• Медиация
  • Ақпарат
  • Қоғам
  • Заң және заман
  • Сауалнама
  • Әдебиет
  • Мәдениет
  • Дала даналығы
  • Вебинар
  • Марапат
  • Мәміле
  • Отбасы психологиясы
  • Республика
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім
Facebook Twitter Instagram
Facebook Twitter Instagram
HALYQ MEDIATORY HALYQ MEDIATORY
Subscribe
  • Ақпарат
  • Медиация
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім
  • Қоғам
  • Әдебиет
  • Республика
  • Русский
HALYQ MEDIATORY HALYQ MEDIATORY
Home » Елім деп еміренетін ер
Қоғам

Елім деп еміренетін ер

halyqmediatoryBy halyqmediatory26.06.2021Updated:14.07.2024Еш пікір жоқ4 Mins Read
Facebook Twitter LinkedIn Telegram Pinterest Tumblr Reddit WhatsApp Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

«Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, кәсіпкер Ғабиден Қапалбаевтың демеушілігімен өзінің туып өскен ауылында, яғни Бәйдібек ауданы, Кеңестөбе ауылында заманауи кіші футбол алаңының құрылысы аяқталды.

Футбол алаңқайының ашылу салтанатына ауылдың жасынан ақсақал қариясына дейін қатысты. «Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, фракция жетекшісі Бейсенбай Тәжібаев, облыстың бас имамы Еркебұлан Қарақұлов т.б. да ауданның ауылдың зиялылары қатысып, құттықтау сөз сөйлеп, ауыл ақсақалдары ақ батасын берді. Спортқа жастарды баулитын, келешек ұрпаққа осындай жағдай жасап отырған Ғабиден Заманханұлына бүкіл жиналған қауым шын ықыласпен алғысын білдіріп, ауыл тұрғындары тарапынан «сыйға сый» деп ақ тұлпар мінгізді.

Салтанатты лента қию рәсімінен кейін алаңда ауыл жастары арасында футболдан жарыс ұйымдастырылды.

Футболды жақсы көретін ауыл жастары үшін спорт алаңшасы үлкен сый болды. Бұдан былай шынығамын, шыңдаламын деген ауыл жастары үшін бұл алаңқайының есігі әрдайым ашық болмақ.

«Nur Otan» фракциясының депутаты Ғабиден Қапалбаевтың айтуынша, партияның сайлауалды бағдарламасында өңірде спорт нысандарын салу, инфрақұрылымды жақ-сарту жоспарлары енгізілген болатын. Нәтижесі жоғарыда аталғандай спорт алаңшасы пайдалануға беріліп отыр. «Сөзден іске» – деп осыны айту керек!

Алаңша қоршауының биіктігі 6 мет құрайды. Жазғы футбол алаңшасы. Сметалық құны 17 000 000 теңгені құрады.

Қапалбаев Ғабиден Заманханұлы 1965 жылы 28 қазанда Бәйдібек ауданы, Кеңестөбе ауылында дүниеге келді. Аудандағы Қ.Сыпатаев, Абай, С.Ерубаев атындағы жалпы орта мектептерде білім алған. 1989 жылы Алматыдағы халықшаруашылығы институтының инжинер-экономика факультетін бітірді.

«Майбұлақ» кеңшарында бухгалтер, аға экономист, аудандық ауыл шарушылығы басқармасында бас маман, «Ақтас» кеңшарында бас экономист, аудандағы «Ақбастау», «Игілік» банкі филиалдарының директоры, Сайрам жэне Түлкібас аудандарында агропромбанк филиалдарының директоры қызметтерін атқарды.

2001 жылдан осы уақытқа дейін «Бердібай» асыл түқымды шаруа қожалығының төрағасы жэне «Елнұр-Г» ЖШС директоры болып қызмет атқарып келеді.

2016 жылдың наурыз айынан бері №7 Көктерек сайлау округінен сайланған аудандық мәслихатының депутаты.

Басты мақсат әлемді жәйлаған пандемия экономикаға, білім, денсаулық сақтау, ауылшаруашылығы салаларына, бір сөзбен айтқанда өзінің кері әсерін тигізді.

Ауданда өндіріс орындары жоқ, ауыс су проблемалары да бар, елді мекендерге газ тартуда әлі толық шешілген жоқ, жастарға үй салу үшін үй іргелік жер беру мәселесі де шешімі жоқ. Осы мәселелерді шешу жолында ауданның азаматы және халық арасынан сайланған депутат ретінде өзінің елеулі үлесін қосып келеді.

Экономикалық қайта өрлеу бағыты бойынша:

  • «Nur Otan» партиясының негізгі бағыты – тұрақты экономикалық даму және халықтың өмір сүру деңгейін жақсарту;
  • Ауыл тұрғындарының табысын көбейту, халықтың өмір сүру деңгейін жақсарту, сапалы азық-түлікпен қамтамасыз ету;
  • Отандық өнімдер шығаратын жаңа кәсіпорындар ашуға ықпал ету;
  • Ауыл кәсіпкерлеріне қолдау көрсету;

Жаңа әлеуметтік-саяси бағыт бойынша:

  • Жергілікті жас мамандарды тұрақты жұмыспен қамту;
  • Арнайы бағдарламалар бойынша жас отбасылар мен әлеуметтік аз қамтамасыз етілген отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету;
  • Денсаулық сақтау мен білім берудің үздік әлемдік стандарттарына қол жеткізу;
  • Білім сапасын арттыру, барлық деңгейде сапалы білімге қолжетімділікті қамтамасыз ету.

