• Медиация
  • Ақпарат
  • Қоғам
  • Заң және заман
  • Сауалнама
  • Әдебиет
  • Мәдениет
  • Дала даналығы
  • Вебинар
  • Марапат
  • Мәміле
  • Отбасы психологиясы
  • Республика
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім
Facebook Twitter Instagram
Facebook Twitter Instagram
HALYQ MEDIATORY HALYQ MEDIATORY
Subscribe
  • Ақпарат
  • Медиация
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім
  • Қоғам
  • Әдебиет
  • Республика
  • Русский
HALYQ MEDIATORY HALYQ MEDIATORY
Home » Қылмыстық істердегі медиация рәсімінің ерекшеліктері
Медиация

Қылмыстық істердегі медиация рәсімінің ерекшеліктері

halyqmediatoryBy halyqmediatory06.06.2022Updated:14.07.2024Еш пікір жоқ4 Mins Read
Facebook Twitter LinkedIn Telegram Pinterest Tumblr Reddit WhatsApp Email
ПРЕИМУЩЕСТВА МЕДИАЦИИ
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Сот саласының қызметін дамытуға бағытталған «Сот жүйесінің  жеті түйіні» жобысында негізгі бағыттардың бірі ретінде «Сотсыз татуласу орталығын» жетілдіру мәселесі көрсетілген. Бұл бағыттың негізгі мақсаты процесске қатысушылардың, яғни сотталушы, жәбірленуші, заңды өкілдер мен қорғаушылардың, азаматтық талапкер мен азаматтық жауапкердің араларындағы дау-жанжалды оларды татуластыру арқылы шешу болып табылады.

Қазіргі күні осы аталған жобаны жетілтідіру мақсатында  еліміздегі сот ғимараттарында  арнайы татуласу  орталықтары ашылуда.  Онда азаматтарға медиаторлар, адвокаттар, нотариустар мен психилогтар бірігіп көмек көрсетуде. Мұның барлығы ел азаматтарының игілігі үшін атқарылып жатқан шаралар.

Сонымен қатар, осы аталған жұмыстарды сапалы және тиімді  жүргізу мақсатында соттарда медиаторталардың жұмыс жасауы үшін арнайы  қызмет бөлмелері де қарастырылып, қылмыстық істерді медиация тәртібімен шешуге барлық мүмкіндіктер жасалған, тіпті соттарда судья-медиатор қызметі де іске қосылып, судьялардың өздері бұл саланың тиімді қолданылуына өз үлестерін қосуда.

Медиация белгілі бір механизм емес, ол тек дауларды шешудің баламалы, әрі ең қолайлы тәсілі болып табылады және оның бір ерекшелігі еріктілік, рәсімнің құпиялығы, қысқа мерзімде келісімге келу, келіссөздер жүргізу арқылы нақты бір ортақ шешімге келу, тараптардың тең құқылығын айтуға болады.

Әлемде медиация АҚШ, Англия, Австрия, Германия және тағы басқа мемлекеттерде кеңінен қолданылады. АҚШ-та медиация арқылы дауды шешу тәртібі 1960 жылдардан бастау алған. Онда тіпті тараптар олардың ісінде медиация  қолдану  мүмкін еместігіне дәлел келтірген жағдайда ғана сот істі өндіріске қабылдайды. Германия, Австрия мемлекеттерінде медиатор барлығымен тең, ресми түрде танылған  мамандық болып есептеледі және олар тікелей соттарда жұмыс істейді.

Соңғы жылдары медиациялық тәртіппен татуласу институтын біршама оңтайландыру мақсатында қылмыстық және қылмыстық-процестік заңдарына көптеген өзгерістер енгізілді. Соның бірін атап айтатын болсақ, Қылмыстық-процестік кодексінің 85-бабында медиатордың құқықтары мен міндеттері айқындалды.

Қазақстан Республикасында «Медиация туралы» Заң 2011 жылы 28 қаңтарда қабылданды.  Осы Заңның 1-тармағына сай, жеке және заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқықтық  қатынастардан  туындайтын, сондай-ақ онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар туралы, қылмыстық теріс қылықтар туралы істер бойынша қылмыстық сот ісін жүргізу барысында медиацияны қолдану арқылы бір шешімге келуге болады.

Қылмыстық кодекстің 68-бабында қылмыс жасаған адам жәбірленушімен татуласса, оның ішінде медиация тәртібімен татуласса қылмыстық жауапкершіліктен босату мүмкіндіктері бекітілген. Осы баптың талаптарына сай, қылмыстық теріс қылық немесе қазаға ұшыратумен байланысты емес онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс жасаған адам, егер ол жәбірленушімен, арыз берушімен татуласса, қылмыстық жауаптылықтан босатылуға жатады.

