• Медиация
  • Ақпарат
  • Қоғам
  • Заң және заман
  • Сауалнама
  • Әдебиет
  • Мәдениет
  • Дала даналығы
  • Вебинар
  • Марапат
  • Мәміле
  • Отбасы психологиясы
  • Республика
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім
Facebook Twitter Instagram
Facebook Twitter Instagram
HALYQ MEDIATORY HALYQ MEDIATORY
Subscribe
  • Ақпарат
  • Медиация
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім
  • Қоғам
  • Әдебиет
  • Республика
  • Русский
HALYQ MEDIATORY HALYQ MEDIATORY
Home » «Ел даусыз болмас»
Медиация

«Ел даусыз болмас»

PressaBy Pressa14.06.2020Еш пікір жоқ2 Mins Read
Facebook Twitter LinkedIn Telegram Pinterest Tumblr Reddit WhatsApp Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Судья-медиаторлар талап арызды қарау барысында тараптарға дауды татуласу арқылы шешудің тетіктерін түсіндіріп, бейбіт жолмен аяқтаудың маңызын ұдайы жеткізіп келеді.

«Ел даусыз болмас», – демекші қоғамда дау көп. Тәжірибе көрсеткендей, сотқа талап арыз беріп, қарызын, ортақ мүлкін, еңбекақысын даулап жүргендер жетерлік. Әрине, сотқа жүгініп, заңның аясында адамдардың құқығы мен бостандығын қорғауы дұрыс-ақ. Алайда, болмашы дау-жанжалдарды өзара шешуде артықшылық көп екенін екінің бірі ескере бермейді. Егер, дауды сотқа дейін және сотта бейбітшілікпен шешкен жағдайда сотқа жұмсалатын сот шығындары қалтаңызда қалып, уақытыңызды үнемдеп, қарсы тараппен қарым-қатынасқа сызат түспей, сыйластықтың жалғасары сөзсіз. Соңғы уақытта экономикалық соттарда да бизнес субъектілеріне қатысты даулар көбеюде. Мәселен, Маңғыстау облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында ағымдағы жылдың 5 айында 1226 азаматтық іс қаралды.

Бүгінде кәсіпкерлер, серіктестіктер, мекеме, фирмалар арасындағы дауларды медиациямен шешуде судья-медиаторлардың үлесі зор. Себебі, судья-медиаторлар талап арызды қарау барысында тараптарға дауды татуласу арқылы шешудің тетіктерін түсіндіріп, бейбіт жолмен аяқтаудың маңызын ұдайы жеткізіп келеді. Мәселен, Маңғыстау облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында жыл басынан бері 30 іс медиация тәртібімен, 20 іс бітімгершілікпен қысқартылып, тараптардың татуласуына байланысты 38 045 493 теңге мемлекетттік баж қайтарылған. Осы орайда, «Медиация туралы» Заң талаптарына сәйкес, тараптардың бірі мемлекеттік орган болып табылатын кезде, жеке және заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқық қатынастарынан туындайтын дауларға (дау-шараларға) медиация рәсімі қолданылмайтындығын атап өтемін. Сонымен қатар, осы жылы Маңғыстау облыстық сотында «Атамекен қабылдауы» кабинеті өз жұмысын бастады. Кабинет «Атамекен» ӨКП мүшелерінің және Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің өңірлік өкілдерінің қабылдауын өткізуге арналған. Бұл кабинетте кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, бизнес субъектілеріне қатысты дауларды сотқа дейін реттеу, жалпы дау-жанжалдарды сот органдарының қатысуынсыз шешуге мән беріледі. Бұл – кәсібімді дөңгелетіп, нәсібімді табамын деген кәсіпкерлерге қолдау болмақ.

Қазіргі таңда пандемияның етек жайғанына қарамастан, еліміздің сот жүйесі өтпелі кезеңнің көшін қаңтармай, жүгін аудармай, адамдардың қауіпсіздігін басты назарда ұстап, талап арыз, өтініштерді «Сот кабинеті» арқылы қабылдап, сот отырыстарын онлайн өткізуде. Тіпті, түйткілді сұрақтар бойынша сот төрағалары онлайн қабылдау өткізіп, жауап беруді қолға алды. Мұның барлығы «Е-СОТ» шеңберінде халықтың сот төрелігіне кедергісіз әрі қолайлы қолжетімділігін арттыру мақсатында жасалған ақпараттық технологияның жемісі.

Қорыта айтқанда, қоғам сұранысы мен құқық үстемдігін қамтамасыз етіп, халықтың сот төрелігіне деген қолжетімділігін одан әрі арттырсақ үміттің толығымен ақталғаны. Сондықтан, жоғарыда аталған игі істердің барлығы соттағы созбалаңды болдырмауға және сот төрелігінің ашықтығын арттыруға бағытталған.

АРЫСТАНБЕК БЕКБОЛАТОВ, 
Маңғыстау облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы
Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
Previous ArticleБілім берудегі медиация – даусыз ортаны құру жолы»
Next Article Зияткерлік меншік құқығы саласы бойынша суалнамалар жүргізілді
Pressa

Related Posts

Келісіп пішкен тон келте болмас

13.11.2023

Медиация – татулық тірегі

05.08.2023

5 тамызда ҚР «Медиация туралы» Заңның қабылданғанына 12 жыл толады

04.08.2023
Add A Comment

Leave A Reply Cancel Reply

Halyq mediatory - Медиация, психолого-құқықтық кеңес, жарнама, қоғамдық ақпараттық республикалық басылым
Республикалық медиация, құқықтық, психологиялық, саяси, әлеуметтік басылым.

Мекен-жайымыз: ҚР Шымкент қ. Нұрсат м/а 126/37.
Байланыс телефондарымыз: +7 702 734 42 36, +7 707 134 25 20, +7 7252 97 53 43

  • Жарияланған материалдарды көшіріп басу үшін редакциядан ресми рұқсат алу шарт.
  • Кейбір суреттердің ғаламтордан алынуына байланысты олардың мазмұнына, сапасына редакция жауап бермейді.
  • Медиация
  • Ақпарат
  • Қоғам
  • Заң және заман
  • Сауалнама
  • Әдебиет
  • Мәдениет
  • Дала даналығы
  • Вебинар
  • Марапат
  • Мәміле
  • Отбасы психологиясы
  • Республика
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.