

Маңғыстау облыстық сотында бейнеконференцбайланыс арқылы өткен кеңейтілген кеңес жұмысында 2020 жылғы 6 айда атқарылған соттардың жұмысы талқыланды.
Маңғыстау облыстық сотында бейнеконференцбайланыс арқылы өткен кеңейтілген кеңес жұмысында 2020 жылғы 6 айда атқарылған соттардың жұмысы талқыланды.
Онлайн форматта өткен іс-шараға Маңғыстау облыстық сотының төрағасы Ержан Даулиев, азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Нұрсапа Примашев, қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ержан Қарабаев, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары, Соттар әкімшісі басшысының м.а. Аманбек Калпаков және кеңсе меңгерушілер қатысты.
Ержан Даулиев Азаматтық процестік кодекстегі басты жаңашылдықтарды назарға алып, 15-баптың төртінші бөлігіне сәйкес, сот тараптың уəжді өтінішхаты бойынша не өз бастамасы бойынша істің материалдарын жинау жəне зерттеу, тараптар дəлелдерінің негізділігін жəне сотқа ұсынылған дəлелдемелердің анықтығын тексеру бойынша шаралар қабылдап, азаматтық сот ісін жүргізу міндеттеріне қол жеткізуге бағытталған өзге де əрекеттерді орындайтындығын атап өтті. Ержан Даулиев аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағаларына дау-жанжалдарды реттеуде татуластыру рәсімдерін кеңінен қолдануды, сот актілерінің сапасын арттыруды қатаң тапсырды.
Одан әрі Нұрсапа Примашев Мемлекет басшысымен ағымдағы жылдың 10 маусымында Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне соттар жұмысының заманауи форматтарын ендіру, артық сот рәсімдері мен шығындарын қысқарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңына қол қойылып, заң талаптары 22 маусымнан бастап қолданысқа енгізілгенін айтты. Сондай-ақ, алқа төрағасы аталған заң соттағы артық сот рәсімдері мен шығындарын қысқарту мәселелерін қамтығанымен, судьялардың істі қараудағы белсенділігін арттыруға және тараптардың татуласуларына ықпал етуге бағытталып отырғанын, заңмен азаматтық процестік кодекстің төртінші бабына енгізілген өзгерістер бойынша істің толық және уақтылы қаралуын қамтамасыз ету азаматтық сот ісін жүргізудің міндеті болып табылатыны бекітілгене тоқталды.
Одан әрі Нұрсапа Примашев есепті мерзімде азаматтық және әкімшілік істердің азайғанын жеткізді.
Статистикалық мәліметтерге сәйкес, осы кезеңде барлығы 6 984 іс қаралып аяқталған, былтыр аяқталған істердің саны 12 723 болатын, яғни барлық аяқталған істердің саны 5 739 данаға азайған.
709 іс татуластыру рәсімдерін қолдану арқылы қысқартылған. Олардың ішінде 139 іс бітімгершілікке келу арқылы аяқталған. Былтыр 1 150 іс татуластыру рәсімдерін қолдану арқылы аяқталған болатын, яғни бұл көрсеткіш 441 данаға азайған. Олардың ішінде 568 іс медиацияның тәртібімен аяқталған. Партисипативтік келісімге келу арқылы 2 іс қаралған, былтыр 5 азаматтық іс партисипативтік тәртіпте қаралған болатын.
2020 жылдың бірінші жартыжылдығында Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік және облыстың аудандық соттарында барлығы 6 214 әкімшілік іс қаралған. Былтыр соттарда 7 380 іс қаралған болатын, яғни қаралған істердің саны 1 166 данаға азайған.
Құқық бұзушы ретінде жауапкершілікке 149 заңды тұлға тартылған, қалғандары жеке тұлғалар.
Одан әрі Ержан Қарабаев есепті мерзімде қаралған қылмыстық істердің статистикасы туралы баяндап, өңірде алаяқтық, есірткі, психотроптық заттармен заңсыз жұмыс істеу, билік өкiлiн қорлау, көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы секілді санаттағы қылмыстық істердің көбейгенін айтты.
2020 жылдың 6 айында аудандық және оған теңестірілген соттарда 1088 қылмыстық іс 1207 тұлғаға қатысты аяқталған, 5 тұлға бойынша ақтау үкімі шығарылған (2019 жылдың 6 айында – 14 тұлға ақталса, оның ішінде 12 тұлға жеке айыптау істері бойынша ақталған).
5 тұлғаға қатысты ақтау үкімдері Ақтау қалалық сотында -1, Жаңаөзен қалалық сотында – 4 шығарылған.
2020 жылдың 6 айында сотталғандар саны – 869 болса, оның ішінде бас бостандығынан айырылғандар саны – 211, яғни 24,2%, ал 2019 жылы 18,1 % болған.
Облыс соттарында медиаторлармен 142 (аяқталған істердің 13%) қылмыстық іс қаралып, сотталушылар жәбірленушілермен татуласуына байланысты қылмыстық іс өндірістен қысқартылған,(2019ж. 6 айында – 126 іс) яғни 16 іске көбейген.
Кеңес соңында сот төрағаларына нұсқаулықтар мен ескертулер беріліп, қатаң талаптар қойылды.
Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі