• Медиация
  • Ақпарат
  • Қоғам
  • Заң және заман
  • Сауалнама
  • Әдебиет
  • Мәдениет
  • Дала даналығы
  • Вебинар
  • Марапат
  • Мәміле
  • Отбасы психологиясы
  • Республика
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім
Facebook Twitter Instagram
Facebook Twitter Instagram
HALYQ MEDIATORY HALYQ MEDIATORY
Subscribe
  • Ақпарат
  • Медиация
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім
  • Қоғам
  • Әдебиет
  • Республика
  • Русский
HALYQ MEDIATORY HALYQ MEDIATORY
Home » Контрафактілік өнімдер елдің экономикасына кері әсерін тигізуде
Ақпарат

Контрафактілік өнімдер елдің экономикасына кері әсерін тигізуде

halyqmediatoryBy halyqmediatory27.08.2021Updated:14.07.2024Еш пікір жоқ2 Mins Read
Facebook Twitter LinkedIn Telegram Pinterest Tumblr Reddit WhatsApp Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Контрафактілік өнім дегеніміз – еліміз бекіткен халықаралық келісімшарттар нормаларын бұза отырып жазылған шығармаларды әуе толқыны және бейнекөрініс арқылы тарату немесе басқаша мақсатта пайдалану.

«Тауар таңбалары, қыз­мет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жер­лердің атаулары туралы» Заң елі­міздегі тауар таңбалары, қыз­мет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жер­лердің атауларын тіркеуге, құқықты қорғауға және пай­да­лануға байланысты туындайтын қатынастарды реттейді.

Контрафактілік өнімдер және зияткерлік меншікті заңсыз пайдалану кәсіпкерлікті дамытуға кері әсерін тигізіп отыр. Қазіргі кезде контрафактілік өнімдер көптеген сауда нүктелерінде сатылуда. Ал, лицензиясы бар өнімдер сауда жасайтын нүктелер саусақпен санарлық.

Мысалы, фармацевтикалық өнімдердің тауар таңбасын пайдаланып, дәрі-дәрмектерді сапасыз өндіру, оны пайдаланушы тұрғынның денсаулығына елеулі кері әсерін беруі мүмкін. Айталық, сіз дәрігердің нұс­қауымен асқазанға емдік әсе­рін беретін дәріні сатып ал­ып пайдаландыңыз. Алайда, сізге бұл дәрі дауа болмай, қайта асқазан ауруын қоз­ды­рып жіберді

Осы кезде сіздің пайда­ланған дәріңіздің таза өнім екеніне күмән туады. Жал­ған өнімдер туралы хабары жоқ адамдардың кейбірі дәрі­нің кері әсерін өзінің ден­сау­лығынан көрсе, кейбірі дәрігер нұсқауының дұрыс бол­ма­ғандығын алға тартады. Осын­дай жалған өнім әсерінен денсау­лыққа үлкен зиян келіп, адам­ның сау органы ауруға шал­дығуы да әбден мүмкін.

Сол сияқты, автокөліктердің қосалқы бөлшектерін, құрылыс заттарын заңсыз өндіріп, саты­лымға шығару, оны сатып алу­шыларды шығынға батыруы мүмкін.Тауар таң­ба­сын пайдаланып, сапасыз өнім­дер­ді өндіру төмендегідей жағдай­ларға әкеп соғады:

– заңсыз өнім құқық иегер­лері болып табылатын ком­па­ния­лардың аттарына кір кел­тіріп, олардың абыройын түсіреді;

– осы өнімдерді пайдалану­шы адамдардың наразы­лық­та­рын тудырып, оларға мораль­дық зиян келтіреді;

– адамның денсаулығына, (өміріне) зиян (қауіп) әкелуі мүмкін;

– құқықбұзушылыққа бар­ған адамдар заң жолымен жазаланады.

Отандық тауар таңбасы шетелдік маркаға айналып кетпеуі тиіс. Ол үшін кәсіпкерлер өз тауарының таңбасын мемлекеттік тіркеуден өткізу қажет. Сонда заң бұзушылық азайып, отандық бизнесмендер өнімдерін еркін экспорттап, елдегі экономиканың дамуына септігін тигізеді.

Контрафактілік өнімдерді сатумен айналысудың жағдайларында ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 158-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік көзделген, яғни бөтен тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін, тауар шығарылған жердің атауы немесе фирмалық атауды заңсыз пайдалану болып табылады.

Егер ҚР Қылмыстық Кодексінің 3 бабының 38 тармақшасына сәйкес, ірі залал ҚР ҚК-нің 222 бабында көзделген жағдайда жеке тұлғаға айлық есептік көрсеткіштен 100 есе асатын сомада келтерелген залал, немесе ұйымға (ЖШС-не) айлық есептік көрсеткіштен 1000 есе асатын сомада келтерелген залал – келтірілген ірі залал болып табылады.

                                                                                          Шымкент қаласы Әділет департаментінің жетекші маманы Темірхан Бекмурзаев

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
Previous ArticleМемлекетік тілдің қолданылу аясын кеңейту
Next Article Әкімшілік юстиция және әкімшілік сот ісін жүргізудің қағидаттары
halyqmediatory

Related Posts

Салық төлеушінің тұрғылықты жері өзгерген жағдайда дербес шоттарын есепке алу, беру және жүргізу

10.10.2024

Алғыс хаттар тапсырды

12.09.2022

Зияткерлік меншік және оны қорғау жолдары

22.02.2022
Add A Comment

Leave A Reply Cancel Reply

Halyq mediatory - Медиация, психолого-құқықтық кеңес, жарнама, қоғамдық ақпараттық республикалық басылым
Республикалық медиация, құқықтық, психологиялық, саяси, әлеуметтік басылым.

Мекен-жайымыз: ҚР Шымкент қ. Нұрсат м/а 126/37.
Байланыс телефондарымыз: +7 702 734 42 36, +7 707 134 25 20, +7 7252 97 53 43

  • Жарияланған материалдарды көшіріп басу үшін редакциядан ресми рұқсат алу шарт.
  • Кейбір суреттердің ғаламтордан алынуына байланысты олардың мазмұнына, сапасына редакция жауап бермейді.
  • Медиация
  • Ақпарат
  • Қоғам
  • Заң және заман
  • Сауалнама
  • Әдебиет
  • Мәдениет
  • Дала даналығы
  • Вебинар
  • Марапат
  • Мәміле
  • Отбасы психологиясы
  • Республика
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.