• Медиация
  • Ақпарат
  • Қоғам
  • Заң және заман
  • Сауалнама
  • Әдебиет
  • Мәдениет
  • Дала даналығы
  • Вебинар
  • Марапат
  • Мәміле
  • Отбасы психологиясы
  • Республика
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім
Facebook Twitter Instagram
Facebook Twitter Instagram
HALYQ MEDIATORY HALYQ MEDIATORY
Subscribe
  • Ақпарат
  • Медиация
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім
  • Қоғам
  • Әдебиет
  • Республика
  • Русский
HALYQ MEDIATORY HALYQ MEDIATORY
Home » Маңғыстау облысында Билер кеңесінің филиалдары құрылды
Ақпарат

Маңғыстау облысында Билер кеңесінің филиалдары құрылды

PressaBy Pressa15.06.2020Еш пікір жоқ2 Mins Read
Facebook Twitter LinkedIn Telegram Pinterest Tumblr Reddit WhatsApp Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Маңғыстау облыстық сотында онлайн режимде «Маңғыстау облысының Билер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің Жаңаөзен қалалық және Мұнайлы аудандық  филиалдарын  ұйымдастыру және құру» тақырыбында іс-шара өткізілді.

Онлайн форматта өткен іс-шараға Маңғыстау облыстық сотының төрағасы Ержан Даулиев, облыстық соттың  азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Нұрсапа Примашев  және судьялары, Жаңаөзен қаласы, Мұнайлы ауданы әкімдігінің өкілдері,  Билер кеңесінің мүшелері, медиаторлар қатысты.

Дауларды соттан тыс реттеу институттарын дамыту – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының басым жобаларының бірі.   Осы орайда, қоғамдағы дау-жанжалдарды  азайту үшін халықпен жұмыс істеудің бірыңғай алаңын құру мақсатында 2019 жылдың сәуірінде Ақтау қаласында Билер кеңесі құрылып, өз жұмысын бастады.

Тәжірибе көрсеткендей, Маңғыстау облысы Билер кеңесінің қызметі азаматтар арасындағы дауларды татуласу арқылы шешуге көмектесті. Кеңес құрамына тараптарды сотқа жеткізбей-ақ татуластыра алатынбеделі  мен өмірлік тәжірибесі ұштасқан азаматтар, оның ішінде  ардагерлер мен  қоғам қайраткерлері таңдалып, олар билердің тарихи дәстүрлерін қолдана отырып,  дауласушы жақтарды  татуластыруға үлес қосты.

Маңғыстау облыстық соты Билер кеңесімен бірлесіп, облыс орталығы Ақтау қаласындағы Билер  кеңесі рөлінің оң тәжірибесін, сондай-ақ Жаңаөзен қаласы мен Мұнайлы ауданындағы әлеуметтік, азаматтық және экономикалық даулардың көптігін және Жаңаөзен қаласының  облыс орталығынан шалғайда орналасқанын  ескере отырып,  қос аймақтан  Билер кеңесі филиалдарын ашу туралы шешім қабылдады.

 Сот төрағасы Ержан Даулиев өңірде татуластыру орталығы, университетте медиация орталықтары, кәсіподақ орталығында және «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының Маңғыстау өңірлік филиалында татуластыру секторлары жұмыс істейтінін, бірақ бұл – қоғамдағы даулы жағдайлардың деңгейін төмендетуге жеткіліксіз екенін  атап өтті. Оның үстіне, қазіргі кезде пандемияға байланысты елімізде жарияланған төтенше жағдайдың  салдарынан отбасы-құқықтық, еңбек және   кәсіпкерлер арасындағы даулар саны біршама  артқан. Осы орайда,  сот төрағасы Мұнайлы ауданы мен Жаңаөзен қаласындағы Билер кеңесінің филалы  қоғамдағы дау-дамайды азайтуға айтарлықтай үлес қосатындығына  сенім білдірді.

Іс-шара соңында Ержан Даулиев атқарылған жұмыс  аз емес,  алайда, алда күтіп тұрған тың міндеттер де жетерлік деп, қатысушыларды осы бағытта қойылған мақсаттарға жету үшін  жұмыла жұмыс істеуге шақырды.

Нұршат Өтеулиева,
 Маңғыстау облыстық сотының баспасөз маманы
Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
Previous ArticleХалықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтарға құқықтық мәселелер бойынша консультациялық көмек көрсетілуде
Next Article «Отбасылық сот» жобасы аясында отбасы және балалық шақты қорғау мәселелеріндегі жергілікті әлеуметтік мекемелердің ролі»
Pressa

Related Posts

Салық төлеушінің тұрғылықты жері өзгерген жағдайда дербес шоттарын есепке алу, беру және жүргізу

10.10.2024

Алғыс хаттар тапсырды

12.09.2022

Зияткерлік меншік және оны қорғау жолдары

22.02.2022
Add A Comment

Leave A Reply Cancel Reply

Halyq mediatory - Медиация, психолого-құқықтық кеңес, жарнама, қоғамдық ақпараттық республикалық басылым
Республикалық медиация, құқықтық, психологиялық, саяси, әлеуметтік басылым.

Мекен-жайымыз: ҚР Шымкент қ. Нұрсат м/а 126/37.
Байланыс телефондарымыз: +7 702 734 42 36, +7 707 134 25 20, +7 7252 97 53 43

  • Жарияланған материалдарды көшіріп басу үшін редакциядан ресми рұқсат алу шарт.
  • Кейбір суреттердің ғаламтордан алынуына байланысты олардың мазмұнына, сапасына редакция жауап бермейді.
  • Медиация
  • Ақпарат
  • Қоғам
  • Заң және заман
  • Сауалнама
  • Әдебиет
  • Мәдениет
  • Дала даналығы
  • Вебинар
  • Марапат
  • Мәміле
  • Отбасы психологиясы
  • Республика
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.