Жаңақорған аудандық сотына талап қоюшылар «Қызылорда қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» «Қызылорда тазалығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жауапкер Б-дан кондоминиум объектісінің ортақ меншіктегі мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген жұмыс түрлеріне жұмсалған қаражатты өндіру сұраған талап қою арызымен жүгінген.
Талап қоюшы жауапкер Б-ға №17-келісім шарт бойынша жұмыстардың жүргізілуі, қаржыландыруы және атқарылу тәртібі түсіндіріліп, келісім шарт тараптармен бекітілгенін, дегенмен жауапкер заңнамаларға сәйкес, кондоминиум обьектісіне жүргізілген күрделі жөндеудің қайтарымды қаражатын төлемей, аталған тұрғын үй пәтер иелерінің жиналысында қабылдаған шешімнің барлық үй-жайлардың меншік иелері міндетті болып табылатын талаптары орындалмаған.
Істі қарау барысында сотпен тараптарға олардың дауды медиация тәртібімен реттеу
мүмкіндіктері мен құқықтары, оның тиімді тұстары түсіндірілген.
Нәтижесінде тараптар кәсіби медиатордың көмегіне жүгініп, дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келіп, оны бекіту үшін сотқа ұсынды.
Оған сәйкес жауапкер Б. талап қоюшымен татуласып, кондоминиум объектісінің ортақ меншіктегі мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген жұмыс түрлеріне жұмсалған қаражатты 5 жұмыс күнде қайтарып беруге міндеттенген. Өз кезегінде талап қоюшы жауапкердің қабылдаған міндеттемесімен келісіп, талап қоюынан бас тартқан.
Сот ұйғарымымен тараптар арасында жасалған дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітіліп, іс жүргізу тоқтатылды.
Бұл медиация рәсімінің тараптардың арасындағы дауларды екі жаққа да қолайлы шешудегі тиімді тетік екенін көрсетеді.
Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі