Медиатор Бақыт Түсіпбекова:
Соңғы жылдары біздің қоғамда медиация ұғымы азаматтық құқықтық қарым-қатынас кеңістігінде көп қолданып, тілдік қорымызда жиі пайдалана бастадық. «Медиация» термині латынның «mediare» орта сызық немесе делдалдық ету деген сөзінен шыққан. Бұл – үшінші, бейтарап, әділ, жанжал нәтижесіне мүдделі емес тараптың қатысуымен өтетін дауларды реттеудің баламалы жаңа түрі. Қазақы түсінікке сәйкестіндірсек екі жаққа да ортақ, дау-дамайда айтысушыларды мəмілеге келтіру арқылы тең шешім қабылдаудың ара ағайындығы.
Қазақстан Республикасының 2011 жылғы қаңтар айының 28-інде қабылданған «Медиация туралы» Заңы сот жүйесінде дауды баламалы шешудің осы тəсілін пайдалануға бағытталған. Құқықтық құжат медиацияны ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеудің тəсілі мен тəртібін анықтайды. Дауды реттеу келісім – тараптардың медиация нəтижесінде қол жеткізген жазбаша келісімі. (Дау-шарды реттеу туралы медиативті келісім).Медиатор – заңнамалық талаптарға сəйкес кəсіби жəне кəсіби емес негізде медиация жүргізу үшін тараптар тартатын тəуелсіз жеке тұлға. Осыған орай “Согласие” халықаралық медиация және құқық орталығында Білім медиация саласында біліктілігі бойынша тиісті сынақтарды сәтті тапсырып, Қазақстанның халық Ассамблеясында кәсіби медиатор, жаттықтырушы тренер қызметін абыроймен атқарып жүрген астаналық майталман маман Бақыт Түсіпбековамен сұхбаттасқан болатынбыз.
– Бақыт Серікқызы, шет елдердің тәжіри-бесінде бұрыннан бар медиациялық жүйені еліміздің құқықтық са-ласына енгізуге қандай себептер болғанына қысқаша тоқталсаңыз? Бұл халықаралық қол-даныстағы ұстанымды айна қатесіз көшіру үр-дісінен туындаған ба, әлде басқа себептер бол-ды ма?
– Халықаралық қау-ымдастықтың құрамын-дағы біздің еліміз бұрын-нан бар сот дәстүріне жылдар бойы қолданы-лып, сынақ тәжірибесі-нен өткен құқықтық қо-ғамның құндылықтарын жан-жақты зерделеу ар-қылы тиімді бағыттары-на басымдық бергені бар-шаға белгілі. Нәтиже-сінде медиацияны қолд-анысқа енгізу қарқынды жүргізіліп жатыр. Дүние жүзінде азаматтық істер бойынша дауларды ше-шудің баламалы әдістері көп қолданылады. Да-мыған өркениетті мемле-кеттерде медиаторлар аз-аматтық істердің 32 пай-ызын қарап, 85 пайы-зына тараптардың өздері нақты шешім шығарады екен. Яғни даулы мәселе екі жақтың бітісуімен аяқталады. Бұл үдеріс көршілерімізде де кеңі-нен қанат жайып келеді. Өздеріңізге мәлім, мұхит асып келген жаңалықты күнделікті тіршілігімізге енгізбес бұрын халыққа қажеттілігі кеңінен тү-сіндіріліп, тақырыпқа сәйкес арнайы семинар мен дөңгелек үстелдер ұйымдастыру арқылы барынша насихатталды. БАҚ-тарда қазіргі кезде жарияланатын мақала-лардың дені де азамат-тардың құқықтық сауат-тылығын арттыруға ба-ғытталған.
