Айта кетейік, дау-да-майға қатысуға тарап-тар таңдаған медиатор — дауласушыларға жанжалды өзара келісе отыра реттеуге көмек-тесетін бітімгер. Оның көмегі арқылы тараптар өз дауларын құпия түрде, аз ғана уақытта, өздеріне тиімді жолмен реттеп алады. Соттағыдай немесе тергеу барысындағыдай құ-зырлы органдардың шешімін күтіп айлап жүрмей-ақ, медиатордың қатысуымен ең тиімді деген жолмен дауласушылар шешеді. Медиатор болу үшін жасы 25-ке жеткен, жо-ғарғы білімі бар, (тек заңгер ғана емес) кез-келген тұлға арнайы 5-7 күндік арнайы курстан, оның соңында емтиханнан өтіп сертификатталып, медиаторлар реес-тріне тұрған тұлға ме-диатор бола алады. Ме-диатор керек тараптар сол реестрден өзіне қолайлы деген медиаторды таңдайды.
Яғни, аяқ астынан жанжал туындай қалса, адамдардың басым көп-шілігі әдеттегідей үй-реншікті сотқа немесе басқа құқық қорғау органдарына жүгініп жататын еді. Енді дау-ды реттеудің балама жолы бар. Негізі, құ-қықтық тұрғыдан алсақ мемлекетте адам құқы-ғы нақты қорғалып отырғандығының бірі – ол тек сот ғана емес, басқаша реттеу. Медиа-ция дамыған батыс ел-дерінде медиация рәсі-міне жүгінген, яғни өз дауын өзі тиімді реттеп алған 100 адамның 93-і сотқа деген жолмен толық қоштасады. Біз-дің ұйымда дайындықтан өткен 1215 медиаторлардың ішіндегі 300-ге жуығы жыл сайын мыңдаған медиа-ция рәсімін өткізіп, та-раптардың алғыстарына бөленуде.
Мен басқарып отыр-ған «Халықаралық құ-қық қорғау орталығы» Республикалық қоғам-дық бірлестігіміз (әрі қарай – «ХҚҚО»), 1997- жылы тоғыз ұлттық-мәдениет орталығының қолдауымен халыққа заңгерлік көмек көрсету мақсатында ашылып, медиация ин-ституты енгеннен соң, 2012 жылдан бастап медиация саласына жа-рияланған 11 аумақтық, 2 республикалық жобаларды жүзеге асырды. Республика деңгейінде өткізілген-нің бірі ТМД елінде алғаш рет «Сот медиациясы» атты пилоттық жобасы болса, екіншісі «Мектептегі медиация» атты болды. Аталған екі жоба шеңберінде жүргізілген іс-шаралар сотта да, мектепте де бұл рәсім толығымен, нәтижелі қолданылатындығы толық дәлел-денілді.
Рәсімге қайта оралар болсақ, медиация рәсі-мінің қағидаттарының арқасында, дауды рет-теудің бұл түрі өте ың-ғайлы. Тағы бір Сарап-шы ретінде айтарым, соттың шешімі шыққан күнде, тараптардың арасындағы жақсы қа-рым-қатынасқа «нүкте» қойылады, себебі ол басқаның, соттың ше-шімі. Қытай тілінде «медиация» деген сөз екі бірдей иероглафпен жазылады. Бірі «ке-ліспеушілік» деп ауда-рылса, келесісі «болашақ қарым қатынасты реттеу» деген ұғымды білдіреді. Дауласушыға ресми органдар арқы-лы, мысал сот делік, уақыт жоғалтып, қор-ғаушы жалдап, дәлелдер жинап, қайта-қайта басқа тараппен кездесіп, оның қорғаушысы болса – соған да дәлелдеп сот сатыларын аралап, айлап-жылдап жүрген артық па, әлде медиаторға жүгініп аз уақытта, құ-пия түрде өзі шешкен дұрыс па?!
Сегіз жылдан асқан медиация институты өзінің дауда жүрген тұлғаларға тиімділігін дәлелдеп қана қоймай, осы бағыттағы көптеген мәселелерді анық-тап отыр. Осыған бай-ланысты, бүгінгі күні заң шығарушы орган жанынан жұмыс тобы құрылып, ҚР «Медиация туралы» заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізілу жұ-мыстары жүргізілуде. Олардың ішінде біздің ұйымнан да ұсыныстар бар. Дәлірек айтсақ, бүгін елімізде 60-тан аса медиаторлдық ұй-ымдар бар, олар күннен күнге өсуде. Алайда, басқа елдердегідей мемлекет тарапынан реттеуші орган әлі жоқ. Ондай орган болса нақты бағытымызды, ортақ статистиканы жә-не де т.б. көптеген жұ-мыстар жүргізілер еді. Келесі ұсынысымыз медиатормен ақпараттық кездесу. Яғни, Испания және басқа ел-дерде бұл қарастырылған. Сотқа арыз шағым бермес бұрын медиатормен кездесіп, ол кездесу барысында ме-диатор тараптарға ме-диация рәсімі деген не, оның артықшылықтары мен ерекшелігі жайлы, қағидаттары, медиатордың рөлі тура-лы толық мәлімет бері-леді. Егер онан да соң тарап, медиацияда қал-ғысы келмесе, онда медиатор тараптардың қолына «кездесу бол-ды» деген анықтама береді. Ал, қалған жағ-дайда, медиация рәсімі басталады. Бұл норма 2017 жылы күшіне енген Қырғыз елінің заңында да қарастырылған. Тағы қайталап айта кетейін, толған кездесу медиация рәсі-мі емес, ол тек «медиатормен ақпараттық кез-десу», кейбіреулеріміз бұл кездесуді «міндетті медиация» деп атайды, ол дұрыс емес. Сосын, қоғамда кейбіреулері-міз медиацияны – «та-туластыру» рәсімі,- деп атайды. Бұл да жалған түсінік, медиация – ол медиация рәсімі және ақсақал, қазы, билерімізден де айырмашылығымыз жеткі-лікті. Оларды да медиа-тормен теңестіруімізге болмайды… Бұл енді келесі жүздесуіміздің көлемінде!
Жанділдә Әжіғалиұлы.
«Қазақстан медиаторлар қауымдастығы» ЗТБ Бас директоры,
«Халықаралық құқық қорғау орталығы» РҚБ-і президенті,
НЛБ тренері.