Аудандық маслихат депутаты ретінде бірқатар мәселелерді алға тартып, аудан негізінен мал және ауыл шаруашылығымен айналысқандықтан осы саланы әрі қарай дамуына күш жұмсап халықтың тұрмыс жағдайын көтеруге барынша үлес қосып, ауыл шаруашылығын дамытпай бәсекеге қабілетті экономика құру мүмкін еместігін ескеріп, кәсіпкерлер қоғамның және еліміздің экономикасының бастамашыл тобы болғандықтан кәсіпкерлікті қолдау және іскерлік белсенділікті ынталандыру бойынша бірқатар жұмыстардың басында жүр. Жаңа жұмыс орнын құратын экономиканың басым секторларында кәсіпкерліктің өсуін дамытуды қолға алып келеді. Ауыл шаруашылығында асыл тұқымды малдарды көбейту, егін шаруашылығында тұқым шаруашылықтарын ашуды көздеп отыр.

Несилендіру саласында біраз жылдан бері қызмет атқарғандықтан елімізде жеке кәсібін өрге дөңгелетіп жатқан жандарға барынша қолдау көрсету, мемлекет тарапын беріліп жатқан көптеген жеңілдіктерді мүмкіндігінше қолданып жатқан жастардың кәсіпкерлікке деген қызығушылығы бар екені баршамызға мәлім.

Кәсіпкерлер қоғамның және еліміздің экономикасының бастамашыл тобы болғандықтан кәсіпкерлікті қолдау және іскерлік белсенділікті ынталандыру.

Депутат болу – ол үлкен жауапкершілік, ел сенімі. Халқымыз «Ауыл – алтын бесік» деп бекер айтпаған. Ауылда дүниеге келген ел ағасы ел өмірімен етене таныс екендігін білдіреді.

Бүгінде халқымыздың 45 пайызы ауылда тұрады. Олардың экономикалық-әлеуметтік жағдайын жақсарту – барлығымыздың да парызымыз. Елбасының «Қазақстан-2050» стратегиялық бағдарламасында ауыды дамыту туралы жақсы айтылған. «Агробизнес-2020» бағдарламасы жұмыс істейді. Қазіргі күнде ауылда мал басы көбейіп келеді. Ол – қуанарлық жайт. Қазақстан – аграрлы ел болғандықтан ел аумағындағы барлық ауылдардың ауыл шаруашылығын дамыту жолында ауыл азаматтары өз үлестерін қосуы азаматтық борыш деп есептейді.

Қазақстан келешекте көрші елдер мен Еуропа мемлекеттерін азық-түлікпен қамтамасыз етуді қолға алмақ.

Ауылды дамыту үшін заманауи технологиялар мен білікті мамандар қажет. Анығырақ айтқанда, өндіріске аграрлық ғылымның жетістіктерін енгізу керек. Сонда ғана ауылдың болашағы жарқын болатындығы мәлім. «Ауыл кәсіпкерлеріне қолдау көрсетуді қолға алсам» деген мақсаты бар. Осы орайда ауылдарға көңіл аудару керектігін алға тартады және осы жолда аянбай еңбек етіп келе жатыр осы күндерде ел қалаулысы.

Елбасының «Мәңгілік Ел» идеясының нақты жүзеге асуына, жас ұрпақты ұлттық құндылықтарымызды құрметтеу рухында тәрбиелеу мақсатындағы жұмыстарға қолдау көрсетуді де басты мақсат деп біледі.

Ел ағасы көптеген бағыттар бойынша еліміздің әлеуметтік экономикалық дамуына тамшыдай болсада үлес қосу үшін бар күш жігерін салуға дайын екендігін білдіреді.

HALYQ MEDIATORY ақпарат

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
Previous ArticleҚұқықтық сананың құрылымы
Next Article Жеңіс күнін атап өту, қарияларымызға деген құрмет
halyqmediatory

Related Posts

Жеңіс күнін атап өту, қарияларымызға деген құрмет

26.06.2021

Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы зияткерлік меншік саласының үлесі

20.05.2021

«Некені тіркеуші органдар тарапымен бұзудың өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел

02.05.2021
Add A Comment

Leave A Reply Cancel Reply

Halyq mediatory - Медиация, психолого-құқықтық кеңес, жарнама, қоғамдық ақпараттық республикалық басылым
Республикалық медиация, құқықтық, психологиялық, саяси, әлеуметтік басылым.

Мекен-жайымыз: ҚР Шымкент қ. Нұрсат м/а 126/37.
Байланыс телефондарымыз: +7 702 734 42 36, +7 707 134 25 20, +7 7252 97 53 43

  • Жарияланған материалдарды көшіріп басу үшін редакциядан ресми рұқсат алу шарт.
  • Кейбір суреттердің ғаламтордан алынуына байланысты олардың мазмұнына, сапасына редакция жауап бермейді.
  • Медиация
  • Ақпарат
  • Қоғам
  • Заң және заман
  • Сауалнама
  • Әдебиет
  • Мәдениет
  • Дала даналығы
  • Вебинар
  • Марапат
  • Мәміле
  • Отбасы психологиясы
  • Республика
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.