• Медиация
  • Ақпарат
  • Қоғам
  • Заң және заман
  • Сауалнама
  • Әдебиет
  • Мәдениет
  • Дала даналығы
  • Вебинар
  • Марапат
  • Мәміле
  • Отбасы психологиясы
  • Республика
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім
Facebook Twitter Instagram
Facebook Twitter Instagram
HALYQ MEDIATORY HALYQ MEDIATORY
Subscribe
  • Ақпарат
  • Медиация
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім
  • Қоғам
  • Әдебиет
  • Республика
  • Русский
HALYQ MEDIATORY HALYQ MEDIATORY
Home » Дауларды соттан тыс шешу әдістерін қолдану
Медиация

Дауларды соттан тыс шешу әдістерін қолдану

ПернебайBy Пернебай16.03.2020Еш пікір жоқ4 Mins Read
Facebook Twitter LinkedIn Telegram Pinterest Tumblr Reddit WhatsApp Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
Б.Бөрібеков, Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының судьясы.

Қазіргі таңда, қала тұрғындары арасында болып жатқан жер, қарыз ақша өндіру, балағат сөз сөйлеу, келтірілген материалдық шығынды өндіру және т.б. азаматтық даулар немесе онша ауыр емес, орташа ауырлықтағы қылмыстық істер бойынша қақтығыстарды сотқа дейін Медиация тәртібінде шешуге болатынын білу қажет. Медиацияның ең бірінші мақсаты – ренжіскендерді татуластыру, кетіскенді бітістіру, дауласушы жақтарды табыстыру, мейірім мен сыйластық, татулық пен берекені сақтау және нығайту.
Медиаторлар сотқа дейін татуласу – даукестіктің деңгейін төмендете отырып, дауларды бейбіт келісім арқылы тиімді шешуді қолға алады. Араздасқан азаматтарды сотқа дейін бітімге келтіреді, дауласқан тараптарды мәмілеге келтіріп жүйелі сөзге тоқтатады. Келісу мәдениетінің маңызын арттырады.
Татуласу – дауды шешудің ең тиімді әдісі.
Татуласуда уақыт жоғалмайды, ақша үнемделеді, қатынас үзілмейді, жүйке мен абырой-бедел сақталады. Денсаулығы мен алтын уақыттарын айтыс-тартысқа жұмсамайды.
Егер де Медиация қызметі арқылы бітімгершілік болмаған жағдайда:

  1. Сотта істің қаралуы созылып кетуі мүмкін.
  2. Іске нүкте қойылғанға дейін бірнеше сот отырысы өтеді.
  3. Қайта-қайта жұмыстан сұранып, кәсіпті тоқтатып, жеке тірлікті ысырып қоюға тура келеді.
  4. Мемлекеттік баж төлейсіз, сот шығынын өтейсіз, заңгер жалдайсыз, жол шығыны болады.
  5. Осыншама кезеңдерден өтесіз де дау сіздің пайдаңызға шешілетініне еш кепілдік жоқ.
  6. Екінші тарап-туысыңыз, досыңыз, қызметтесіңіз болса, екі арадағы қатынасқа, сыйластыққа, әріптестікке нұқсан келеді.
  7. Сол себептен кешегі туыстар бүгінгі жау, кешегі достар бүгінгі қасқа айналуы әбден мүмкін.

