы тарқатып айтып, əрбір тарауына жеке тоқталып өтті.

Ал, Шымкент қаласының əл-Фараби аудандық сотының судьясы М.Қалмұрзаева баяндама жасап, əкімшілік істерді соттылығы бойынша жіктеудің талаптарын, сот процесіне қатысатын тараптардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіріп берді. Кездесуді қорыта келе, Е.Рахымбеков: – жаңа заң азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталғандықтан, оның нəтижелі болуы халықтың мемлекеттің атқарушы билігі мен сот жүйесіне деген сенімін арттыратын болады. Алдағы уақытта қалалық соттың ұйымдастырумен жаңа кодекстің ережелерін түсіндіру бойынша семинар маусым айына дейін жалғасады – деді төраға. Жиын соңында əкімдердің қойған сұрақтарына судьялар жауап берді.

Halyqmediatory ақпарат.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
Previous Article2021 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстан Республикасының  әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі қолданысқа енеді.
Next Article Жоғарғы Соттың онлайн алаңында медиацияны дамыту мәселелері талқыланды
halyqmediatory

Related Posts

Салық төлеушінің тұрғылықты жері өзгерген жағдайда дербес шоттарын есепке алу, беру және жүргізу

10.10.2024

Алғыс хаттар тапсырды

12.09.2022

Зияткерлік меншік және оны қорғау жолдары

22.02.2022
Add A Comment

Leave A Reply Cancel Reply

Halyq mediatory - Медиация, психолого-құқықтық кеңес, жарнама, қоғамдық ақпараттық республикалық басылым
Республикалық медиация, құқықтық, психологиялық, саяси, әлеуметтік басылым.

Мекен-жайымыз: ҚР Шымкент қ. Нұрсат м/а 126/37.
Байланыс телефондарымыз: +7 702 734 42 36, +7 707 134 25 20, +7 7252 97 53 43

  • Жарияланған материалдарды көшіріп басу үшін редакциядан ресми рұқсат алу шарт.
  • Кейбір суреттердің ғаламтордан алынуына байланысты олардың мазмұнына, сапасына редакция жауап бермейді.
  • Медиация
  • Ақпарат
  • Қоғам
  • Заң және заман
  • Сауалнама
  • Әдебиет
  • Мәдениет
  • Дала даналығы
  • Вебинар
  • Марапат
  • Мәміле
  • Отбасы психологиясы
  • Республика
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.