Қазақтың билер соты өзі-нің шынайылығымен ха-лыққа ең жақын құқықтық орган болған. Құқықтық құрылымы және сот ісін жүргізуде өзіндік қалып-тасқан бай тарихы бар, әлемдік үлгідегі классика-лық соттарға қай жағынан да үйлесе алатын бірегей сот жүйесі екеніне дүние жүзіндегі ғалымдар нақты көз жеткізді.
Қазақ елінің мыңдаған жылдардан бері ғасырдан – ғасырға ұласып келе жатқан мемлекеттік билігінде би-лер сотының алар орны ерекше. Шынайы халықтық үлгіде құрылып, ежелден елді кәдет-ғұрыпқа негіз-делген дәстүрлі құқық нор-маларын берік ұстанған бұл сот жүйесі ұлттық санамыз-дағы ұзақ жылғы даму эва-люциясында тек әділдік пен ақиқаттың айқын көрінісі ретінде мызғымай келді. Ұлтымыздың өзіне тән осындай құқықтық мәдени-еті, оның халық алдындағы беделі мен рөлінің жоғары болуына билер сіңірген өл-шеусіз еңбекті барлық қы-рынан танып білу қажет. Оның тарихи тұлғасын көне заманнан келе жатқан Рим, Эллада, Египет, Вавилон сынды елдер жеткендей құ-қықтық дәрежеге көтеруді осылай ғылыми тұрғыда ти-янақтау өте орынды, әр елі-міздің құқық тарихы үшін өте қажетті нәрсе.
Қазақтыӊ билері әділ ше-шімдерімен елді аузына қа-ратып, дауласқан екі тарап-тыӊ да көӊілінен шығатын жүйелі билігімен ел құрме-тіне бөленгендігі найту қа-жет.
Билер даулы мәселелерді қарау кезінде барынша аш-ықтық принципті басшы-лыққа алып, тараптардыӊ мүмкіндігі нешектеу қой-май, екі жақты бітістіруге күш салған. Ел ішіндегі үнемі болып тұратын түрлі дау-дамайларды шеше оты-рып, қазақтыӊ дана билері кәсіби жағынан шыӊдалып, тәуелсіз сот билігіретінде ғасырлар бойы қалыптасты. «Билік айтқан би емес, бі-тістірген би» деген прин-ципте содан қалса керек. Яғни, билік айтудыӊ мұраты жазықтыны жазалау емес, дауласқан тараптарды бі-тістіріп, дауды ушықтырмай шешу, ел ішініӊ бірлігі мен бүтіндігін сақтауға қызмет ету болған.
«Алдыңа келсе адамның құнын кеш», «Иілген басты қылыш кеспейді» деген на-қыл сөздер қылмысқа төре-лік етуде де кешірімділік орнайтындығын аңғартады. Сондай-ақ «Дау мұраты – бітім» деген ұғым да, билер сотының жазалау мен құн төлету мақсатында емес, әділеттің орнауына қызмет еткендігіне дәлел бола ала-ды.
Мысалы, «Жебенің ұшы» (Әнет бабаның Қалқаманға байлаған байламы), «Жыл-қының құйрығы» (Кеңгір-байдың Кебекке қиған жаза-сы) сияқты биліктер бірінші кезекте ел бірлігі мен ұлт тазалығын қорғау үшін қыз-мет атқарған. «Қол сынса жең ішінде, бас жарылса бөрік ішінде» деп, билер кей майда бұзақылықтарды сы-ртқа шығармай ауыл, ру іш-інде басып отырған.
Қазақ қоғамында билер-дің даңқы әділ ісімен, тап-қыр шешімдерімен ғана арт-қан. Қара қылды қақ жарған билердің атақ-абыройы бү-кіл елге тарап, мыңдаған шақырымдардан даушылар іздеп келіп, төрелігін сұра-ған. Сол себепті, билер соты кәсіби тұрғыдан әбден шың-далған, тәуелсіз сот билігі ретінде сақталып келді. «Тура биде туған жоқ» де-ген ұғым да осыдан қалса керек.
Қазақты ежелден мәміле-гер халық деп атаймыз. Кез келген мәселені келісіммен шеше білгендігін тарихтан, ауыз әдебиеттерінен білем-із. Қазақ халқы үшін бітім-гершілік – билік айтудың ең озық өнегесі. Ұлы қазақ да-ласы билігінің белгілі дара тұлғалары – Төле би, Қазы-бек би, Әйтеке билер баста-ған дана билердің ел ара-сындағы кез-келген дауды бітімгершілік жолымен ше-шіп, халқымыздың бірлігін, ауызбішілігін, тұтастығын сақтауға үлкен назар аудар-ғаны баршамызға белгілі. «Медиация туралы» заңы-мыздың аты бөлек болғаны-мен қазақ халқы үшін жат дүние емес. Бүгінгі жазыл-ған заңға ғана сүйенетін заманда екі жақтың мәсе-лесін мәмігерлік жолмен шешіп берудің ұтымды жо-лын ойластырып, арнайы заң да қабылданды
Біздің пікірімізше, қа-зіргі таңда бірінші кезекте құқықтық, азаматтық құ-қықбұзушылық қатынас-тардан туындайтын даулар бойынша соттан тыс реттеп, шешу, соттардан тыс тәртіп-пен жүргізу институттар жүйесін және оның оң тә-сілдері мен тетіктерін дамы-ту тәжірибесін енгізуді және жүзеге асыруды қолға алған дұрыс. Сот жүктемесінің мейлінше жеңілдетуі мен дауласушы тараптардың өсім салмағын төмендетуі үшін «Медиация туралы» заңның соттан тыс тәртіп-пен жүргізіліп, шешілу тә-жірибесінің оң тәсілдері мен тетіктерін қалыптас-тыру институтын дамыту қажет.
