Құқық бұзушылық — қоғамға жат іс-әрекет. Құқық бұзушылық әсіресе жастар мен жеткіншектер арасында (мектеп оқушылары) кеңінен етек алып келеді.
Жасөспірімдер қазіргі кезеңде тез өзгермелі мәдениетте, хаос және тұрақсыз, кұбылмалы ортада өмір сүреді. Жасөспірімдердің санасы кей дерек көздерді қорытып үлгермей жатып ортаға бейімделу процестері қалыптасуы керек. Мұның өзі қылмыстың жоғарылауына әсер етеді. Бұрынғы баға жетпес тәрбие құндылықтары күмәндану, сенімсіздік сезімдерін тудыра бастады. Мысалы, отбасы ертеректе, сенімді, кауіпсіз ошақ болса, казіргі кезде, жанұядағы келіспеушілік, түсініспеушілік әсерінен үлкен мәселелерге (өз-өзіне қол жұмсау, қылмысқа бару, т.б.), итермелуші себептерінің біріне айналып отыр. Көптеген экономикалық-саяси мәселелердің пайда болуы, сенімсіздіктің тууына, көптеген наразылықтарға әкеліп соқтыруы мүмкін.
Қылмыс жасауға итермелейтін себептердің бірі – ажырасқан отбасылардың көптеп кездесуі. Яғни, осындай жанұядан шықкан жасөспірімдердің қылмысы. Бірақ айырылыспай әрқашан ұрсыс-керісте болатын жанұя жасөспірімдеріде қылмыс жасауға жақын болып келеді. Сондықтан, басты болып, жанұядағы атмосфера болып табылады. Жасөспірімдер ата-анасының қамқорлығы мен қадағалауынан тыс қалады. Көп жағдайда жасөспірімдер, ұл да қыз да анасына жакын болып келеді. Бірак, әкесі жағынан жақындықтың аз болуынан қылмыстық іс-әрекетке барады, әсіресе ұл балалар. Бұл мәселеге байланысты жүргізілген сауалнама нәтижесі бойынша, сексуалды қылмыс жасаған жасөспірімдердің отбасы тату емес, аралары ыстық болмағанын көрсеткен. Сонымен қатар ата-анасының тәрбиелеу моделі де өз ықпалын тигізеді. Мысалы, әке-шешесі бір-бірімен ұрсысып, қарсыласып жүрген отбасынан екі жасөспірім қыз балалар өздерінің агрессивтілігімен және салмақсыздығымен өз құрдастарынан ерекшеленген. Қыздар өз ата-анасының іс-әрекетін кайталаған. Сонымен қатар, қылмыс жасауға тұлғалык факторларда әсер ете ала ма деген сұрақка жауап іздеген. Арнайы жүргізілген зерттеу бойынша қылмыс жасағандар: өздеріне сенімді, кұкық қоргау органдарына ұнатпаушылықпен карау, тез ренжігіштігімен, өзін басқара алмаушылығымен, жаушылык қасиеттерімен ерекшеленген. Алайда, кейбіреулерінде, өзі туралы бағасының төмен болуы, өзін жек көру сияқты қасиеттері кездеседі. Осындай адамдар тобы өз істеген іс-әрекетін мойындамай, барлығын қоршаған орта мен адамдардан көріп, кінәлайды. Кей жағдайда заң бұзу невроз симптомы, қорқыныш, мазасыздық жемісі болып келуі мүмкін. Сондай-ақ әртүрлі формадағы және деңгейдегі психопотологиядан зардап шегеді. Кейбіреулері жүйке бұзылуымен ауырады, оны психиаторлар «іс-әрекетіндегі салмаксыздық» деп атайды.
Зерттеу нәтижесіндегі себептердің бірі – балалық шағынан бастап қамқорлык, мейірімділіктің жетіспеушілігі. Кей жағдайларда заң бұзушылық іс-әрекетке эмоционалды жағынан сау балалар баратыны да кездеседі.
Қылмыстың биологиялық факторы:
Қылмыстардың көбі сырткы себеп бойынша жасалады. Бірак, кей жағдайлар да органикалық және биологиялық факторлары тікелей және жанама әсер етуі кездеседі. Мысалы, кылмыс жасаған жасөспірімдер арасында бас миының маңдай жазығының дамымай артта қалуы жиі кездесетінін көрсеткен. Бұның өзі нейрофизиологиялық бұзылыстарына, өз іс-әрекетіне жауап бермеуіне әкеледі. Бірак, бұл танымдық процестің бұзылуы дегенді білдірмейді, тек бұндай жасөспірім өзіндегі білімді пайдаланып қана іс-әрекет жасай алмайтынлығын білдіреді.
Биологиялық фактордың қылмыс жасауға кандай рөлі бар екенін зерттей келе, ұрпақтан ұрпакка берілуі мүмкін екендігін анықтаған. Сондықтан, жанұяның комплексті әсері өзіне қоршаган орта факторымен гентикалык факторды коса көрсетеді.
Кәмелетке толмағандар кұкық бұзушылығының алдын алуды тікелей не| жанама көздейтін кұкықтың қайнар көздерінің осылайша көп болуы қоғамдық катынастардың кез келген саласында кәмелетке толмағандар тұлғасының дамуын қамтамасыз ететін қолдау жүйесінің көзделгендігін көрсетеді. Әсіресе бұл қауіпті жағдайда тұрған және ерекше корғау мен қолдауға мұқтаж жасөспірімдерге кажет. Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен оқытуда отбасының маңызы зор. Осыған орай мемлекетіміз отбасының, соның ішінде кеңейтілген отбасының тұтастығын сақтауға аса назар аударып отыр.
