2020 жылы қараша айында Silkway халықаралық университетінің базасында өткізілген Б.Юнусов атындағы ғылыми жобалар сайысында «Кіріктірілген білім болашақ заңгерлердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру құралы ретінде» тақырыбындағы зерттеу жұмысымен «Білім Грантын» иеленген Наурызбай Талғат Әділханұлы осы оқу орнының 2 курс студенті. Осы жобаны жүзеге асыру аясында 2021 жылдың 25-ші наурызында Silkway халықаралық университеті мен «Өркениет» ақпараттық әдістемелік орталығының қолдауымен республикалық онлайн форматындағы вебинар өткізілді. Вебинар жұмысына Нұр-Сұлтан, Алматы, Орал, Шымкент, Қызылорда қалаларындағы білім мекемелері мен құқық қорғау органдары қызметкерлері мен студенттер және кәсіби медиаторлар қатысты.
Silkway Халықаралық Университетінің ғылым және инновация жөніндегі проректоры Б.Е.Жакипбаевтың құттықтау – алғысөзімен вебинар жұмысы басталды. Ол өз сөзінде вебинар жұмысының мақсатын атап өтті. Сонымен қатар, университет студенті Наурызбай Талғаттың үстіміздегі жылы білім грантын иеленген «Кіріктірілген білім болашақ заңгерлердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру құралы ретінде» тақырыбындағы жобасы осы вебинарда презентация жасалып, медиациялық қызметіне арналған құқықтық сайты іске қосылатынын хабарлады.
Сонымен қатар баяндамашы өз сөзінде Ұлы Дала тарихында да медиация институты ерекше орын алатынын,біздің де бұл механизмді «бабалар мұрасы» деп атауға толық құқығымыз бар екенін айта келіп, кешегі даладағы билер соты дәл осы медиация принциптеріне негізделгеніне тоқталды
Келесі кезекте сөз алған «Қазақстан медиаторлар одағы», кәсіби медиаторы Мурзагулова Бахитгуль Кисимбаевна /Нұр-Сұлтан қаласы/ баяндамашы «Медиаторлық қызмет – татуластыру механизмі» тақырыбымен өз ойын ортаға салды.
Медиация – негізінен азаматтық, оның ішінде білім, денсаулық саласында, еңбекке қатысты, отбасылық және басқадай құқықтық қатынастарға байланысты, сондай-ақ ауырлығы шағын және орташа қылмыстық істер жөнінде туындаған дауларда қолданылалады. Жүргізудің қағидаттарының қатарында еріктілік; құпиялық; өзара сыйласушылық; тараптардың тең құқылығы; медиатордың бейтараптығы мен әділдігі; рәсімнің ашықтығы бар, – деп атап көрсетті баяндамашы.
«Өркениет» ақпараттық әдістемелік орталығының төрайымы – Коздибаева Абила Коздибаевна /Шымкент қаласы/ осы вебинарда аталмыш жобаның алдағы уақытта жүзеге асырылатын салаларын атап көрсетті. Олардың ішінде Silkway халықаралық университеті базасындағы «Медиациялық қызмет» орталығында студенттерге тегін құқықтық кеңес беру 2021 жылдың наурыз айынан бастап, 2022 жылдың мамыр айы аралығында айына 1 рет On-line форматында «Медиатор сағаты» өткізілетінін атап көрсетті.
Сонымен қатар баяндамашы вебинар қатысушыларына аталған жоба аясында колледждердегі болашақ заңгер мамандығына даярлайтын оқу жоспарларындағы қосымша білім беру сағаттары есебінен енгізілетін «Медиациялық қызмет» арнайы курс бағдарламасы жайлы айтып өтті. Жоба аясында жасалған «Медиациялық қызмет» білім беру бағдарламасы колледж 3 – курс студенттеріне 72 сағат көлемінде 2021-2022 оқу жылында ұсынылғалы отыр Жобада пайдаланылатын ғылыми әдістердің белгіленген мақсаттарға жету жолдарын мен таңдап алынған әдістер оқытудың дидактикалық принциптеріне негізделген.