Сот өндірісінде қаралып, аяқталған барлық санаттағы істердің саны жыл сайын төмендемей, еселеп көбейіп жатқаны соттардың статис-тикалық көрсеткіштерінен-ақ белгілі. Әрбір туындаған даулар сот өндірісіндегі іс-тер бойынша ғана тиімді пайдаланылып, оң шешімін тауып жатқанын көруге бо-лады. Алайда, тараптар ара-сында туындаған даулардың соттан тыс реттеліп, шеші-ліп жатқаны туралы іс жү-зінде бейхабар екеніміз рас. Өйткені, тараптар арасында туындаған даулардың, «Ме-диция туралы» заңға сәйкес, соттан тыс реттеліп, шешіл-гені жөнінде статистикалық деректер мүлдем жоқ десек қателеспейміз. Соттарда іс-тер айлап, кейде жылдап қаралатын болса, медиа-торға 30 күн ғана уақыт беріледі. Соттардан ең бас-ты айырмашылығы – меди-аор тараптармен болатын келіссөздерге кез келеген уақытта, кез келген жерде қатыса алады. Ал, судьяға араласпаушылық принципі бойынша мұндай келіссөз-дерге қатысуға заң бойынша рұқсат етілмейді. Меди-ацияны жүргізу тараптар-дың өзара келісімі бойын-ша және олардың арасында медиация туралы шарт жа-салған кезде жүзеге асыры-лады.
«Би болмасаң-болма, би түсетін үй бол» дегендей, сот ісін жүргізу ханның отыратын жерінде, алаңын-да, бидің үйінде немесе бел-гіленген жерлерде, көбінесе рулардың көшпелі мекен-дерінде өтті. «Шын би сө-зіне бағады, сұм би көзіне бағады», «Шешендік күші шындық», «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар», «Турашыл би елін озды-рады, тумашыл би елін аз-дырады» деген халықтың даналы сөздері арқылы, біз-дер билер сотында бидің тіл шешендігі мен сөз тапқыр-лығы нəтижесінде талай шиеленіскен істер бітім-кершілікпен, екі ру арасын татуластырумен бітіп жат-қанын, көшпелі қазақ дала-сындағы билердің ел қамын ойлаған данышпан азамат-тар болғаны байқалады. Егер, іс күрделі болмаған жағдайда талап қоюшы мен жауапкердің қатысуымен бір ғана би істі шешіп отыр-ды.
«Ит құтырса иесін табар, дау құтырса биін табар», «Жер дауы мен жесір дауы бітпейді», «Дауың жоқ бол-са кепіл бол» деген қазақ-тың мақалдарынның терең түп мағынасына ой жүгірт-сек даудың шешімін билер сайысушылық іс-əрекеттер арқылы шеше білген.
Қазақтардың əдеп – ғұ-рып құқықтарының табиға-тын анықтай келе, академик Салық Зиманов былай деп жазды: «Қазақтардың құ-қық əлемі мен құқықтық дү-ниетанымы тереңде жатыр. Қазақтар жəне олардың ата-бабалары өмір сүрген Орта-лық Азия мен Еуразия ке-ңістігінде сан империялар мен əлеуметтік-саяси жүйе-лер бірін-бірі толассыз ал-мастырумен болды.
Қазақтың көшпелі қоға-мы аясында, оның дүниені жəне құқықты тануда өзін-дік ерекшеліктері болды. Адамгершілік құндылық-тарға негізделген дала де-мократиясының институт-тары кең құлаш жайған көшпелі қоғамда пікірталас қисындылығының құралы ретінде əділ сот пен ше-шендік ділмарлықтың рөлін өте жоғары қойып, өзін-өзі басқару еркіндігіне деген ұмтылыс айқын сезілді»
«Сөз шындыққа тоқ-тайды, пышақ қынына тоқ-тайды», «Шешендіктің кү-ші шындық», «Əділдікке жығылмайтын адам жоқ» деген мақалдардың мағы-насында, билердің адам-дардың өзара қарым қаты-настарында тəртіптілікті реттейтін дəстүр мен əдет-ғұрып заңдарын негізге ала отырып шындықты шешуі-нің тарихи рөлі зор болды. Қазақтардың əдет-ғұрып дəстүрлі ережелері мен құ-қықтық күші бар əдет-ғұ-рып заңдары арасында бел-гілі бір белгі болған жоқ. Қоғамның саяси өмірінде ел бірлігін сақтау мақсатында билер соты жариялығымен, əділдігі жəне шешендік да-нышпандылықтары арқылы екі жақты татуластырумен бітімгершілікке көп мəн бе-ріп отырды.
Бұған халықтың келешегі мен елдің ертеңін болжай білетін, жаман қылығын жазбай танып, сын тезіне салатын көрегендік қасие-тімен ұлт тағдырын темір қазықтай тура болжап бере-тін кемел ойлы білгірлігін, көрегендігін қосыңыз. Ел мүддесі мен бірлігі үшін ат-қарған бұл қызметтің ау-қымы кең, мәні зор болған. Сонымен бірге, ел ішіндегі бүкіл қоғамдық қарым-қа-тынастағы құқықтық нор-маларға, ұлттық мінез-құ-лыққа тән әдет-ғұрыптар мен салт-санаға қылау тү-сірмей сақтау, жетілдіру, қазіргі тілмен айтқанда құ-қықтық тұрғыдан тәлім-тәрбие беру, заң ретінде жүзеге асыру сынды ұлттық идеология мен патриоттық-қа баулу да билерге жүктел-ген.
Дияз Мұстафин, Қарағанды облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы