Семинар барысында Енбекші ауданның татуластырушы соты Отарбаев Еркен Бостанбекұлы, Еңбекші ауданы әкімі аппаратының бас маман-заңгері Абдуллаев Құрмет Сейдуллаұлы соттан тыс медиацияны дамыту және қоғамдағы қақтығыстардың деңгейін төмендету үшін билер кеңесін құруды атап өтті .
Билер – зиялы қауым өкілдері мен беделді ақсақалдар медиацияны кеңінен насихаттай отырып, өңір тұрғындарымен профилактикалық әңгімелерді белсенді жүргізуде.
Жаттықтырушы билерді отбасылық дауларда тараптарды татуластырудың, жанжалға түсетін тараптармен байланыс орната білудің, ымыраға келу, сендіру, медиацияның артықшылықтары және оның қолдану әдістері оған қоса практикалық дағдыларымен таныстырды.
Даудың құрылымы мен қақтығыстың бастамашылары туралы әңгімелесті.
Семинар соңында ауыл билеріне сертификаттар табысталды.
Оразкулова Нурбала Алтынкановна,
«Республикалық медиаторлар қауымдастығы»
заңды тұлғалар бірлестігінің» президенті, жаттықтырушы-медиатор