Қазақстан Республикасы ІІМ -нің 2020 ж 4 маусымдағы нұсқауына сәйкес Аль-Фараби полиция Басқармасының ұйымдастыруымен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы, мектептегі құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында, халықты ақпараттандыру, қоғамда отбасының ролін нығайту бойынша, Шымкент каласы «Ана үйі», «Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығы», «Медиация, құқық және психологиялық қолдау орталығының» мамандарының қатысуымен» дөнгелек үстел өткізілді.
ҚР ІІМ-нің 2020 жылғы 15-18 маусым аралығындағы арналған Операциялық жоспарына сәйкес, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы халықты ақпараттандыру,олардың полиция органдарына сенімін арттыру, қоғамда отбасының рөлін нығайту бойынша «ОТБАСЫНДАҒЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!» республикалық акциясын өткізіп дөңгелек үстел барысында жан-жақты тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы бойынша Шымкент ҚПД ЖПҚБ-мен атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесі қарастырылды.
Тұрмыстық зорлық-зомбылық күш көрсету, психологиялық, сексуалдық және экономикалық зорлық-зомбылық түрінде болуы мүмкін.
Зорлық-зомбылық профилактикасы жөніндегі шаралар Қазақстан Республикасының «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» 04.12.2009 жылғы Заңымен жүзеге асырылады.
Аталған Заңға сәйкес, Ішкі істер органдары тұрмыста зорлық-зомбылыққа ұшыраған жәбірленушінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында құқықбұзушыларға қатысты :
– профилактикалық әңгімелесу жүргізеді;
– тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамды ішкі істер органдарына жеткізеді;
– қорғау нұсқамасын шығарады;
– әкімшілік ұстауды жүргізеді;
-сот алдында тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған
адамның мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеу туралы өтініш жасайды.
– заңмен көзделген өзге де іс-шараларды жүзеге асырады.
Шымкент қаласы аумағында 2020 жылдың 5 айында әйелдерге қатысты тұрмыста жасалған құқық бұзушылықтар бойынша келіп түскен арыз-шағымдар -1302 (2019ж 1292.) Оның ішінде ҚР ӘҚБК-нің 73 бабы бойынша (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) – 38 (2019 ж.67) төмендеген.
Қала бойынша 2823 тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адам ішкі істер органдарына жеткізіліп, барлығына «қорғау нұсқамасы» шығарылды 449 (2019 ж.441). Оның ішінде, 20 тұлғаға әкімшілік қамау қолданылды. Қорғау нұсқамасын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБК-нің 461 бабымен -13 (2019 ж.9) тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұдан бөлек, құқық бұзушылық әрекеттерімен көзгетүскен және әкімшілік материалдарды сотқа жолдау кезінде Ішкі істер органының өтінішіне сәйкес, 26 тұлғаның мінез-құлқына сот арқылы ерекше талаптар белгіленді және профилактикалақ есепке алынды(2019ж.-25).
Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы бойынша атқарылған шаралардың нәтижесінде әйелдерге қатысты отбасы тұрмыста жасалған қылмыстар 2 (2019 ж. – 3) болып, яғни 1 қылмысқа төмендеген. Отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында
жасалған қылмыстардың түрлері бойынша талдау жасайтын болсақ, денсаулыққа қасақана орта дәрежедегі зақым келтіру (ҚР ҚК 107 б.) 1 қылмыс (2019 ж. – 3), басқа қылмыс 1(2019ж-10).
Жыл басынан тұрмыста жасалған қылмыстардың алдын алу мақсатында «Тұрмыс» атты мақсатты жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп тұрады сондай-ақ «Зорлық-зомбылықсыз отбасы», «Отбасындағы бейбітшілік» және «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акцияларды ұйымдастырылып отырылады.