Бүгінгі таңда, мемлекет халыққа өте ыңғайлы және пайдалы жолын таңдауды ұсынып отыр, ол бітімгершілік. Алайда бітімгершілікке келу үшін барлық жағдай жасалған деп айтуға қиын.
Аудандық соттарда медиация кабинеттері ашылған, сондықтан, даулар мен қақтығыстарды сотқа дейін және сотта қысқартуға көп жұмыс жасалуда.
Аталған жиынның басты мақсаты қала тұрғындары арасында даулар мен қақтығыстарды сотқа дейін қысқарту болып отыр.
Халыққа мемлекет тарапынан үлкен мүмкіндік беріліп жатыр, бітімгершілік бүгінгі күнде дауларды, қақтығыстарды сотқа дейін шешудегі өте дұрыс жолдың бірі екенін тұрғындар білу керек.
Азаматтардың сотқа дейін бітімгершілікке келуіне әкімдік, сот, прокуратура, полиция бөлімдері, мемлекеттік мекемелер, заңды тұлғалар, қоғамдық бірлестіктер қолдау жасайды, әрі мүдделі.
Дауды бітімгершілікпен сапалы шешу мүмкіндігі болған жағдайда ешкімнің сотқа жүгінбейтіні баршаға мәлім.
Соттар, жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан халқы ассамблеясы (бұдан әрі – ҚХА), медиаторлар, барлық мүдделі органдар татуластыру рәсімдерін қолдану арқылы (сот медиациясы бойынша пилоттық жоба, Медиация институтын, Медиаторлар мектебін құру, соттар мен ҚХА бірлескен семинарлары, дөңгелек үстелдер, өзге де іс-шаралар, татуласудың артықшылықтарын түсіндіру) қоғамдық келісімді нығайту аясында едәуір жұмыс атқарды.
Татуласу рәсімдерін дамыту жөніндегі іс-қимыл жүйелі болмауына байланысты, ол тиісті нәтиже бермей отыр. Осы орайда кез-келген дау алдымен сотсыз шешіліп, татуласуға барлық мүмкіндіктер жасалуы тиіс, одан нәтиже шықпаған жағдайда ғана сотқа бару керек.
Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 174-бабының 3-бөлігіне сай, татуласу рәсімдерін қолдана отырып дауды реттеу туралы өтініш хат, егер осы Кодексте немесе заңда өзгеше көзделмесе, жария-құқықтық қатынастардан туындайтын істерден басқа, талап қою ісін жүргізудің кез келген ісі бойынша берілуі мүмкін.
Ал, соттың статистикасына келетін болсақ, 2019 жылы Шымкент қаласының Әл-Фараби аудандық сотымен татуластыру рәсімдері көп қолданылған істер санаты:
-неке және отбасы қатынастарынан туындайтын даулар бойынша 72 іс;
-шарт талаптарынан туындайтын даулар бойынша 55 іс;
-басқа санаттағы даулар бойынша 22 іс;
Жалпы татуластыру рәсімдерін қолданумен аяқталған 331 істердің ішінде:
-сот медиациясы тәртібімен 149 іс,
-татуласу келісімімен 164 іс,
-партисипативтік рәсім тәртібімен 18 іс аяқталған.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының 2018 жылғы 28 сәуірдегі №6001-18-7-4/89 өкімімен бекітілген «Соттағы татуластыру рәсімдері» Пилоттық жобасы бойынша.
Аталған Пилоттық жоба Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотында 22 қазан 2018 жылдан бастап іске асырылуда.
Пилоттық жобаны іске асыру Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотымен жасалған процестік әрекеттердің Алгоритмі талаптарына сай жүргізілген. Мысалы, талап қоюшы У жауапкер А-дан ортақ баласы үш жасқа толғанша жұбайына алимент өндіру туралы талаппен сотқа 23.05.2019 жылы жүгінген.
Істі қарау барысында тараптарға дауды татуластыру рәсімдерін қолдану арқылы аяқтау құқықтары түсіндіріліп, олардың келісімдері сотпен 06.06.2019 жылы қабылданған.
Нәтижесінде 06.06.2019 жылғы сот отырысында тараптардың татуластырушы судья қатысуымен жасалған дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімі бекітіліп, азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылған.
Тараптардың араларында жасалған келісім бойынша жауапкер өз еркімен жұбайына алимент төлеуге міндеттеме алған.
Жоғарыда көрсетілген мәліметтерден көрініп тұрғандай, татуластыру рәсімдері азаматтардың бір-бірінен қарызын, шығындарын өндірумен байланысты санаттағы істер бойынша көп қолданылған.
Пилоттық жобаны іске асыруға мерзімдердің шектеулі болуы кері әсер етуде. Өйткені судья Пилоттық жоба аясында тараптармен татуластыру рәсімдерін жүргізу немесе істі негізінен қарау үшін қайта бөлуге беру мәселесін 5 жұмыс күні ішінде шешуі тиіс.
Ал, дау тараптарының бірі тұрғылықты мекен жайының анықталмауы, іс-сапармен қала аумағынан шығып кетуі, тараптардың білікті мамандармен ақылдасып, адвокат көмегіне жүгіну үшін уақыт қажеттігі аталған мерзімде істі аяқтауға мүмкіндік бермейді.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
Previous ArticleСот жүйесінде медиацияны қолдану артып келеді
Next Article Татуласу көп болса, сот жұмысы да жақсарады
Пернебай

Related Posts

Келісіп пішкен тон келте болмас

13.11.2023

Медиация – татулық тірегі

05.08.2023

5 тамызда ҚР «Медиация туралы» Заңның қабылданғанына 12 жыл толады

04.08.2023
Add A Comment

Leave A Reply Cancel Reply

Halyq mediatory - Медиация, психолого-құқықтық кеңес, жарнама, қоғамдық ақпараттық республикалық басылым
Республикалық медиация, құқықтық, психологиялық, саяси, әлеуметтік басылым.

Мекен-жайымыз: ҚР Шымкент қ. Нұрсат м/а 126/37.
Байланыс телефондарымыз: +7 702 734 42 36, +7 707 134 25 20, +7 7252 97 53 43

  • Жарияланған материалдарды көшіріп басу үшін редакциядан ресми рұқсат алу шарт.
  • Кейбір суреттердің ғаламтордан алынуына байланысты олардың мазмұнына, сапасына редакция жауап бермейді.
  • Медиация
  • Ақпарат
  • Қоғам
  • Заң және заман
  • Сауалнама
  • Әдебиет
  • Мәдениет
  • Дала даналығы
  • Вебинар
  • Марапат
  • Мәміле
  • Отбасы психологиясы
  • Республика
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.