• Медиация
  • Ақпарат
  • Қоғам
  • Заң және заман
  • Сауалнама
  • Әдебиет
  • Мәдениет
  • Дала даналығы
  • Вебинар
  • Марапат
  • Мәміле
  • Отбасы психологиясы
  • Республика
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім
Facebook Twitter Instagram
Facebook Twitter Instagram
HALYQ MEDIATORY HALYQ MEDIATORY
Subscribe
  • Ақпарат
  • Медиация
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім
  • Қоғам
  • Әдебиет
  • Республика
  • Русский
HALYQ MEDIATORY HALYQ MEDIATORY
Home » Медиацияны кеңінен қолдану жолдарын игеруді іске асыру бойынша халыққа қолжетімді етіп түсіндіру
Медиация

Медиацияны кеңінен қолдану жолдарын игеруді іске асыру бойынша халыққа қолжетімді етіп түсіндіру

PressaBy Pressa30.09.2020Еш пікір жоқ5 Mins Read
Facebook Twitter LinkedIn Telegram Pinterest Tumblr Reddit WhatsApp Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Қазіргі таңда сот жүйесі, заман талабына сай әлемдік құқық жүйесінің стандарттарына ыңғайластырылған. Бұл әрине қуантарлық жағдай. Сонымен қатар, бүгінгі сот кешегі дала Билерінің дауды шешу институтының бай тәжірибесіне сүйенуі біз үшін жат құбылыс еместігі әбден рас жағдай. Себебі бүгінгі Медиация-кешегі Билер бастаған жолдар десек, артық болмас.


«Ел даусыз болмас» дегендей, дау кез келген қоғамда кездесетін құбылыс. Алайда, сол дауды реттеудің тиімді, мәдениетті тәсілі болуы керек. Қазіргі қоғамда барлық даудың соңғы нүктесі сот шешімімен қойылады және дәл осы тұрғыдағы шешімге қоғам қанағат.


Осы арада даудың барлығын дерлік сот тәртібінде шешу біріншіден мүмкін емес екендігін, екіншіден ол тараптардың ойындағы шешім болмайтындығын ұмытпаған абзал. Өйткені соттың қандай да бір іс бойынша қабылдаған шешімі екі жақты бірдей қанағаттандырады деуге болмайды. Ондай сот шешімі әрине бір тараптың құқығын жоғары, ал екіншісін төмен қойғандай болып көрінетінін қоғамда орын алып жатқан пікірталастан білуге болатыны барлығымызға белгілі.


Сонымен қатар, соттың қандай да бір дау бойынша заң аясында түпкілікті қабылдаған шешіміне байланысты сотқа реніш, наразылық және сенімсіздік туындап жататыны да жоқ емес.

Мүмкін бұрынғы Билер сотымен қабылданған шешімдердің қазіргі сот шешімдерінен айырмашылығы сот шешімнің заңсыз болуына байланысты емес, ертедегі Билер алдында шешілетін даулардың түпкілікті шешімінің негізі, мейлінше мәмілемен аяқтауда болғандығында шығар. Әрине осындай мән-жайларға байланысты сот шешімдері заң көзінен әлбетте дұрыс болғанымен, сотқа жүгініп даудың өз пайдасына шешілмегеніне наразы болған тарап, әділетсіз болды деп айтуына бірден-бір себеп десек, артық емес шығар.


Сондықтан қазіргі таңда, сот алдына қойып отырған қандай да бір дауды бітімгершілікпен шешу ол тек әрбір судьяның тек кәсіби парызы емес, ұлттық құндылықтан туындап отырған үлкен мәселе екендігін ұмытпаған жөн.


Тарихқа көз жүгіртсек, біз әрине Билер ол көзі ашық, көкірегі ояу, ойлану қабілеті бостандықпен ұштасқан сауатты, өмірлік тәжірибесі мол халық азаматтарынан құралғандығын көреміз.


