Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылдың 5 қазандағы Қазақстан халқына арнаған Жолдауы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған. Жолдауда халықтың әл-ауқатын арттыру, кәсіпкерлікті дамыту, әлеуметтік саланы қолдау мәселелеріне баса назар аударылды. Елбасы әсіресе, экономиканың негізгі қозғаушы күші саналатын шағын және орта бизнестің бүгінгі дамуына тоқталып, оны ары қарай жандандырудың негізгі жолдарын айқындады.
Қазақстандық кәсіпкерлерді қолдаудың маңызды элементі Мемлекет басшысының 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап салықтық рақымшылық жасау туралы тапсырмасы болып табылады. Салықтың негізгі сомасын төлеу кезіндегі осы шара шағын және орта бизнеске айыппұлдар мен өсімпұлдар бойынша берешектік тазартуға және жұмысты таза парақтан бастауға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, Елбасы өз Жолдауында отандық тауар өндірушілердің өнімін қолдауға шақырды.
«Экспортқа бағытталған индустрияландыру – экономикалық саясаттың алғышарттары болуы тиіс. Үкімет экспортпен айналысатын тауар өндірушілерге назарын аудару қажет. Бұл ең алдымен, өңдеуші өнеркәсіпке болу қерек», деді Елбасы Н.Назарбаев. Осы мақсатта, ол барлық қазақстандықтарды отандық өнімді қолдануға шақырды.
Сонымен қатар, 30 дамыған елдің қатарына кіру мақсатында алға қойылған жұмыс жоспарын ілгерлерту бойынша, мемлекет жұмысының негізгі бөлігі жоғарыда атап өткендей, қазақстан бизнесін, әсіресе шағын және орта бизнесті дамытуға барынша қолайлы жағдай жасау болмақ.
Осы орайда еліміздегі сатылымға шығатын жалған өнiмдерге төзбестiк көзқарас туғызуға бағытталған жариялы науқан жүзеге асырылуға тиiс. Сонымен қатар зияткерлiк меншiк құқығын бұзу мен сауда белгiлерiн қолдан жасаушылар үшiн әкiмшiлiк және қылмыстық қудалау шараларын одан әрі күшейту керек.
Осыған орай, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау мен қамтамасыз ету мәселелері Қазақстан Республикасының бірқатар құқық қорғау органдарының міндеттерінде қамтылған.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде, Шымкент қаласы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқығы саласы бойынша аталған Жолдауға бағытталып семинарлар мен дөңгелек үстелдер, бұқаралық ақпарат құралдарында да насихат жұмыстары жүргізілді. Бұдан бөлек кәсіпкерлерге арнайы лекциялар оқылып, «АDALDYQ ALANY» жобасы аясында жиі кеңестер беріліп, тұтынушылар арасында сауалнамалар жүргізілді.
Бүгінде тауар таңбаларын қорғайтын құқық иегерлерінен келіп түскен арыз-шағымдарға толықтай жауап беріліп, қаңағаттандырылуда. Мәселен, «Достык-Сервис» ЖШС-нен «УЮТ» тауар таңбасын заңсыз пайдалану фактісі бойынша құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу туралы арыз келіп түскен. Аталған арызда көрсетілген жеке кәсіпкерге бөлім қызметкерлері патенттік сенім білдірген өкіл мен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдерімен бірлесіп, заңнама нормаларына сілтеме жасап, құқықтық түсіндіру жұмыстры жүргізілді. Нәтижесінде, құқықтық түсіндіру жұмыстарынан кейін «УЮТ» тауар таңбасы пайдаланудан алынып «Баян» тауар таңбасына өзгертілді.
Сонымен қатар, құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу барысында қаламыздың автобөлшектер сататын орталықтарының бірінде жалған өнімнен жасалған автохимиялық сұйықтықтары (антифриз, тосол) сөрелерден алынды.
Сондай-ақ, Әділет департаментімен 2018 жылдан бастап 1 645 365 теңгені құрайтын контрафактілі өнімдер тәркіленіп, жойылған. Нәтижесінде, заңсыз тауар таңбаларын пайдалану арқылы контрафактілі өнімдерді шығарған құқық бұзушыларға 929 575 тенге көлемінде айыппұл салынған.
Құқықтық түсіндірме жұмыстарының нәтижесі бойынша 7 000 000 теңгені құрайтын контрафактілі өнімдер сатылымнан алынып тасталынды.
Осы айтылғандарды тұтынушылардың назарына жеткізу мақсатында контрафактілі өнімдер бойынша Департаментпен бейнеролик түсірілді. Аталған бейнеролик Департаменттің интернет ресурстарында (Instagram, Facebook) жарияланды.
Бүгінде Шымкент қаласының Әділет департаменті елімізде карантиндік режимнің сақталуына байланысты, жоспарларнған іс-шараларды онлайн жүйеде Департаменттің Instagram, Facebook әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында сонымен қатар басқа да қосымша бағдарламалар арқылы әрі қарай жалғасуда.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 тамыздағы №135 Жарлығына сәйкес 2020 жыл «Еріктілер жылы» болып жарияланды.
Осыған орай, ҚР Әділет министрлігінің тапсырмасына сәйкес, Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтарға құқықтық мәселелер бойынша консультациялық көмек көрсету жөніндегі жұмысқа ерікті жастарды тарту бойынша іс-шаралар жоспары Шымкент қаласының Әділет департаментімен әзірленіп, бекітілді.
Аталған жоспарға сәйкес, Шымкент қаласының Әділет департаментінің Зияткерлік меншік құқықтар бөлімі еріктілермен бірге қаладағы сауда орталықтарында, Халыққа қызмет көрсету орталықтарында, өндірісітік орындарында халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтарға құқықтық мәселелер бойынша консультациялық көмек көрсетудің жайын түсіндіріп, сауалнама жүргізе отырып, контрафактілі өнімдеге қатысты ақпараттармен халықты құлағдар етті.
Аталған іс-шаралардың мақсаты, халыққа зияткерлік меншік объектілерін кеңінен түсіндіру. Сондай-ақ, контрафактілі өнімдерді сатып алу қауіпін болдырмау, алдын-алу, мұндай өнімдерді алған жағдайда адам денсаулығына, қоршаған ортаға зиян келтіруі және ол үшін жауапкершілік бар екенін халық назарына жеткізу және контрафактілік өнімге деген теріс көзқарасты қалыптастыру болып табылады.
Сонымен қатар, бөліммен Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» рейтингісі индикаторларын және Дүниежүзілік Экономикалық Форумның Жаhандық бәсекеге қабілеттілік индекстерін жақсарту мақсатында да бірқатар жұмыстар өз жалғасын табуда.
ҚР Әділет министрлігінің тапсырмасына сәйкес, Шымкент қаласы Әділет департаменті мен Шымкент қаласы «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы арасында зияткерлік меншікті қорғау және сақтау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасындағы хабардарлықты арттыру бойынша өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.
Жоғарыда атап өткендерді қорытындылайтын келе, атқарылып жатқан жұмыстардың барлығы Президентіміздің жолдауы аясындағы халықтың әл-ауқатын жақсартуға, кәсіпкерлерге қолдау көрсету болып табылады.
Шымкент қаласы Әділет департаментінің Зияткерлік меншік құқығы бөлімінің жетекші маманы Бекмурзаев Темірхан