Отбасы болғандықтан ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды. Кез келген келіспеушіліктер әр отбасында болуы мүмкін. Бірақ сол жанжалды ушықтырмай дер кезінде шешуге қол жеткізу жолдарын дамыту, бүгінгі күнде қай жиынның болса да басты тақырыбына айналып отыр. Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінде ерлі-зайыптыларға бала тәрбиелеуде теңдей міндет жүктейді. Өкініштісі, көптеген ата-ана бүгін осы жауапкершіліктің салмағын сезінбей жүр.
Отбасылық институтты әрі қарай жетілдіру мақсатында және некеге тұруды жоспарлаған жас жұптарға медиативтік тәсілдерді үйрету, отбасындағы дауларды медиация арқылы шешу секілді мәселелер бойынша Шымкент қаласы “SHANYRAQ» Отбасы институтын қолдау орталығында «Отбасы медиациясы» тақырыбында тренинг-семинарлар өткізіліп медиативтік тәсілдерді қолдану, қоғамдағы тұрақтылық кепілін ныйғайту бойынша пікір алысып, алдағы уақытта отбасылық дауларды алдын алу шараларын іске асыру, үгітнасихат жүргізу барысы талқылануда.
Қазір дау көбейді. Оған бірден бір себеп – меншік түрлерінің молаюы, нарықтық қатынастардың орнауы және халықтың құқықтық сауаты мен талабының артуы. Бүгінгі карантин кезіндегі жағдай даулардың көбеюіне себеп болуда. Азаматтар кез келген ұсақ-түйек даулармен сотқа жүгінетін болды.
Халық арасында жүргізілген сауалнама нәтижесі бойынша 20 адамның тек төртеуі ғана медиация туралы біледі екен. Өңірде медиация заңын түсіндіру мақсатында бірқатар іс-шаралар білім саласында да өткізіліп келеді.
1980 жылдардың басында АҚШ мектептерінде медиация қолдана бастады. Содан бері бұл әдіс кеңінен білім беру кеңістігінде әлемнің көптеген елдерінде сол немесе өзге де нысандарда қолданылады. Ресей мамандары тәжірибені жинақтап, ал Ресей өз кезегінде АҚШ, Ұлыбритания, Австрия, Германия және басқа елдердің тәжірибесін талдады және ресейлік білім берудің, отбасылық қатынастар мен әлеуметтік-мәдени жағдайлардың ерекшеліктерін ескеретін әдіс әзірленді. «Мектеп медиациясы» әдісі жұмысқа білім беру және тәрбиелеу процесінің барлық қатысушыларының қатысуына бағытталған.
Мектепте жиі әртүрлі түсінбеушілік, жанжал жағдайлар болып жатады, бірақ ересектер, әдетте, жанжал ашық түрге ауысқан кезде және мектепте тәртіп ережелерін, жарғыны, кейде құқық бұзушылықты бұзғанда көреді және сезіне бастайды. Мектеп – қоғамның бөлігі және оған әртүрлі бағыттағы қақтығыстар тән: оқушылар арасында, мұғалімдер мен оқушылар арасындағы, мұғалімдер мен ата-аналар. Қазіргі күні дамыған шет елдерінде әрбір 100 дау-дамайдың 98-і медиаторлар арқылы екі тараптың келісімімен бітіп жатады екен. Өкінішке орай, біздегі көрсеткіш өте төмен. Мысалы, жасөспірімдер арасындағы төбелес та-туласумен аяқталуы мүмкін, алайда егер де жарақат пунктіне барса және іске жүгінген болса, онда істі құқық қорғау органдары екі жақта жазалауға қарсы болуына қарамастан, сол бойынша шешім шығара отырып қарайды, өйткені бұл жағдайда адамдар арасында емес, әрекет ету, жазалау мемлекет тарапынан болады. Балаларды медиативтік тәсіл арқылы жанжалдарды шешуге үйрете отырып, біз оларды өздерін құрметтеуге, сондай-ақ басқаларды бағалауға және қабылдауға үйретеміз. Балаларды өз қадір-қасиетін танытуға ықпал етеміз, сондай-ақ өз іс-әрекетіне және жалпы өмірге жауапкершілікпен қарауды тәрбиелейміз. Оқыту барысында олар сондай-ақ өз-өзін басқа адамның орнына қоя білуге, басқаның азап шегуіне сезімтал болуға, басқаның ауыруын сезінуге үйренеді. Бұл жоғары құндылықтар.
Мектеп медиациясы бұл мектептегі оқушы балалардың арасында кездесетін түрлі түсінбестік жайлар мен дау-дамайларды реттейтін демократиялық негіздегі қатынас. Мектептің татуластыру қызметі балалар бірлестігі болып табылады. Еріктілер қызметіне азаматтардың, әсіресе жастардың, студенттер мен оқушылардың қатысу аясын кеңейту, олардың бойында белсенді өмірлік ұстанымдарға қатысты дағды қалыптастыру – маңызды міндет. Бұл – азаматтық қоғамды нығайту жөніндегі жұмысымыздың маңызды құрамдас бөлігі.
