Павлодар облыстық соты Павлодар қалалық сотымен бірлесіп «Некені тіркеуші органдар тарапымен бұзудың өзекті мəселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараға Павлодар облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Б.А. Бегалиев, Павлодар қалалық сотының төрағасы Б.М. Жаманбаев, облыстық соттың судьялары, Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалалары АХАТ бөлімдерінің басшылары мен мамандары, сондай-ақ облыс аудандарының АХАТ мамандары қатысты.
Кездесуді аша отырып, алқа төрағасы Б.А. Бегалиев соттардың тараптар арасындағы некені бұзу туралы талаптарды, олардың некені бұзуға өзара келісімі болған кезде, кəмелетке толмаған ортақ балалар мен бір-біріне мүліктік наразылықтар тумаған жағдайда қарауға құқығы жоқ екенін атап өтті. Мұндай мəселелерді қарау АХАТ бөлімдеріне қарасты екені түсіндірілді.
Қалалық соттың төрағасы Б.М. Жаманбаев тіркеуші органдардың АХАТ органдарында некені бұзу мүмкін еместігі туралы ресми анықтама беруі мемлекеттік орган тарапынан артық əуре-сарсаңға жəне бюрократизмге, соның салдарынан азаматтар тарапынан жағымсыз жағдайларға əкелетінін атап өтті. Дауды сотқа дейінгі тəртіппен шешу туралы мəліметтер болмаған кезде сот талап қоюды қабылдаудан бас тартады. Бүгінгі күні Павлодар қалалық соты 15 талап арызды қабылдаудан бас тартты. Сот, АХАТ органдары жол берген заң бұзушылықтарға Павлодар қаласы əкімінің атына жеке ұйғарымдар шығарумен қорытындылады.
Қатысушылар дөңгелек үстел барысында туындаған мəселені шешуде нақты ұйымдастыру үшін пікір алмасып, тілектерімен бөлісті. Кейбір нормативтік актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар талқыланды.
Павлодар облыстық соты баспасөз қызметі.