Кіріктірілген бағдарлама «мәңгілік ел» идеялогияларымен сәйкес келетін бірнеше құндылықтарды негізге алады. Олар: құрмет, әріптестік, азаматтық жауапкершілік, ашықтық, өмір бойы білім алу
Белгіленген құндылықтар аясындағы жобаның мақсаты – жоғары білімді, шығармашыл адамның үйлесімді тұлғалық кәсіби құзыреттілігі дамуы үшін қолайлы білім беру кеңістігін жасау болып табылады, – деді баяндамашы сөз соңында.
Вебинар барысында сөз алған Silkway халықаралық университетінің студенті Наурызбай Т.Ә /Шымкент қаласы/ өз сөзінде жобаның идеяларын ортаға салды.
Болашақ заңгерлердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру қажеттігінен туындайтын идеялар ретінде Shymkent Жоғары педагогикалық колледжі және Silkway халықаралық университеті базаларында білім алушылар үшін пилоттық «Mediation» орталығының қызмет жасауына ықпал ету жобаның аса маңызды міндеті болып табылады, – деді ол.
Ал жобада қарастырылған ІТ білімі мен дағдылары қажетігінен туындайтын идеялар түйініне қатысты өз ойын баяндамашы былайша жеткізді: қазіргі заңгер Веб-дизайн, типографиялық – полиграфиялық шығаралымдар арқылы ғана өзінің жұмысын жарнамалай алады. Ол үшін болашақ мамандар ақпараттық – технологиялық жобалау тілін жетік меңгерулері тиіс. Осы орайда мен өзім пайдаланып жүрген бірнеше жобалау тілдерін HTML, CSS, C#, C++, Python т.б. пайдалану қолжетімді екеніне көз жеткіздім, – деді ол. Сөзім дәлелді болу үшін «Заңгер» біліктілігіне сәйкес келетін компьютерлік қызмет дағдыларыма негізделіп жасалған сайтты назарларыңызға ұсынамын дей келе вебинар қатысушыларына «Медиациялық қызметке арналған құқықтық сайт» презентациясын ұсынды. Презентация демонстрациялау әдісімен көрсетілді. Бастапқы бетте сайт атауы жазылған. 2-ші бетінде медиациялық қызмет туралы анықтамалар берілген. Одан әрі медиациялық, заң, адвокаттық, өкілдік қызметтердің артықшылықтары көрсетілген. Келесі кезекте кері байланыс шкаласы арқылы барлық адамдар өздерінің сұрақтарын осы жерде орналастыра алады. Ал, мен осы сайт жұмысын үйлестіруші ретінде қатысамын. Әр ай сайын 1-рет вебинар ON-лайн форматта өткізілетін болады, – деп сөзін аяқтады баяндамашы. Вебинарда сөз алған келесі баяндамашылар – кәсіби медиаторлар.
Олар ҚР Шымкент қ. «Республикалық медиаторлар қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі президенті – Оразкулова Нұрбала «Мектептегі медиациялық қызметтің басым бағыттары» тақырыбындағы баяндамасында білім беру мекемелерінің аумағында жанжалды азайту үшін балаларды медиация арқылы оқыту нысандарының бірі ересек және кіші жасөспірімдермен «тең топтар» немесе еріктілер командасын қалыптастыру деп аталатын ересектер арасында топтарды құру болып табылады. «Мектеп медиациясын» оқытқан куратар балалармен тең топта жұмыс істейді. Бұл балаларды жұмысқа белсенді тартуға мүмкіндік береді. Құрдастарды («тең топтар») оқыта отырып, біз олардың тұлғааралық жанжалдарды шешу үшін жағдай жасаймыз, ал екінші жағынан оларға өзін – өзі жүзеге асыру мүмкіндігін береміз. Балалар өздері Медиация идеясын таратады. Мектеп медиациясы бұл мектептегі оқушы балалардың арасында кездесетін түрлі түсінбестік жайлар мен дау-дамайларды реттейтін демократиялық негіздегі қатынас. Мектептің татуластыру қызметі балалар бірлестігі болып табылады. деп атап көрсетілді аталған баяндамаларда.