2020 жылға арналған бірлескен іс-жоспарына сәйкес, «Сана Сезім» Әйелдер бастамаларының құқықтық орталығы», «Аналар үйі, Шымкент қаласы әкімдігінің „ Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін Самғау –сенім орталығы және тағы басқа үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп, семинар, дөңгелек үстел, жұмыс кездесу өткізіледі. Әйелдер құқығы, гендерлік зорлық-зомбылық, тұрмыстық зорлық-зомбылық, трафик туралы бұқаралық ақпарат құралдарында (теледидар, радио, басылымда), сонымен бірге халықтың арасында, оқу орындарында және еңбек ұжымдарда кең ақпараттық және профилактикалық жұмыс жүргізіледі.
Зорлық-зомбылыққа ұшырайтын әйелдердің көпшілігі оқымайтындар және жұмыс істемейтіндер 302, жалданып жұмыс істеушілер 228, жеке кәсіпкерлер 76, жоғары және орта арнаулы оқу орын оқитындар 34, жалпы білім беру мектептерінде оқитындар 6.
Зорлық-зомбылық күйеулерімен жасалғаны 19 (2019 ж. 16), бірге тұратындармен 6 (2019 ж. 5), жақын туыстарымен 25 (2019 ж. 10), адамдар тобымен 52(2019 ж. 54), белгісіз тұлғалармен 405 (2019 ж. 535), таныстарымен 101 (2019 ж. 81) жасалған.
Отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар саласындағы жасалынған құқық бұзушылықтарды ескерту және алдын алу жұмыстарын жетілдіру, сондай-ақ ішкі істер органдарының барлық қызметтерінде отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар саласындағы жасалынған қылмыстарды, әсіресе ауыр және өте ауыр түрлерін ескертудегі және алдын алудағы үйлестіру механизмі әрекет етуде.
Тұрмыстық жанжал кезінде денеге зақым келтірілгеннен кейін көбінесе жәбірленуші мен жәбірлеуші бір шаңырақта бірге тұруға мәжбүр болады. Деген
мен, құқық бұзушыны әкімшілік немесе қылмыстық жауапқа тартуға болады. Алайда проблема түйіні басқа нәрседе – көп жағдайда соққыға жығылып, қорлық көрген әйел өкпе-қапалығын ұмытып, жәбірлеушімен татуласып, өз арызынан бас тартып жатады. Әйелдерде балаларды қалай асыраймын, қай жерде тұрамын, қалай оқытамын деген мәселелер туындайды. Отбасыны сақтап қалу – біздің де мақсатымыз. Ал егерде ішкі істер органына арызданудан бас тартатын болса тығырықтан да шығатын жол бар. Ол, отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар саласындағы кикілжіңдер нәтижесінде өмірдің қиын жағдайына тап болған әйелдер мен балаларға мемлекеттік дағдарыс орталығын ашу. Қазіргі таңда, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбандарына көмек көрсету мақсатында, ІІО-ға арызданған және уақытша баспанасыз қалған азаматшалар балаларымен Шымкент қаласында ашылған «Ана үйі»-не жолданады немесе медициналық мекемелерге жайғастырылады және сол жақта белгілі уақыт тұрады.
Осыған байланысты, отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар саласындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарды жүзеге асыру мақсатында, Шымкент қаласы бойынша, отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар саласындағы кикілжіңдер нәтижесінде өмірдің қиын жағдайына тап болған әйелдер мен балаларға құқықтық, психологиялық, медициналық және консультациялық көмек беретін мемлекеттік дағдарыс орталығын ашу және оны баспанамен камтамасыз етуді қажет етеді.
Айта кетсем отан отбасыдан басталады, қазіргі жас буын жасөспірімдер өмірде алданбай зорлық-зомбылықсыз өмір сүрудің бір басты себебі Қазақстан Республикасының бақытты отбасыға, отбасылық өмірге дайындайтын мектеп кезінен пән ретінде оқытылса, жауапкершілікті сезінетін болашақта қателік жібермейтіндей, үлгілі отбасы, дені сау ұрпақтарды көбейтіп жастарды біліммен сана-сезіммен оқу әдістемелігі жарыққа шықса нұр үстіне нұр болар еді.
Профилактикалық жұмысты күшейтіп алдын-алу фактілерін алдағы уақытта жұмысты жандандырамыз.
Айгуль Калиева, Шымкент қ. Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының аға лейтенанты