Медиация – негізінен азаматтық, оның ішінде білім, денсаулық сала-сында, еңбекке қатысты, отбасылық және басқа-дай құқықтық қатынас-тарға байланысты, сон-дай-ақ ауырлығы шағын және орташа қылмыстық істер жөнінде туындаған дауларда қолданылады. Жүргізудің қағидаттары-ның қатарында еріктілік; құпиялық; өзара сыйла-сушылық; тараптардың тең құқылығы; медиа-тордың бейтараптығы мен әділдігі; рәсімнің ашықтығы бар. Басты мақсаты қос тарапты бірдей қанағаттандыра-тын және дауласушылық деңгейін төмендететін өзара тиімді әрі өзара қолайлы, бейбіт келі-сімге келу. Сот өндірісі-нен айырмашылығы кі-нәлілер мен кінәсіздер ұғымы туындамайды. Заң бұзған адамды бас бостандығынан айыру жолымен жазалауды ем-ес, адам құқықтары мен бостандығын қорғауды және қалпына келтіруді көздейді. Яғни мүмкінді-гіне қарай істі сотқа жет-кізбеуге мүдделі. Оңтай-лы тұсы – қаржылық жа-ғынан соттық шығынға қарағанда төмендігінде және уақыттың үнемді-лігінде. Сотта іс әдетте ұзаққа созылып, айларға ұласуы мүмкін. Бірнеше мәрте сот отырыстары белгіленгенімен оған та-раптардың бірінің өкіл-дері келмей қалып, жай-сыз жағдай тіптен ушыға түседі. Дауды шешу үш-ін медиаторға небәрі 30 күн уақыт беріледі. Бел-гілі бір себептермен бұл мерзім ұзартылғанның өзінде екі айдан аспауы тиіс. Сотта тараптар бір-біріне қарсы әрекет етеді, ал медиация ба-рысында өзара ынты-мақтаса қимылдайды. Сот тағайындалады, ал медиатор таңдалады. Сот шешімді заңға сәй-кес қабылдайды, ал медиатор тараптардың өз мүдделерін ескере отырып, заң аясында та-раптардың өздері шешім қабылдағанына әрекет етеді. Сот – жария үдеріс, ал медиация құпиялы-лықты қамтамасыз етеді, бұл медиатордың рәсім барысында мәлім болған ақпаратты оны ұсынған тараптың келісімінсіз жариялауына жол бер-мейді.
– Әлем қауымдасты-ғы мойындаған ме-диация жүйесін отан-дық зерттеуші ғалым-дарымыз қазақтың би-лер институтымен са-лыстыра баяндауға бе-йім. Шынында да еу-ропалық дәстүрге ай-налған жат жұрттық қағидаттар мен көш-пенділердің дала за-ңындағы ортақ ұқсас-тықтардың мәні неде?
– Дау мен қақтығыс-тардың шешімі, жазыл-маған заңға сәйкес, дәс-түрлі түрде қазақ қоға-мына тән. Билер инсти-туты еліміздің жаһан-дану заманында тәуел-сіздіктің талаптары бо-йынша медиацияға кө-шудің тарихи шарты бо-лып табылады. Рас орта ғасырлық қазақ қоға-мының әлеуметтiк құры-лымында билер елдің басқару билігін ұстаған хандар мен сұлтандар тәрiздi таңдаулы топ-тардан кейiн орналасқа-нымен, iс жүзiнде олар-дың қолында бүкiл iшкi саяси және әлеуметтiк тетiктерi шоғырланды-рылған және нақты iс-әрекетке қабiлеті бар қоғамдық институт бол-ғанын кеш ұғындық. Ке-ңестік құрылым бұл бі-тімгершілік болмысы-мыздан бірте-бірте ажы-рату арқылы қатаң жаза-лауға негізделген сот жү-йесін енгізіп, басына ноқта сыймайтын талай тарпаңды түрменің тар қапасына тоғытты.
Ақылман абыздар тоқ-сан рулы жұрттың даулы мәселесін тоғызауыз сөз-бен түйіндеп, араздасқан адамдарды ортақ уағда-ластыққа шақырған. Да-на бабалардың ізімен ұр-пақ сабақтастығын жал-ғастыруға мүмкіндік ал-ған мемлекетіміз заң са-ласына медиацияның мұ-раттарын енгізумен ғана шектелмей, сыртқы сая-сатта қырғи қабақ таныт-қан алпауыт елдердің теріс ұстанымдарын ор-тақ мәмілеге тоғысты-руда. Қазақстан Респуб-ликасының Тұңғыш Пре-зиденті – Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев әл-ем мойындаған медиа-тор, халықаралық дең-гейдегі шиеленістерге араласып, бітімгерлік жасап келеді, атап айт-сақ, Ресей мен Түркия, Сирия және Ауған елінде туындаған мәселелер.
