Отырысқа Шымкент қа-лалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Н.Биболов, аудандық және оған теңес-тірілген соттарының судь-ялары Л.Әуелбекова, А.Ор-ақбаева, Б.Бөрібеков, А.Ос-панова, Э.Қалымбетова, ау-дан прокуратурасының про-курорлары Н.Джанибеков, С.Зауырбеков, С.Аратбаев, Б.Есенов, Шымкент қала-сының Отбасы, бала және жастар істері жөніндегі бас-қармасының бөлім басшысы А.Сансызбай, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дің оқы-тушысы А.Есеналиев, «Ми-рас» Университетінің құқық секторы білім беру бағдарламасының менеджері Ш.Анафияева, «Медиация, құқық және психологиялық қолдау орталығы» ҚБ-нің медиаторы Н.Оразқұлова, Жол-көлік колледжінің ме-диаторы Р.Ешімов, аудандық полиция басқармаларының қызметкерлері, мек-теп медиаторлары және БАҚ өкілдері қатысты.
Қалалық соттың судьясы Н.Биболов Ұлт Жоспарын іске асыру және дауларды шешудің баламалы тәсіл-дерін енгізу мақсатында судьялардың күш-жігері бітімгершілік рәсімдерін кеңінен қолдануға бағытталғанын айтып өтті.
Одан әрі, ол өз сөзінде: «Заңда татуласуды медиаторлар мен қатар судьялар, адвокаттар жүзеге асыруы міндеттелген. Сот процесі-нің барлық сатысында та-раптардың татуласуы мен дауларды реттеуге көмек көрсету үшін шаралар қа-былдау азаматтық сот ісін жүргізу міндеттерінен ту-ындайды. Татуластыру рә-сімдерін жан-жақты әрі ти-імді насихаттау, отбасыны сақтау, қиын тұрмыстық жағдайға ұшыраған отбасы-ларды қолдау, мемлекеттік емес ұйымдар мен мемлекеттік мекемелер арасындағы байланысты дамыту және татуластыру рәсімде-рінің кең таралуына наси-хаттау керек» – деді.
Жиын барысында қаты-сушылар білім беру сала-сындағы татуластыру рәсім-дерін дамыту және отбасы медиациясының болашағы мен бітімгершілік рәсім-дерді қолдану шараларын кеңейтуді талқылады.
Самал Мырзалиева