• Медиация
  • Ақпарат
  • Қоғам
  • Заң және заман
  • Сауалнама
  • Әдебиет
  • Мәдениет
  • Дала даналығы
  • Вебинар
  • Марапат
  • Мәміле
  • Отбасы психологиясы
  • Республика
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім
Facebook Twitter Instagram
Facebook Twitter Instagram
HALYQ MEDIATORY HALYQ MEDIATORY
Subscribe
  • Ақпарат
  • Медиация
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім
  • Қоғам
  • Әдебиет
  • Республика
  • Русский
HALYQ MEDIATORY HALYQ MEDIATORY
Home » Медиаторға «Үздік бітімгер» төсбелгісін тапсырды
Марапат

Медиаторға «Үздік бітімгер» төсбелгісін тапсырды

НурбалаBy Нурбала15.03.2020Еш пікір жоқ1 Min Read
Facebook Twitter LinkedIn Telegram Pinterest Tumblr Reddit WhatsApp Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Ақпан айының 5-і күні аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында ауданымыздың «Құрметті азаматы», кәсіби емес медиатор Е.Сәбденбековке «Үздік бітімгер» төсбелгісін тапсыру рәсімі өтті.
Жиналысты аудан әкімінің орынбасары Ш.Құрбанов ашып, жүргізіп отырды.
Шараға аудандық сот, прокуратура және әкімшілік қызметкерлері, депутаттар, жастар мен еңбек ардагерлері қатысты.
Онда Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты Төрағасының 2020 жылғы 28 қаңтардағы өкімімен өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан ардақты қариямыз, Панфилов ауданының «Құрметті азаматы», Ерғали Сәбденбеков «Үздік бітімгер» төсбелгісімен марапатталғаны айтылды.
Бұл төсбелгі Қазақстан бойынша үш-ақ адамға беріліп отыр. Сондай-ақ медиатордың өмірбаяны мен қызметі жөнінде қысқаша баяндалып, Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының төрағасы Ж.Асановтың «Марапаттау туралы» өкімі оқылды.
Шара барысында Панфилов аудандық сотының төрағасы Берік Күзембаев төсбелгіні салтанатты түрде тапсырды. Аудан әкімінің орынбасары Ш.Құрбанов ардагердің иығына шапан жауып, гүл шоғын сыйлады. Сондай-ақ аудан әкімінің орынбасары Р.Мағрупова, еңбек ардагері К.Сералиев, аудандық мәслихаттың депутаты Т.Оспанов, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Досмайлов, тағы басқалары сөз алып, ізгі тілектерін білдірді. Е.Сәбденбековке орталық базар басшылығы атынан да сый-құрмет көрсетілді.
Шара соңында Е.Сәбденбеков сөз сөйлеп, заң қызметкерлеріне, көпшілікке шынайы алғысын білдірді. Жиынды аудан әкімінің орынбасары Ш.Құрбанов қорытындылады.
Ж.Бейсебек.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
Previous ArticleМедиацияның сот жүйесіне қандай әсері бар?
Next Article Шымкент қалалық сотында АБАЙ оқулары өтті
Нурбала

Add A Comment

Leave A Reply Cancel Reply

Halyq mediatory - Медиация, психолого-құқықтық кеңес, жарнама, қоғамдық ақпараттық республикалық басылым
Республикалық медиация, құқықтық, психологиялық, саяси, әлеуметтік басылым.

Мекен-жайымыз: ҚР Шымкент қ. Нұрсат м/а 126/37.
Байланыс телефондарымыз: +7 702 734 42 36, +7 707 134 25 20, +7 7252 97 53 43

  • Жарияланған материалдарды көшіріп басу үшін редакциядан ресми рұқсат алу шарт.
  • Кейбір суреттердің ғаламтордан алынуына байланысты олардың мазмұнына, сапасына редакция жауап бермейді.
  • Медиация
  • Ақпарат
  • Қоғам
  • Заң және заман
  • Сауалнама
  • Әдебиет
  • Мәдениет
  • Дала даналығы
  • Вебинар
  • Марапат
  • Мәміле
  • Отбасы психологиясы
  • Республика
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.