Бұл дегені: Билер дауды шешу барысында барынша ашықтық принципімен теңдік қағидасын ұстана отырып, алдына келген тараптың материалдық не болмаса белгілі бір қоғамдағы абыройына қарамастан тиімді және айқын, ең бастысы екі жақтың да ойынан шығатын шешім қабылдауында болған. Әрине, Билер институтының дәл осылай орын алуының кепілі – ол қазақтыӊ дана Билері кәсіби тұрғыда шыӊдалып, тәуелсіз сот билігі ретінде ғасырлар бойы қалыптасуында болғаны да ақиқат.


Ал қазақ халқы үшін бітімгершілік – билік айтудың ең озық өнегесі. Ұлы қазақ даласы билігінің белгілі дара тұлғалары – Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер бастаған дана билердің ел арасындағы кез-келген дауды бітімгершілік жолымен шешіп, халқымыздың бірлігін, ауызбіршілігін, тұтастығын сақтауға үлкен назар аудара отырып саяси тұрғыдан да мемлекет билігіне өз пайдасын тигізіп отырған.

Бабаларымыз-Билердің қоғамда ел тыныштығын сақтау үшін атқарған қымбат істері қазіргі заманда татуластыру рәсімдерін іске асыру бағытында, жаңа -Медиация деген атауға ие болып отырғанын және 2011 жылдан бері «Медиация туралы» заңның қолданысқа енгізіліп, іске асырылып жатқандығымен айқындалады.


Қазіргі таңда дауды бітіммен, татуласумен шешуді көптеген елдер қолдайды. Барлық елдің бітімгершілік туралы заңдары өз елінің әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерінің негізінде қалыптасқан. Қазақстандағы медиация жұмысының кеңею аясы тек медиаторларға, судьялар мен адвокаттардың жұмыстағы кәсіби міндетіне ғана байланысты деуге болмайды, себебі ол азаматтардың саналарына, сеніміне, шығындарын реттей алу қабілетіне және дауласудың нәтижесін түсіне алуына байланысты.


Жалпы, дауларды бейбіт түрде шешуге бағыт беруші фактордың бірден-бірі екендігіне ҚР тұңғыш президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «100 нақты қадам», ҚР Жоғарғы Сотының төрағасы Ж.Асановтың «Жеті тас» бағдарламасы және президент Қ.К.Тоқаевтың 2019 жылғы халыққа жолдауы даусыз дәлел десем артық болмас.


Бүгінгі таңда Республикамызда сот саласы тек дауды бітімгершілікпен бітіруді ғана мақсат етумен шектелмей, істі судьялар сапалы қарау үшін даусыз істер бойынша жүктемені азайта отырып, оны азайту үшін бірқатар заң шығарушы орган деңгейінде ауқымды жұмыстар жасап, құжат алмасуды, сот процесстерін жүргізуді, азаматтарды қабылдауды цифровизациялаумен ұштастыруды да қолға ала отырып, сот имиджін мейлінше арттыруға кірісіп бағуда. Мұндай көзқарас қоғамда туындап жатқан дауларды азайту міндеттерін алға тартумен де байланысты болып тұр.


Бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыс Рухани жаңғыру бағдарламасымен, Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының сотқа дейінгі татуласуды дамытуға бағытталған «Сот жүйесінің 7 түйіні» бағдарламасымен үндеседі.


Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты дауды шешудің тағы бір жолы ретінде Билер кеңесін қарастырған болатын.


Билер кеңесі – дауларды соттан тыс шешу, қоғамда тұрақтылықты сақтау, ұлттық сананы жаңғырту арқылы дауларды бейбіт шешу туралы тапсырмаларын жүзеге асыруға және Жоғарғы соттың сотқа дейінгі татуластыруды дамытуға бағытталған өз ережелері бекітілген қоғамдық бірлестік ретінде құрылған, ал билерге Жамбыл облыстық сотының ат салысуымен кәсіби емес медиатор ретінде лицензия берілген.


Билер кеңесінің басты мақсаты – мемлекеттік органдарға құқық бұзушылықтардың алдын-алуға ықпал етіп, ұрыс-керісті, дау-дамайды азайту, даумен келгендерді татуластырып, олардың дауларын сотқа жеткізбей шешу арқылы ел арасында тұрақтылықты, ынтымақтастықты, бірлік-берекені және бейбіт өмірді қалыптастыру болып табылады. Яғни мақсаттары – татуластыру.