Ал, «Қазақстандық медиаторлар палатасы» ҚБ кәсіби медиаторы – Тәжібаева Гүлдана /Шымкент қаласы/ «Медиация – әлеуметтік-психологиялық феномен» тақырыбында ой қозғады. Ол өз сөзінде медиацияны – дауларды (жанжалдарды) шешудегі ерекше формадағы әлеуметтік-психологиялық феномен деп те айтуға болады деп атап көрсетті. Өйткені, медиацияның мәні – эмоциялық шиеленісуді төмендету барысында психологиялық жағдай жасау, конструктивті шешім қабылдауға ықпал ету, дауды (жанжалды) реттеу. Яғни, медиатор – жанжалдасып отырған тараптар арасында конструктивті коммуникацияға ықпал етуші бейтарап тұлға. Медиация рәсімі аяқталғаннан кейін қақтығысушы тараптар әдетте жақсы қарым-қатынаста қалады. Бұл дегеніміз медиатордың жанжалтану (конфликтология) негіздерінен хабардар болуы. Өйткені басына қиындық туындаған адам ең алдымен эмоцияға ерік береді. Алайда, «медиатор» мен «психолог» арасында айырмашылық бар екенін естен шығармауымыз керек. Психолог – адамның мінез-құлқы, эмоциялық күйіне назар аударса, медиатор – адамды эмоциялық шиеленісуге жеткізген жағдайға және сол жағдайдың шешілу жолдарының заңдылықтарын сақтануына назар аударады. Демек, медиатор – құқықтану негіздерін білуі тиіс.
Осы орайда медиатор-практик ретінде заң және құқықтану оқытылатын жоғары және орта оқу орындарында оқу бағдарламасына конфликтология негіздері мен дауларды шешудің баламалы әдістері – медиация пәнін енгізу қажет деп санаймын деп өз ойын түйіндеді.
Вебинардың пікір алмасу сәтінде Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Қызылорда, Орал қалалардан қатысушылардың ұсыныс пікірлері тыңдалды:
- Мирзагалиева Анара Топиевна /Шымкент қаласы/ осындай вебинарларда қатысушылардың құрамы білім мекемелерінен, өндіріс орындарынан аралас болғандықтан сұхбаттасу сұрақ-жауап түрінде болғаны мені қуантады. Вебинар барысындағы менің атыма келіп түскен сұрақтардың бір шамасына тоқталып өтетін болсам: Медиациялық қызмет қай салаларда басым жүргізілуде?, Оқу орындарындағы медиациялық білім беретін пәндерді кімдер оқыта алады?, Медиатор және кәсіби медиаторлар өңірлік немесе республикалық деңгейде тіркеуге алынады ма? Медиатор болу үшін мектептегі қызметкерлерге арналған семинарлар қай жерлерде өткізілуде? т.б. деп қамтылған. Демек осы сұрақтардың шешімін айту барысында менің түсінгенім қазіргі таңда медиациялық қызметке жүгіну үшін білім мекемелерінде де, өндіріс орындарындарында да қызығушылық басым екені байқалады. Олай болса біздің бүгінгі қозғап отырған тақырыбымыз заманауи өзекті болып табылады. Сондықтан да барша әріптестеріме айтарым практикалық маңыздылығы зор медиациялық қызметті дамыту барысындағы істеріңізге сәттілік тілеймін.