Медиация қызметінің қызметкерлері жан-жалды шешу үшін көмекке мұқтаж әр оқушыға көмек көрсетеді. Бұл ретте дауда шешім қабылдау құқығы кураторға тапсырылады, ал даулы жағдайға қатысушылар оның нәтижесіне ықпал ете алмайды. Медиация процесінің айрықша белгілері: медиатор таңдалады; тараптардың мүддесі ескеріледі; шешім құпия қабылданады. Медиация қызметінің кураторлары балалармен тұрақты араласу барысында әділдік пен бейтараптылық қағидаттарына сүйенеді. Олар жанжалға мүше болмауы үшін ешқашан әлдебіреуін жақтамайды. Мектептегі медиация қызметіне мүше оқушылар ешқандай жағдайда мектеп жұмыскерлері; педагогтар мен ата-аналар; әкімшілік пен мұғалімдер арасында орын алған жан-жалдарды шешуге қатыспауы тиіс, сондай-ақ қызмет жұмыскерлерінің рәсімді өткізу мерзімдері мен кезеңдерін белгілеу бойынша жеке шешім қабылданады; егер жан-жалдасушы тараптар оған қатысуға келісімін білдірсе, осы жағдайда келістірушілік рәсімін бастау керек; егер жан-жалға қатысушылардың іс-әрекеті тәртіптік теріс қылық ретінде танылса, ата-ананың немесе өзге заңды өкілдерінің келісімін алу керек; 10 жасқа толмаған балалармен және жүйке жүйесі ауруына шалдыққа тұлғалармен медиация рәсімін өткізуге болмайды.
Дауласушы тараптарды татуластыру бойынша бітімге келтіру, кешірімді болу қанымызға сіңген, ата-бабаларымыздан келе жатқан ізгі қасиеттердің бірі. Жаңғыру жолында ең басты шарт ұлттық салт дәстүрімізді, құндылығымызды сақтай білу. Дауласқан екі жақтың бір–бірінен, талап қоюдан бас тартуы, кешірім беруі. Татуластыру рөсімі – жылдар бойы ұстанып келе жатқан бітімгершілік жолы.
Білім беру мекемелерінің педагог – психолог мамандарына «Медиация, құқық және психологиялық қолдау орталығының» ұйымдасыруымен мектеп медиациясы бағдарламасы бойынша арнайы «Мектептегі қалпына келтіру медиациясының ұйымдастырушылық және әдістемелік негіздері», «Жас медиатор» методикалық кітапшалар қазақ тілінде дайындалды.
Өз тәжірибемнен мысал келтіре отырып, Шымкент қаласы 80 мектеп-лицейде өткізілген тренинг оқыту барысында шағын-дәрістер, практикалық жаттығулар, рөлдік ойындар, миға шабуыл, дискуссиялар және жеке байланысы бар имитациялық медиация қолданылды. Оқушыларға даулы жағдайлар және оны шешу кезінде медиацияны қолдану шарттары қойылды. Оқушылар ұсынылған практикалық ойындар келіссөздер арқылы сәтті шешілді.
Мектептегі дау-жанжалдардан қашып құтыла алмаймыз. Ең бастысы, мұндай жайларды өршітпей, дер кезінде шешуді жолға қою. Бұл міндетті мектеп медиациясы жүзеге асыра алады. Құқық бұзған бала өз құрбылары тарапынан айтылған уәждерге тоқтап, өзінің қателігін түсінеді. Бұл оның сондай әрекетті қайталамауына және жанжалды жағдайдан ұрыс-керіссіз, ренішсіз шығуына көмектеседі.
Ата-аналар балаларының арасындағы дау-жанжалдарды өршітпей басуға, балаларының ашушаң, кекшіл болмай, көпшіл болып өсуіне жағдай жасауға мүмкіндік алады, олар бала жанын тереңірек түсініп, бала тәрбиесінің маңызын сезіне түседі. Балалар өз арасында құрбыларын татуластырып, олардың арасындағы дау-жанжалды келісім арқылы шешіп жүруге, олардың арасында қауіпсіз орта құру туралы мәдениетті қалыптастыру керек. Тек осылай ғана біз шешім қабылдай алатын және өз іс-әрекетіне жауап бере алатын белсенді және ұстанымы бар азаматтарды тәрбиелей аламыз. Себебі дәрістер медиация институтын мектеп қабырғасынан бастап мақсатты түрде дамытып, өскелең ұрпақты дауды немесе жанжалды шешуге медиативтік көзқараспен қарауға үйретеді.
Нұрбала Оразқұлова.
“Республикалық медиаторлар
Қауымдастығы” зтб президенті,
тренер-медиатор.