• Медиация
  • Ақпарат
  • Қоғам
  • Заң және заман
  • Сауалнама
  • Әдебиет
  • Мәдениет
  • Дала даналығы
  • Вебинар
  • Марапат
  • Мәміле
  • Отбасы психологиясы
  • Республика
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім
Facebook Twitter Instagram
Facebook Twitter Instagram
HALYQ MEDIATORY HALYQ MEDIATORY
Subscribe
  • Ақпарат
  • Медиация
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім
  • Қоғам
  • Әдебиет
  • Республика
  • Русский
HALYQ MEDIATORY HALYQ MEDIATORY
Home » «Медиация туралы» Заңның қоғамдағы алатын орны қандай?
Сұрақ-жауап

«Медиация туралы» Заңның қоғамдағы алатын орны қандай?

ПернебайBy Пернебай09.02.2020Еш пікір жоқ2 Mins Read
Facebook Twitter LinkedIn Telegram Pinterest Tumblr Reddit WhatsApp Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Еліміздің 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасында азаматтық сот ісін жүргізуге қатысушылардың құқықтарын барынша іске асыру, жеке адамның бұзылған құқықтары мен бостандықтарын, қоғам мен мемлекет мүддесін уақытылы қорғау және қалпына келтіру мақсатында бірқатар іс-шаралар қамтылған болатын.
Оның ішінде, жеке құқықтық дау-шарлар тараптар арасындағы ымыраға қол жеткізудің сот және соттан тыс тәртіппен қолданылатын түрлі жолдары мен әдістерін белгілеуге бағытталуы мүмкін әрекеттер де көрініс тапқан еді. Осыған орай, 2011 жылдың басында Елбасы ҚР-ның «Медиация туралы» Заңына (әрі қарай – Заң) қол қойып, сол жылдың 5 тамызынан бастап күшіне енді.
Заңның мақсаты – дауды шешудің медиацияның екі тарапын да қанағаттандыратын нұсқасына қол жеткізу және тараптардың дауласушылық деңгейін төмендету болып табылады.
Заң бүгінгі таңдағы құқық және сот саласына арналған заңдардың ішіндегі шоқтығы биік құжат деп айтуға болады. Заңда дәйектеліп отырған екі тараптың өзара мәмілеге келу мәселесі айыпты жеңілдету немесе оған жаза бермеу біздің ата дәстүрімізде болып келген үрдіс.
Кішігірім қылмыстар болған кезде, екі адам бір-бірімен ренжісіп қалады немесе ол адам затын пендешілік пиғылмен ұрлап, жаза басуы мүмкін. Сондай-ақ, адам біреуге байқамай балағат сөз айтып, оның намысына тиюі мүмкін. Ашу үстінде ауыр сөз айту жеңіл болғанымен, ол басқаға қатты тиетіні белгілі. Осының бәрін заңға салып қарайтын болсақ, қылмыс болып шығады. Сол секілді, берген қарызын қайтарып ала алмай жүретін азаматтық даулар болады. Осы тектес келіспеушіліктердің нәтижесінде адамдар бір-бірін сотқа сүйреп, әуре-сарсаңға салып жатады.
Күні бүгінге дейін азаматтардың түсініспеушілігінен туындаған осындай дау-дамайлар немесе жанжалды мәселелер тараптардың сот билігіне жүгінуі арқылы шешілуде. Өмір тәжірибесінің өзі көрсетіп отырғанындай, кез-келген мәселенің сотта қаралуы бір күнде немесе бір аптада шешіле қоюы қиын.
Ал «Медиация туралы» Заң кез-келген азаматтық келіспеушіліктерді айлап, апталап қарамай-ақ, керісінше, істің күрделілігіне қарай бір-екі сағатта немесе бір күнде шешуге жол ашады. Бұл ең алдымен, азаматтардың онсыз да жетпей жататын алтын уақыттарын жоғалтудан сақтайды.
Сонымен қатар, бұл Заң сотта қаралатын істердің санын азайтып, ондағы күрделі істердің сапалы қаралуына мол мүмкіндік туғызып отыр. Сондықтан, медиация институтын қоғамға енгізіп, жұмыс жасатуды қарапайым адам да, ғалым да, депутаттар да қолдаған болатын.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
Previous ArticleМедиация деген не? Ол қашан, қалай пайда болған?
Next Article Сот пен бітімгершілік істерін жүргізудің қандай айырмашылықтары бар?
Пернебай

Related Posts

Жанділдә Әжіғалиұлы: Қазақстан медиаторлар қауымдастығының бас директоры, «Халықаралық құқық қорғау орталығы» Республикалық Қоғамдық ұйымының Президенті.

04.05.2020

Медиацияның сот жүйесіне қандай әсері бар?

09.02.2020

Медиатордың қызметін кімдер жүргізуге құқылы?

09.02.2020
Add A Comment

Leave A Reply Cancel Reply

Halyq mediatory - Медиация, психолого-құқықтық кеңес, жарнама, қоғамдық ақпараттық республикалық басылым
Республикалық медиация, құқықтық, психологиялық, саяси, әлеуметтік басылым.

Мекен-жайымыз: ҚР Шымкент қ. Нұрсат м/а 126/37.
Байланыс телефондарымыз: +7 702 734 42 36, +7 707 134 25 20, +7 7252 97 53 43

  • Жарияланған материалдарды көшіріп басу үшін редакциядан ресми рұқсат алу шарт.
  • Кейбір суреттердің ғаламтордан алынуына байланысты олардың мазмұнына, сапасына редакция жауап бермейді.
  • Медиация
  • Ақпарат
  • Қоғам
  • Заң және заман
  • Сауалнама
  • Әдебиет
  • Мәдениет
  • Дала даналығы
  • Вебинар
  • Марапат
  • Мәміле
  • Отбасы психологиясы
  • Республика
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.