Кәмелетке толмағандар құкық бұзушылығының алдын алудың ең маңызды алғы шарты болып табылатын, отбасындағы берекені сақтаудың негізінде, субъективтік себептерден баска, өтпелі кезеңнің әлеуметтік-экономикалык жағымсыз құбылыстары жатыр. Ол ата-анасының материалдык жағдайының нашар болуына байланысты балабакша мен мектептерге бара алмауы нәтижесінде, соңғы жылдары караусыз, тастанды, үй-жайы жоқ, сөйтіп құқық бұзушылык жасауға баратын балалар саны көбейіп отыр.
«Ұлды тоқшылық, қызды жоқшылық» құртады демекші, тоқшылыққа мастанып, түнгі клубтарды бермей, ішімдік ішіп, нашақорлыққа бой алдырып, уытты заттардың салдарынан түрлі құқықбұзушылық қылмыстарға барып жатқан оқушылар аз емес. Енді біреулері таршылықтан тарығып, күшін пайдалана отырып, қаржы талап ету мақсатында әртүрлі қылмыстардың төрінен көрініп жүр. Қылмысты ішімдік және наркотикалык заттар әсерінен жасайтындар көптеп кездестіндіктен, арнайы зертгеу жүмысын жүргізген. Олардың біреуінің нәтижесі бойынша, егер жасөспірім бұрын тұтқынға алынса, наркоман адамдармен карым-қатнаста болса, кылмысты ішімдік, есірткі ықпалын жасайды.
Кінәні кімнен іздейміз? Тәрбие тамырына үңілетін болсақ, таяқтың тиер жері отбасындағы ата-ана. Тәрбие беруде ата-ананың рөлі жоғары. Жасөспірімдердің санасына кері әсер ететін ақпарат көздері мен телехабарларда үнемі беріліп отыратын кылмыс хроникасындағы жағымсыз мәлеметтер жастардың, жан дүниесіне қатыгездікпен жүгенсіздік ұрығын себуде. Акпарат кұралдары катігез кылмыскердің іс-әрекетінің егжей-тегжейін жазып, жасөспірімдерге сабак болар десе, кейбір жасөспірімдер, осы кылмысты жасаған кылмыскер қандай сезімде болды екен деп, сол қылмысты кайталайтыны кездесіп жатады. Бұл қоғам тарапынан теріс тәрбие.
Қазакстан Республикасы Президентінің Қазакстан халкына Жолдауында жаһандық дағдарыска қарамастан мемлекеттің әлеуметтік саясаты – ең алдымен жұмыс орындарын көбейтуге, қамкоршылары баланы оқытуға, жағдайы келмеген кезде кәмелетке толмағандарға мемлекеттің есебінен жоғары және арнайы орта білім алу мүмкіндігін қамтамасыз етуге, мұғалімдер мен дәрігерлердің жалакысын өсіруге бағытталып отыр.
Оку орындары, кәмелетке толмағандарға медициналык, кеңестемелік және баска да көмек көрсететін, атап айтқанда осындай жәрдемге мұқтаж немесе қатыгездік кұрбаны болған, ата-анасының мейірімін көрмеген және қудалау мен қанауға душар болған жасөспірімдерге қол ұшын беретін базалық және аныктама орталықтарына айналуы тиіс. Нормативтік кұжаттарда мектепке бару ережесін сақтау киынға соғатын, сондай-ақ мектепті тастап кететін кәмелетке толмағандарға арнайы көмек көрсетілетіні көзделіп, жастар арасындагы қылмыстың және кәмелетке толмағандар құкық бұзушылығының алдын алудың тиімді жолдарын табуға қатысты, ғылыми-зерттеу жүргізуде білім беру жүйесінің барлық буындарының арасында ынтамақтастық болуын ынталандыруға, сондай-ак осындай зерттеулердің кең таралуы көзделуге тиіс.
Мәдениет, ойын-сауық, спорт және туризм мекемелерінің, әлеуметтік қауіпті жағдайда тұрған кәмелетке толмағандарды көркемөнер, техникалық, спорт және т.б. үйірме, секцияларында үйренуге тарту, оларды отандық және дүниежүзілік мәдениет құндылықтарына баулу басты бағдарлама болуы тиіс.
Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеуде бұқаралық ақпарат құралдары зор рөл атқарады. Бірақ, бұл істе айтарлықтай кемшіліктер бар екендігі барлығымызға белгілі. Мысалы: теледидар арқылы адам өлтіру, қатыгездіқ, қанкұйлы оқиғалар, алдап-арбау, эротикалық мағанадағы журналдар, фото суреттер, жарнамалар мұнын өзі келешек ұрпақтың мінез құлқының қалыптасуы мен даму процестеріне зиян келтіретіндігі айтпаса да түсінікті. Осы жағдайға байланысты бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңда, жастарға арналған тиісті қызметтер мен мүмкіндіктерді БАҚ-ы арқылы тарату қажеттігі туралы норма императивті түрде баяндалу керек. Заңда бұқаралық ақпарат кұралдарын есірткімен, зорлықпен байланысты материалдар көрсетуді мейлінше азайтуға, сондай-ақ зорлық пен қанауды жағымсыз жағынан көрсетуге мүдделі ететін, осыған ынталандыратын нормалар көзделуі тиіс.
Шымкент қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандырылған ауданаралық сотының төрағасы Д.Т.Сайханов