- Шолпан Жылқышыбаевна /Алматы қаласы/ – Алматы қаржы-құқықтық және технологиялық колледжі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары. Мен осы вебинардан медиациялық қызмет туралы маңызды ақпараттар алдым. Атап айтқанда А.К. Коздибаеваның «Медиациялық қызмет» арнайы пән курс бағдарламасының жобасын және жоба авторы Т.Ә. Наурызбайдың құқықтық сай презентациясын, Н.А. Оразкулованың кәсіби медиаторлық іс тәжірибесін, Мурзагулова Бахитгуль Кисимбаевна бабалар мұрасы – татуластыру механизмі туралы оқыған баяндамаларын құнды зерттеулер қатарында мақұлдаймын. Ал колледжде арнайы оқыту бағдарламасын осы пән бойынша енгізу үшін әлі де бәріміз талқылап, зерделеп келешекте жетілдіретін кез келер деп ойлаймын.
- Палмағанбетова Гүлшат /Қызылорда қаласы/ – Н.Ілиясов атындағы №9 мектеп гимназиясы директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары. Бүгінгі вебинарда маған өте ой салған тақырыптар мектеп медиациясы, отбасы медиациясы ата-аналармен жұмыс әдістемелері бойынша қозғалған ақпараттар. Осы орайда білім саласындағы оқу-тәрбие үдерісінде мектепке медиаторлық қызметтің өте тиімді екенін ескердім. Жоба авторы Наурызбай Талғаттың жасап бастаған қызметі сәтті болсын, керемет екен. Ұстаз ретінде және ұстаздықпен үндесетін медиациялық қызметті қолдаушы ретінде айтарым келешегіміз келісті, болашағымыз баянды болуы үшін жас ұрпаққа бәсекелі біліммен қатар тағылымды ұлттық тәрбие беруді дарыту арқылы адами құндылықтарды сіңіруіміз қажет. Сондықтан да жас зерттеуші Наурызбай Талғаттың осы жобасын өзекті бастама ретінде қолдаймын, деді ол сөз соңында.
Пікір алмасу кезіндегі Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Қызылорда, Орал қалаларынан қатысушылардың мектеп медиациясы туралы ұсыныс пікірлері былайша сараланды:
Мектептегі дау-жанжалдарды өршітпей, дер кезінде шешуді жолға қою міндетін мектеп медиациясы жүзеге асыра алады. Ата-аналар балаларының арасындағы дау-жанжалдарды өршітпей басуға, балаларының ашушаң, кекшіл болмай, көпшіл болып өсуіне жағдай жасауға мүмкіндік алады, олар бала жанын тереңірек түсініп, бала тәрбиесінің маңызын сезіне түседі. Тек осылай ғана біз шешім қабылдай алатын және өз іс-әрекетіне жауап бере мектеп оқушыларына арналған мұндай оқу сабақтары алдағы уақытта да жалғасын табады деп ойлаймыз. Себебі дәрістер медиация институтын мектеп қабырғасынан бастап мақсатты түрде дамытып, өскелең ұрпақты дауды немесе жанжалды шешуге медиативтік көзқараспен қарауға үйретеді.
Вебинардан ұсыныс ретінде әр бір мектеп ата-аналарымен бірлесіп, құрметті ардагерлермен тәлім-тәрбиелік мәні бар тақырыптардағы кездесулер өткізіп, өзара болып жататын дау-жанжалдарды өздері шешіп, татулық пен түсіністік насихатталса, адами әлеует дамуындағы тиімді және үйлесімді қарым-қатынастарды орнатуға бағытталған жұмыс болып табылар еді, – деген ой тұжырымдармен кездесу жиын мәресіне жетті. Сонымен қатар, вебинарға қатысушылар жоба авторы Наурызбай Талғат Әділханұлының заманауи өзекті тақырып бойынша ауқымды зерттеу жұмысын бастағанына, әсіресе өз тарапынан құрастырған құқықтық сайт жұмысының Silkway Халықаралық университетінің қолдауымен білім алушылар мен ересектерге көрсетілетін тегін және ақылы қызметтеріне бір ауыздан ризашылық білдірді.
Берманов А.Н.
Вебинар қатысушысы,
заңгер.