–Еліміздегі медиаци-яның іс барысында қолданылуы әр түрлі салаға байланысты бір-неше бөлікке жіктеле-тіндігі белгілі. Солар-дың қатарында мектеп-тегі медиация да бар. Білім беру ұйымдарына қатысты бұлайша дара-лануының төркінін тү-сіндірсеңіз?
– Медиация шеңберін-де корпорация аралық және корпорация ішілік, банк пен сақтандыру са-ласы, еңбек және жұмыс, отбасылық, денсаулық, авторлық құқық пен зи-яткерлік меншік бойын-ша, ұлтаралық, мәдени-етаралық, білім және та-ғы да басқа салаларға даулар жеке қаралатыны рас. Бабаларымыз бала тәрбиесін басқадан биік қойғаны белгілі. Ұрпа-ғын ұят болады, жаман-нан жирен, обал жасама деген үш ауыз-ақ сөзбен тәрбиелеген. Ұят болады дегені – өлімнен ұят күшті, ұятты істі істеме дегені; жанын арымның садағасынан артық көр-гені. Жаман болады деге-ні – жақсы сөз жарым ырыс, жамандықтан ау-лақ жүруге шақырғаны. Жақсының шарапаты, жаманның кесапаты тие-тіндігі хақ. Обал болады дегені – әр нәрсенің сұ-рауы барын ескерткені ғой. Саған түкке тұрғы-сыз көрінген қажетсіз дү-ние басқаның бағалы мү-лкі шығар. Демек сол кездегі үлкендер ешкімге көлеңке түсірмеуіңді де қатаң қадағалайтын. Қо-ғам құбылған кезде білім саласында жан түрші-гетін түрлі даулар орын алып отыр. Нақты себеп адамдар арасында мәде-ниеттің төмендеп кетке-ні. Ал, балалар – ересек-тердің айнасы. Болмай-тын ұсақ-түйек, мәнсіз дау-шармен халық сотқа жүгінуді жаман әдетке айналдырғаны анық. Ашу ызамен арызы сотқа жолдаған соң көпшілік ол шағымды кері қайта-рып алуға болмайтындай қатып қалған қағидадай көреді. Соның кесірінен сотқа дейін және соттан тыс медиация жолымен реттелгені саусақпен са-нарлық қана.
– Мектептегі медиа-циямен айналысатын еріктілердің дені дерлік еліміздің ұлттар досты-ғының нышаны сынды ассамблеяның маңайы-на топтастырылған. Бұл ненің белгісі және қазіргі жұмыстардың қарқынын білсек?
– Қазақстан халқы Ас-самблея басқа бағыттар-ға басымдық берумен бірге медиацияны қоғам-да жан-жақты дамытуда. Қазақстандағы барлық ұлт пен ұлыс өкілдерінің орталығына айналған бұл қоғамдық құрылым мықты медиаторларды дайындауға белсенділік танытуы арқылы таны-мал тұлғаларды төңірегі-не тығыз топтастыруда. Менің келгеніме биыл үшінші жыл. Жүйелі жүргізіліп жатқан жос-парлы жұмыстарды Қа-зақстан халқы Ассам-блеясының ресми сайты-нан оқуға болады. “Қа-зақтану” ғылыми-ағар-тушылық бағыттағы жа-ңа жобаны да қолға алды. “Рухани жаңғыру” бағ-дарламасы ел халқының бірлігін бекемдеуге сеп болары сөзсіз.
Соңғы жылдары меди-ацияны жүзеге асырудың оң нәтижелері көрініс беруде. Соның бір нақты дәлелі, Қарағанды облыс әкімі Е.Қошанов мырза-ның тікелей қолдауымен және облыстық білім бас-қармасының басшысы Е.Иманғалиевтің ұйым-дастырумен 2018 жылғы қыркүйек-желтоқсан ай-лары арасында Астана қаласындағы «Согласие» халықаралық медиация және құқық орталығы-ның басшысы Гүлмира Нарбаевамен бірлесіп екі жүзден астам білім сала-сының мамандандырыл-ған кәсіби медиаторлары мен 28 медиатор-жаттық-тырушылар дайында-лып, арнайы ғылыми-пр-актикалық конференция өткізілді. Мақсат маман-дандырылған медиатор-лардың қатарын қалың-дату. Себебі қазіргі кезде білім саласына кәсіби және білікті азаматтарға сұраныс жоғары және олардың саны әлі аз. Жез-қазған мен Сәтпаев және Балқаш қалаларына қоса Шет ауданындағы Аға-дыр аулында білім сала-сы қызметкерлеріне ар-налған «Педагогтердің медиативтік құзыретті-лігі» тақырыбында тре-нинг ұйымдастырылды, білім саласына кәсіби ме-диаторлар санын арттыру мақсатында шаралары қарқын алды.
