• Медиация
  • Ақпарат
  • Қоғам
  • Заң және заман
  • Сауалнама
  • Әдебиет
  • Мәдениет
  • Дала даналығы
  • Вебинар
  • Марапат
  • Мәміле
  • Отбасы психологиясы
  • Республика
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім
Facebook Twitter Instagram
Facebook Twitter Instagram
HALYQ MEDIATORY HALYQ MEDIATORY
Subscribe
  • Ақпарат
  • Медиация
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім
  • Қоғам
  • Әдебиет
  • Республика
  • Русский
HALYQ MEDIATORY HALYQ MEDIATORY
Home » Елімізде проблемалық несиелер бойынша ақпаратты сақтау мерзімі қысқартылады
Ақпарат

Елімізде проблемалық несиелер бойынша ақпаратты сақтау мерзімі қысқартылады

halyqmediatoryBy halyqmediatory02.05.2021Updated:14.07.2024Еш пікір жоқ2 Mins Read
Facebook Twitter LinkedIn Telegram Pinterest Tumblr Reddit WhatsApp Email
Елімізде проблемалық несиелер бойынша ақпаратты сақтау мерзімі қысқартылады
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Парламент Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында банктік, микроқаржылық жəне коллекторлық қызметті реттеу мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы екі оқылымда қаралып, қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Коллекторлық агенттіктердің кейбір негізсіз əректетеріне тосқауыл қойылмақ. Бүгін сенаторлар қабылдаған заң оларға бөгде адамдардың телефон нөмірлерінен борышкерлерге хабарласуға тыйым салады. Одан басқа, агенттіктер борышкермен сөйлесудің кез келген процесіне бейне жəне аудио түрінде жазба жүргізуге міндетті болады. Палата депутаттарының пікірінше, бұл норма коллекторлар тарапынан дөрекі сөйлесу немесе заңнаманы бұзудан сақтайды. Сонымен қатар, несие тарихына қатысты өзгеріс енгізілді. Егер бұрын ондай тарихты сақтау мерзімі 10 жыл болса, бүгінде қабылданған түзетулерге сəйкес бұл мерзім 5 жылға дейін қысқарады.

«Азаматтардың несие тарихын сақтау мерзімі де маңызды мəселе болып отыр. Банктер өткен 10 жылда қарыз төлемдерінің мерзімін өткізіп алған адамдарға кредит беруден бас тартады. Несие тарихын сақтау мерзімі 10 жылдан 5 жылға дейін қысқарғанда біздегі 490 мыңға жуық отандасымыз қажет болған жағдайда банктер мен микроқаржы ұйымдарынан несие алуға мүмкіндік алады», – деді сенатор Ольга Перепечина.

Заңда банк қарыздары мен микрокредиттер бойынша проблемалы берешектерді сотқа дейін реттеу тетіктері де жетілдірілді. Енді мерзімі өткен кредиттер бойынша берешекті реттеудің бірыңғай құқықтық тəртібі көзделіп отыр, ол банктердің қарыздарына ғана емес, сондай-ақ микроқаржы ұйымдарының кредиттеріне де қолданылады. Сондай-ақ қарыз алушылардың кредиторларға өтініштерін қарау мерзімі 180 күннен 90 күнге дейін қысқартылды. Айта кетейік, биыл наурызда Парламент Мəжілісі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында микроқаржылық жəне коллекторлық қызметті реттеу мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы екінші оқылымда мақұлдаған болатын. Бұл ретте коллекторлардың заңсыз əрекетіне жол бермеуге қатысты талаптар күшейтіледі.

Руслан Ғаббасов

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
Previous ArticleСыбайластыққа қарсы іс-қимыл әрбір азаматтың борышы
Next Article Отбасы тақырыбында өткізілетін іс-шаралар ауадай қажет
halyqmediatory

Related Posts

Салық төлеушінің тұрғылықты жері өзгерген жағдайда дербес шоттарын есепке алу, беру және жүргізу

10.10.2024

Алғыс хаттар тапсырды

12.09.2022

Зияткерлік меншік және оны қорғау жолдары

22.02.2022
Add A Comment

Leave A Reply Cancel Reply

Halyq mediatory - Медиация, психолого-құқықтық кеңес, жарнама, қоғамдық ақпараттық республикалық басылым
Республикалық медиация, құқықтық, психологиялық, саяси, әлеуметтік басылым.

Мекен-жайымыз: ҚР Шымкент қ. Нұрсат м/а 126/37.
Байланыс телефондарымыз: +7 702 734 42 36, +7 707 134 25 20, +7 7252 97 53 43

  • Жарияланған материалдарды көшіріп басу үшін редакциядан ресми рұқсат алу шарт.
  • Кейбір суреттердің ғаламтордан алынуына байланысты олардың мазмұнына, сапасына редакция жауап бермейді.
  • Медиация
  • Ақпарат
  • Қоғам
  • Заң және заман
  • Сауалнама
  • Әдебиет
  • Мәдениет
  • Дала даналығы
  • Вебинар
  • Марапат
  • Мәміле
  • Отбасы психологиясы
  • Республика
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.