Бұл бағытта Байзақ аудандық сотында 2019 жылы 12 жақты меморандум жасалған болатын. Аталған меморандумға қол қойғандардың ішінде Байзақ аудандық Билер кеңесі мен аудан медиаторларынан бөлек мемлекеттік органдары бар. Яғни, туындаған дауды шешу тек медиаторлармен Билер кеңесіне ғана жүктелмей, арнайы жұмысшы тобына да жүктелген. Меморандум аясында құрылған жұмысшы топтың әрбір мүшесі қандай да бір дау шешу барысында өз тарапынан арнайы лауазымдық деңгейде оңтайлы шешім табуына атсалысу қағидасы қарастырылған және ол іс-әрекет оң нәтижесін беруде. Айтқым келгені – Билер кеңесіндегі медиаторлардың қатысуымен сотқа дейінгі даулар және сот өндірісіндегі даулар бойынша істер бітімгершілік тәртібі бойынша қысқартылуы тек материалдық тұрғыдан ғана емес моральдық-психологиялық көзқарастан да тиімді.

Аталған Байзақ ауданының Билер кеңесінің татуластыру рәсімдерімен тиісті түрде айналысып жүргендеріне бір жарым жылдың көлемі болды. Байзақ аудандық Билер кеңесінің құрамы өмір сүру тұрғысында тәжірибесі зор, үлкен, ақыл тоқтатқан, туындаған дауды жан-жақты зерттей отыра, алысқа көз жүгірте алатындай тұлғалардан құралған.


Пікірімді қорытындылай келе айтайын дегенім – елімізде ертедегі Билердің тәжірибесінен бастау алған, қазіргі заманда медиация деген ұғыммен белгілі болған, қандай да бір туындаған дау бойынша екіжақты келістіру, бітімгершілікке келтіру тәжірибесін қоғамдағы жанұя институтын сақтап қалу үшін жасалынып жатқан игілікті істі, іске асыру үшін мүмкіндік берген жаңашыл Заң – Медиация.


Қазақ атамыз айтпақшы «Дау мұраты – бітім», «Бақ қайда барасың, Ынтымағы жарасқан елге барамын» дегендей, қандай болмасын туындаған дауды бітімгершілікпен (медиация, сот медиациясы, билер кеңесі арқылы) аяқтаудың қоғамда мейлінше кең тарауы, әділетпен ұштасқан екі жаққа да жағымды және тиімді қанағаттанарлық шешім болуының кепілі.

Ерғазы Өтенұлы Тілеубеков,
Байзақ аудандық сотының төрағасы
Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
Previous ArticleЖоғарғы Сот судьясы Н.Рахметуллина: Жыныстық сипаттағы қылмыстарға қатысты жаза қатайтылды
Next Article Сот екі ЖШС арасындағы 68 миллион теңгені өндіру туралы дауды татуластыру арқылы шешті
Pressa

Related Posts

Келісіп пішкен тон келте болмас

13.11.2023

Медиация – татулық тірегі

05.08.2023

5 тамызда ҚР «Медиация туралы» Заңның қабылданғанына 12 жыл толады

04.08.2023
Add A Comment

Leave A Reply Cancel Reply

Halyq mediatory - Медиация, психолого-құқықтық кеңес, жарнама, қоғамдық ақпараттық республикалық басылым
Республикалық медиация, құқықтық, психологиялық, саяси, әлеуметтік басылым.

Мекен-жайымыз: ҚР Шымкент қ. Нұрсат м/а 126/37.
Байланыс телефондарымыз: +7 702 734 42 36, +7 707 134 25 20, +7 7252 97 53 43

  • Жарияланған материалдарды көшіріп басу үшін редакциядан ресми рұқсат алу шарт.
  • Кейбір суреттердің ғаламтордан алынуына байланысты олардың мазмұнына, сапасына редакция жауап бермейді.
  • Медиация
  • Ақпарат
  • Қоғам
  • Заң және заман
  • Сауалнама
  • Әдебиет
  • Мәдениет
  • Дала даналығы
  • Вебинар
  • Марапат
  • Мәміле
  • Отбасы психологиясы
  • Республика
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.