2019 жылдың сәуір айында Шымкент қалалық соты мен Қазақстан халқы Ассамблеясының Шымкент қалалық филиалы, Шымкент қаласының Әділет департаменті, Адвокаттар алқасы, Нотариалдық палатасы және Кәсіподақтар орталығы араларында өзара «Ынтымақтастық туралы» Меморандумға қол қойылған болатын.
Меморандумның мақсаты дауларды сотқа дейін реттеу институтын, оның ішінде, қоғамдағы шиеленіс деңгейін төмендетуге ықпал ететін медиация институтын енгізу және жан-жақты дамыту бойынша өзара іс-қимыл аясында бірлескен іс-шараларды жүзеге асыру болып табылады.
Бүгін Шымкент қалалық сотының ұйымдастыруымен осы Меморандум аясында Әділет департаменті мен Жеке сот орындаушылары өңірлік палатасы басшыларының және медиаторлардың қатысуымен бейнеконференц байланыс арқылы онлайн «дөңгелек үстел» мәжілісі өтті. Мәжіліс барысында Комиссияның құрамы мен жұмыс тәртібінің ережесі талқыланып, Шымкент қаласының Әділет департаменті жанынан атқарушылық іс жүргізу жөніндегі заңнамадан туындайтын дауларды сотқа дейін реттеу жөніндегі қоғамдық комиссия құру туралы шешім қабылданды.
Комиссия жеке және заңды тұлғалардың сот шешімдері тағы басқа да атқару құжаттарын орындау барысында, жылжымайтын мүліктерді тіркеу, нотариаттық іс-әрекеттерді жасау, заңды тұлғаларды, сондай-ақ, азаматтық хал актілерін тіркеу және т.с.с. әділет органдарының қызметіндегі құқықтық қарым-қатынастардан туындайтын арыз-шағымдарын қарайды.Комиссияның шешімдері даудың мүдделі тараптарына ұсыным түрінде беріледі және тараптардың арасында туындаған дауларды сотқа дейін реттеп, қоғамдағы даукестіктің деңгейін төмендетуге бағытталған.
Комиссия құрамына Әділет департаментінің, өңірлік Жеке сот орындаушылар палатасының, Адвокаттар алқасының, Нотариат және заң кеңесшілер палаталарының өкілдері мен медиаторлар, сот және әділет органдарының ардагерлері кіреді.
Қабыл ДҮЙСЕНБИ,
Шымкент қалалық сотының
баспасөз хатшысы