• Медиация
  • Ақпарат
  • Қоғам
  • Заң және заман
  • Сауалнама
  • Әдебиет
  • Мәдениет
  • Дала даналығы
  • Вебинар
  • Марапат
  • Мәміле
  • Отбасы психологиясы
  • Республика
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім
Facebook Twitter Instagram
Facebook Twitter Instagram
HALYQ MEDIATORY HALYQ MEDIATORY
Subscribe
  • Ақпарат
  • Медиация
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім
  • Қоғам
  • Әдебиет
  • Республика
  • Русский
HALYQ MEDIATORY HALYQ MEDIATORY
Home » Дүниежүзілік экономикалық форумның жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің «Зияткерлік меншікті қорғау» индикаторы
Тәлім

Дүниежүзілік экономикалық форумның жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің «Зияткерлік меншікті қорғау» индикаторы

PressaBy Pressa16.10.2020Еш пікір жоқ2 Mins Read
Facebook Twitter LinkedIn Telegram Pinterest Tumblr Reddit WhatsApp Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

2019 жылдың 09 қазанында Дүниежүзілік экономикалық форум (ДЭФ) Жаһандық бәсекеге қабілеттілік туралы есебін жария еткен болатын. Рейтинг нәтижесі бойынша Қазақстан 55-ші орынға ие болды.

Қазақстан 2012 жылдан бастап рейтингке (Ресей сияқты) экономикасы дамудың екінші кезеңінен (өнімділікке негізделген кезең) үшінші кезеңіне(инновацияларға негізделген кезең) өткен ел ретінде қатысады.

Бұдан басқа, ҚР кәсіпкерлерінің «Атамекен» ұлттық палатасы ДЭФ БЖИ көрсеткіштері бойынша кәсіпкерлер арасында жүргізілетін жұмыстарды тұрақты түрде ақпараттық қолдаумен қамтамасыз етеді.

ҚР Әділет министрлігіне келетін болсақ: 114 көрсеткіштің 4 индикаторы бойынша жауапты орындаушы болса, 3 индикаторы бойынша қосымша жауапты болып табылады. Атап айтқанда:

Жауапты орындаушы болып табылатын индикаторлар:

«Әкімшілік дауларды реттеуде заңнаманың тиімділігі» индикаторы

«Даулы мәселелерді шешуде заңнаманың тиімділігі» индикаторы

«Меншік құқығы» индикаторы

«Зияткерлік меншікті қорғау» индикаторы

Қосымша жауапты орындаушы болып табылатын индикаторлар:

«Мемлекеттік органдармен қабылданатын шешімдерінің айқындығы» индикаторы

«Қоғамның саясатка сенімі» индикаторы

«Мемлекеттік қызметшілер шешімдеріндегі фаворитизм» индикаторы

Аталған 4 индикатордың «Зияткерлік меншікті қорғау» индикаторына келетін болсақ бәсекеге қабiлеттiлiктiң жаһандық индексiнде 2019 жылдың есебіне сәйкес 72 – орынға ие болды.

Бұл индикатор контрафактiнi анықтау және оның жолын кесу жөнiндегi шараларды қолдану есебiнен қалыптасады және жаңа интеграциялық жағдайда жүргізіліп жатқан әкімшілік-құқықтық реформаға орай, құқық қорғау органдары тарапынан пәрменді іс-қимылға тікелей байланысты болатын көрінеді.

Зияткерлік меншік объектілерін заңсыз пайдалану фактілерінің алдын алу, оларды анықтау, жолын кесу бойынша құқық қолданушылық практиканы әрі қарай жетілдіру бойынша шаралар қабылданды.

Жаңа Қылмыстық және Әкімшілік кодекстердің қабылдауымен бірге әділет органдарының атында тауар таңбаларын заңсыз пайдалану фактілері бойынша әкімшілік іс жүргізулерді қозғау бойынша өкілеттіктер қалғаны өздеріңізге белгілі.

Сонымен қатар, 30 дамыған елдің қатарына  кіру мақсатында 2020 жылға қойылған жұмыс жоспарын алға ілгерлерту бойынша, мемлекет жұмысының негізгі бөлігі қазақстан бизнесін, әсіресе шағын және орта бизнесті дамытуға барынша қолайлы жағдай жасау болмақ.

Осыған орай, зияткерлік меншік құқықтары саласы бойынша қоғамда шет елдерден заңсыз тасмалданатын тауарларға қатысты, олардың жолын кесу, болдыртпау мақсатында, жергілікті құқық қорғау органдарымен бірлескен бұйрықтың аясында тығыз тексеру іс-шаралары жасалуы қерек.

ҚР Әділет министрлігі жауапты орындаушы болып табылатын индикаторлардың көсрсеткіштерін көтеру мақсатында:

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді, яғни әр индикатор бойынша Дүниежүзілік эконмикалық форумның Жаһандық бәсекеге қаблеттілік индексі терминдерін пайдалана отырып, қабылданған реформалар бойынша халыққа насихаттау жұмыстарын жүргізуді талап етеді.

 

Темірхан Бекмурзаев,

Шымкент қаласы әділет департаментінің жетекші маманы

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
Previous Article«Отбасылық сот» пилоттық жобасының мақсаты отбасылық дауларды азайту
Next Article Контрафакт проблемасының өзектілігі және онымен күресу
Pressa

Related Posts

“Шаңырақ” орталығында «әкелер мектебінің» алғашқы кездесуі өтті

02.04.2021

Салалық келісім – білім беру қызметкерлерінің мүдделерін қорғаудағы маңызды құжат

02.04.2021

Жастарды жемқорлыққа қарсы тәрбиелеу қажет

03.12.2020
Add A Comment

Leave A Reply Cancel Reply

Halyq mediatory - Медиация, психолого-құқықтық кеңес, жарнама, қоғамдық ақпараттық республикалық басылым
Республикалық медиация, құқықтық, психологиялық, саяси, әлеуметтік басылым.

Мекен-жайымыз: ҚР Шымкент қ. Нұрсат м/а 126/37.
Байланыс телефондарымыз: +7 702 734 42 36, +7 707 134 25 20, +7 7252 97 53 43

  • Жарияланған материалдарды көшіріп басу үшін редакциядан ресми рұқсат алу шарт.
  • Кейбір суреттердің ғаламтордан алынуына байланысты олардың мазмұнына, сапасына редакция жауап бермейді.
  • Медиация
  • Ақпарат
  • Қоғам
  • Заң және заман
  • Сауалнама
  • Әдебиет
  • Мәдениет
  • Дала даналығы
  • Вебинар
  • Марапат
  • Мәміле
  • Отбасы психологиясы
  • Республика
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.