Бұл баптың ережелері адам өлімімен, сыбайлас жемқорлық, террористік, экстремистік, азаптаулар, кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстарды және қылмыстық топ құрамында қылмыс жасаған адамдарға қолданылмайды.

Осы аталған заңның талабына сай, қылмыс жасаған адам жәбірленушімен өзара татуласуына және медиатордың көмегі арқылы татуласуына болады.

Көбінесе сотқа келген екі тарап, яғни жәбірленуші мен қылмыс жасаған адам сот үкіміне бірдей қанағаттанбай жатады. Өйткені ол анық мәселе, себебі жәбірленуші жақ кейде сотталғанға тағайындалған жазаның жұмсақтығына наразы болса, сотталған адам өзіне қатысты сот үкімінің қаталдығына наразы болып жатады.

Бұл ретте айта кететін жағдай, қылмыс жасаған адамның жәбірленушімен медиатордың көмегі арқылы татуласқаны дұрыс болады деген тұжырымға келуге болады.

Себебі медиация процедурасын жүргізуші медиатор, ол дауға еш қатысы жоқ және қызығушылық танытпайтын, жәбірленуші мен қылмыс жасаған адамның арасында дауды реттеуші, екі жақты татуластырушы тұлға. Оның басты мақсаты жақтарды олардың құқықтарын шектемей қандай да бір нақты ортақ шешімге келтіру және татуластыру болып табылады.

Өйткені сот қылмыстық істі қарау барысында процеске қатысушыларға тек заңмен бекітілген татуласу құқықтарын түсіндіреді және ешкімді де татуласуға мәжбүрлемейді. Бұл жерде тек медиатор сот төрелігін іске асырумен байланысты емес бейтарап тұлға ретінде сотталушы мен жәбірленушінің татуласуына жағдай жасайды.

Ал ең басты нәтиже, ол,  жәбірленуші мен қылмыс жасаған адамның екеуі де бір-біріне өкпе-ренішсіз, татуласып, соттан дауға нүкте қойып, үйлеріне тарқасады.

Жалпы медиацияның басты талабы ол, жәбірленуші жақтың қылмыс жасаған адамға кешірім беруі болып табылады. Қазақ халқы ежелден кешірімді халық екеніне еш шүбә жоқ. Оған «Алдыңа келсе атаңның құнын кеш» деген қағида дәлел бола алады.

Қорыта келгенде, медиация бүгінгі күні әлемде жанжалдарды шешудің мойындалған және заманның талабына сай сотта жақтарды татуластыру әдісі болып табылады. Бұл саланы алдағы уақытта жетілдіру ол соттардың жүктемесін азайтып ғана қоймай, сонымен  бірге татуласушы жақтардың  да өз мүдделеріне сай шешімге келулеріне ықпалын тигізеді.

 

Павлодар қаласы №2 сотының судьясы 

Өрнек Абжапаров

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
Previous Article«Медиация туралы» заңның қандай ерекшеліктері бар?
Next Article Медияция арқылы татуласуына байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босату.
halyqmediatory

Related Posts

Келісіп пішкен тон келте болмас

13.11.2023

Медиация – татулық тірегі

05.08.2023

5 тамызда ҚР «Медиация туралы» Заңның қабылданғанына 12 жыл толады

04.08.2023
Add A Comment

Leave A Reply Cancel Reply

Halyq mediatory - Медиация, психолого-құқықтық кеңес, жарнама, қоғамдық ақпараттық республикалық басылым
Республикалық медиация, құқықтық, психологиялық, саяси, әлеуметтік басылым.

Мекен-жайымыз: ҚР Шымкент қ. Нұрсат м/а 126/37.
Байланыс телефондарымыз: +7 702 734 42 36, +7 707 134 25 20, +7 7252 97 53 43

  • Жарияланған материалдарды көшіріп басу үшін редакциядан ресми рұқсат алу шарт.
  • Кейбір суреттердің ғаламтордан алынуына байланысты олардың мазмұнына, сапасына редакция жауап бермейді.
  • Медиация
  • Ақпарат
  • Қоғам
  • Заң және заман
  • Сауалнама
  • Әдебиет
  • Мәдениет
  • Дала даналығы
  • Вебинар
  • Марапат
  • Мәміле
  • Отбасы психологиясы
  • Республика
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.