• Медиация
  • Ақпарат
  • Қоғам
  • Заң және заман
  • Сауалнама
  • Әдебиет
  • Мәдениет
  • Дала даналығы
  • Вебинар
  • Марапат
  • Мәміле
  • Отбасы психологиясы
  • Республика
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім
Facebook Twitter Instagram
Facebook Twitter Instagram
HALYQ MEDIATORY HALYQ MEDIATORY
Subscribe
  • Ақпарат
  • Медиация
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім
  • Қоғам
  • Әдебиет
  • Республика
  • Русский
HALYQ MEDIATORY HALYQ MEDIATORY
Home » Елімізде әкімшілік сот ісін жүргізудің жаңа түрі енгізіледі
Ақпарат

Елімізде әкімшілік сот ісін жүргізудің жаңа түрі енгізіледі

PressaBy Pressa28.12.2020Еш пікір жоқ3 Mins Read
Facebook Twitter LinkedIn Telegram Pinterest Tumblr Reddit WhatsApp Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Әкімшілік әділет институтын құру идеясын Мемлекет Басшысы өзінің былтырғы Жолдауында айтқан болатын. Соған байланысты, Жоғарғы Сот пен Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексінің (бұдан әрі ─ ӘРПК) жобасын әзірлеп, дайындап Парламентке ұсынған тұғын. Парламент бұл Кодексті талқылап, қабылдаған соң, биылғы 29 маусымда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа ӘРПК-ға қол қойған болатын. Бұл Кодекс 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді. Демек, келесі жылы Қазақстанда әкімшілік сот ісін жүргізудің жаңа түрі енгізіледі. Осылайша елімізде сот төрелігінің бір жүйесі ретінде әкімшілік әділет (юстиция) институты енгізіледі.

Бұл Кодексті қабылдағанда Қазақстандық заң шығарушылар Еуропа елдерінің тәжірибесіне сүйенген. Мысалы, Германияның сот жүйесі арнайы тәуелсіз әкімшілік соттардың болуымен сипатталады және олардың тәжірибесі әлемдегі ең сәтті тәжірибе деп саналады. Сонымен бірге, әкімшілік әділет (юстиция) көптеген ТМД елдерінде жұмыс істеп жатыр.

Осы орайда, бұл жаңа Кодекстің қабылдаудың мақсатына тоқтала кетсем, бұл жерде билік пен азаматтар арасындағы дауларды қарау кезінде қарапайым азаматтардың құқықтарын қорғаудың тиімді тетіктерін қарастыру болып табылады. Жалпы, юрисдикциялық соттар қарайтын қоғамдық-құқықтық қатынастар практикасы жыл сайын артып келеді. Әсіресе, жер және тұрғын үй қатынастары саласындағы, атаулы әлеуметтік көмек көрсету, тағы басқа салаларда даулар көп. Жаңадан қабылданған ӘРПК жеке және заңды тұлғалар мен мемлекеттік органдар арасындағы дауларды қарастыратын болады.

Қазіргі уақытта елімізде билік пен азаматтардың арасындағы дауларды қарайтын жаңа соттарды құру мәселелері пысықталуда. Әкімшілік әділет ─ бұл бір жағынан азамат немесе заңды тұлға мен екінші жағынан мемлекеттік орган арасындағы әкімшілік істерді қарау мен әкімшілік құқықтық дауларды шешудің ерекше тәртібі.

Егер әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізу, олардың жасалуына заңмен тыйым салынатын әрекеттерді тоқтату мен алдын алуға бағытталған болса, онда жария-құқықтық сипаттағы істер мемлекеттік басқару органдарының әкімшілік функцияларынан туындайды.

Қазір мемлекеттік органдарда даулар азаматтық және әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен шешіледі. Сот тек тараптар ұсынған дәлелдемелерге ғана сүйенеді.

Биыл жаңадан қабылданған ӘРПК-дағы әкімшілік процестің азаматтық процестен айырмашылығы ретінде соттың белсенді рөлін айтуға болады. Бұл заңда, яғни ӘРПК бойынша дәлелдеу міндеті даулы актіні шығарған немесе қабылдаған мемлекеттік органға жүктеледі. Азаматтың немесе ұйымның сотқа талап қоюы жеткілікті, ал мемлекеттік орган немесе лауазымды тұлға олардың берген талабы бойынша өз іс-әрекетін дәлелдеу үшін сол жерде болады. Яғни, мемлекеттік органдар жеке және заңды тұлғаларға талап қоя алмайды.

Жаңа ӘРПК бойынша сот талап қоюшыдан емес, барлық қажетті құжаттарды мемлекеттік органдардан сұрату мүмкіндігіне ие бола отырып, дәлелдемелерді жинауға бастама көтереді.

Кодексте көрсетілгендей, дәлелдеу ауыртпалығы әкімшілік актіні қабылдаған әкімшілік органға жүктеледі. ӘРПК бойынша «әкімшілік органның» құрамына мемлекеттік органдар және жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен қатар, мемлекеттік заңды тұлғалар, әкімшілік актіні қабылдауға, әкімшілік іс-әрекет немесе әрекетсіздік жасауға уәкілеттік берілген ұйымдар кіреді. Осылайша, әкімшілік орган немесе лауазымды тұлға сотта жауапкер ретінде әрекет етеді. Істі сотта қарау жоғары тұрған органға әкімшілік актіге, әрекетке немесе әрекетсіздікке алдын-ала шағым бергеннен кейін ғана мүмкін болады.
Кодекстегі тағы бір жаңалық, ол тараптар істі әкімшілік процестің барлық кезеңдерінде татуласу немесе медиация туралы келісім жасасу арқылы істі толық немесе ішінара аяқтай алады. Бірақ тараптардың татуласуына жол берілмейтін істердің жекелеген санаттары да болады.

Бір сөзбен қорытқанда, әкімшілік әділетті қалыптастыру азаматтардың құқықтық қорғалуын жақсарту үшін өте маңызды екендігі анық!

Гүлмира ҚЫДЫРБАЕВА,
Шымкент қалалық сотының судьясы
Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
Previous ArticleҚазақ батыры Бауыржан Момышұлының туғанына 110 жыл
Next Article Жоғарғы Соттың онлайн алаңында соттардың БАҚ-пен өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды
Pressa

Related Posts

Салық төлеушінің тұрғылықты жері өзгерген жағдайда дербес шоттарын есепке алу, беру және жүргізу

10.10.2024

Алғыс хаттар тапсырды

12.09.2022

Зияткерлік меншік және оны қорғау жолдары

22.02.2022
Add A Comment

Leave A Reply Cancel Reply

Halyq mediatory - Медиация, психолого-құқықтық кеңес, жарнама, қоғамдық ақпараттық республикалық басылым
Республикалық медиация, құқықтық, психологиялық, саяси, әлеуметтік басылым.

Мекен-жайымыз: ҚР Шымкент қ. Нұрсат м/а 126/37.
Байланыс телефондарымыз: +7 702 734 42 36, +7 707 134 25 20, +7 7252 97 53 43

  • Жарияланған материалдарды көшіріп басу үшін редакциядан ресми рұқсат алу шарт.
  • Кейбір суреттердің ғаламтордан алынуына байланысты олардың мазмұнына, сапасына редакция жауап бермейді.
  • Медиация
  • Ақпарат
  • Қоғам
  • Заң және заман
  • Сауалнама
  • Әдебиет
  • Мәдениет
  • Дала даналығы
  • Вебинар
  • Марапат
  • Мәміле
  • Отбасы психологиясы
  • Республика
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.