– Алдағы уақытта қандай нақты нәтиже-лерге қол жеткізу көзде-ліп отыр? Жауапты жұ-мыстардың жоспары жұртшылықтың көзқа-расы мен пікіріне сәй-кес қандай жаңалық-тармен толықтырылу мүмкіндіктері бар.
– «Медиация туралы» заңға уақыт өткен сайын қайта зерделеніп, екшеу сарабына салынған то-лықтырулар мен өзгеріс-тердің енгізілуі қалыпты құбылыс. Ұшқыр уақыт бір орнында тұрмайды. Мезгіл мінберінен та-былған дұрыс. Құзырлы орындардың тарапынан бұл істер қолға алынып, арнайы жұмыс тобы жа-сақталғанынан хабар-дармыз. Шағын ауылдың қарапайым тұрғындарын санамағанда, ірі мегапо-листер мен облыс орта-лығындағы жұртшылық медиацияның маңызды-лығына және ұтымды жақтарына терең үңіле бермейді. Бәрі де ат ша-пан айыбын сот арқылы өндіріп алуды, қарымта есе қайтаруды көздей-тіндігі көңілге кірбің ұя-латындығын жасырмай-мын. Зиялы қауым өкіл-дерінің басын біріктірген алып шаһарларда медиа-циялық қызмет көрсету күшейсе, ауылдың ақ-сақалдары баршаға сый-лы адамның тоқтам сө-зіне жүгінері анық.
– Өзіңіз бұл ізгілікті іске мектептің мұғалімі ретінде қызығушы-лықпен келіп, қазіргі кезде белсене қызмет атқарып жүргеніңізді айрықша атап айтты-ңыз. Ұстаз медиатор-дың парасатты пайы-мы қандай?
– 1987 жылы Украина институтты тәмәмдап, Қарағанды облысындағы Ортау ауыл мектебінде үш жыл қызмет атқар-дым. Мұғалім, ұжым басшысының орынбаса-ры, директор сынды бар-лық лауазымды сатыдан өтіп, аудан мен қала және облыстық білім басқар-маларында, 2006 жылы ҚР Білім және ғылым ми-нистрілігінің шақырту-ымен орта білім саласы, балалардың құқығын қорғау бойынша қызмет атқардым. Қазақстан Президенті Әкімшілігі-нің Қазақстан халқы Ас-самблеясы Хатшылығы-ның сектор меңгерушісі, Хатшылық меңгеруші-сінің орынбасары Нәзипа Шанаи апайым бұл істі қолға алуыма себепші болып, біліктілігімнің дамуына терең бағыт берді. София универси-тетінің саясаттану про-фессоры, медиаторлар-дың халықаралық шебер-лігі бар тренері Татьяна Дронзинадан Алексан-дровнадан дәріс алға-нымды ұмытпаймын.
Мұғалім ретінде және ұстаздықпен үндесетін медиация өкілі тұрғы-сынан айтарым келешегі-міз келісті, болашағымыз баянды болуы үшін жас ұрпаққа бәсекелі білім-мен қатар тағылымды ұлттық тәрбие беруді дарыту арқылы адами құндылықтарды сіңіруі-міз қажет. Ұрпақ өсіру-дегі қателіктеріміз кеші-рілмейді. Жас ұрпаққа қандай да бір кикілжің болған жағдайда оның мәдениетті реттеу жолын және олар өздері шешуге баулу үшін медиатор-лардың атқаратын рөлі жоғары деп ойлаймын.
– Ашық әңгімеңізге үлкен рахмет.
Нұрлан ТІЛЕГЕНҰЛЫ, bilimdinews.kz