• Медиация
  • Ақпарат
  • Қоғам
  • Заң және заман
  • Сауалнама
  • Әдебиет
  • Мәдениет
  • Дала даналығы
  • Вебинар
  • Марапат
  • Мәміле
  • Отбасы психологиясы
  • Республика
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім
Facebook Twitter Instagram
Facebook Twitter Instagram
HALYQ MEDIATORY HALYQ MEDIATORY
Subscribe
  • Ақпарат
  • Медиация
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім
  • Қоғам
  • Әдебиет
  • Республика
  • Русский
HALYQ MEDIATORY HALYQ MEDIATORY
Home » БІТІСТІРУ АРДЫҢ ІСІ
Мәміле

БІТІСТІРУ АРДЫҢ ІСІ

ПернебайBy Пернебай16.03.2020Еш пікір жоқ4 Mins Read
Facebook Twitter LinkedIn Telegram Pinterest Tumblr Reddit WhatsApp Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
Қайрат Избасаров, Еңбекші аудандық сотының судьясы.

Қазіргі таңда медиация қызметін қолдану қарқын алып отыр. Осы тұста татуластыру рәсімдерін қолданудың артықшылығына тоқталсақ, медиацияны жүзеге асырушы тұлға, тараптарды кінәлі немесе кінәсіз деп бөліп жармай, тараптарға жауапкершілік жүктеп, нұсқау бермейді. Медиатордың басты негізгі мақсаты тараптарды келісімге келуге шақыру. Татуласудың тағы бір артықшылығы – мұнда сот шешімі орындалмай орта жолда қалмайды. Бекітілген келісім бойынша тараптар ондағы шарттарды орындауға мүдделі.

Азаматтық процестік кодексінің талабына сай, татуласу келісімін жасасқан тұлғалар оны ерікті түрде орындайды. Ал егер ерікті түрде орындамаған жағдайда, татуласу келісімін жасасқан тұлғаның өтініш хаты бойынша сот берген атқару парағының негізінде мәжбүрлеп орындатуға жатады. Ол үшін сот кеңсесіне келіп тек бір бет қана өтініш тапсырып, онда келісім шарттарында көзделген талапты мәжбүрлеп орындауға атқару парағын шығаруды сұрайсыз. Аталған өтініш негізінде, сот ешбір даусыз атқару парағын шығарып, сіздің қолыңызға табыстайды. Сондықтан, «Соттың шешімі шықпай қалса, талабымыз орындалмай қалады», – деген пікірден арылу керек.
Сондай-ақ, медиация рәсімі арқылы азаматтар уақытын жоғалтпайды. Қайта керісінше, уақытымен бірге ақша қаражаттарын үнемдейді. Өйткені, сот рәсіміне қарағанда медиация рәсімі қысқа мерзімде нәтижеге жетеді, әрі мемлекеттік баж салығы төленбейді. Дауласушы тараптар адвокаттың қымбат ақылы қызметіне жүгінбейді. Ең бастысы, екі жақтың қатынасы үзілмейді. Абырой-бедел сақталады. Татулық бұзылмайды, жүйке жұқармайды. Қоғамдағы алауыздықты азайтып, ел бірлігін, тұрғындардың татулығын нығайта түседі. Ал, егер дауды сот арқылы шешуге жүгінген жағдайда, сот табалдырығына келгеннен кейін тараптар ашуға беріліп, бір-біріне ауыр сөздер айтып жатады. Сол себептен кешегі туыстар бүгінгі жау, кешегі достар бүгінгі қасқа айналуы әбден мүмкін ғой. Сотқа жүгінбестен бұрын ақылға салып әбден ойлану керек. Даулы мәселені медиациялық қызметке жүгіну арқылы шешу әлдеқайда ұтымды боларын ұмытпаған жөн.
Медиация рәсімінің тиімділігін, соның ішінде қаймағы бұзылмаған қазақы ауылдағы ағайынның дау-жанжалын өрбітпей, оларды келісімге келтіріп бітістіру аса қажет екендігі анық. Өйткені, ауылда бәрі бір-біріне туыс, жекжат, ағайын боп келеді емес пе?! Ол үшін осы медиацияны одан әрі дамытуда жергілікті жерлердегі ауылдық округтердің де зор ықпалы болуы керек. Мәселен, ауыл тұрғыны даулы мәселесін айтып округке жүгінді делік, сол кезде округ әкімі аппаратындағылар оларды құқық қорғау, сот органдарына бару қажеттігін айтып шығарып салмай, өздерінің округі бойынша тіркелген кәсіби емес медиаторды шақыртып, болмаса медиаторға байланысу үшін мекен-жайын, байланыс нөмірлерін ұсынып, дауды өрбітпей, сол округ кеңсесіндегі арнайы медиация кабинетінде шешімін табуға жәрдемдесіп отырса игі болары сөзсіз. Елімізде Медиация туралы заң қабылданып, медиациялық қызмет көрсетіле бастаған бірнеше жылдың ішінде арнайы дайындықтан өткен, сертификаты бар кәсіби және қоғамдық негіздегі кәсіби емес медиаторлар қалыптасты. Олар бүгінде республикамыздың барлық аймақтарында облыс орталықтары, қалалар, аудандар мен ауылдық округтерде халыққа құқықтық қызметтерін көрсетіп, көп даулы мәселені сотқа жеткізбей тараптарды бітістіру арқылы бітіріп беруде. Сондықтан жергілікті билік өкілдері медиаторлық қызмет туралы жұртшылыққа толығырақ ақпарат беріп, ондай қызметтің артықшылық-тарын түсіндіріп, елді құлақтандыра берсе нұр үстіне нұр болмақ.
Жалпы, медиация сөзі ағылшын тілінен енген. Атау өзгеше естілгенімен, бұл бұрын қазақ қоғамында болған үрдіс. Бұрын ата-бабаларымыз ел ішіндегі дау-дамайларды, кикілжіңдерді билер соты арқылы шешіп отырған. Тарих қойнауына үңілсек, аузы дуалы атақты Қазыбек, Төле, Әйтеке билердің бітімдері әлі күнге ұрпақтан-ұрпаққа өнегелі сөздің ұстанымы ретінде жалғасып келеді. Қазақ қашанда сөзге тоқтаған халық. Кешірім сұрап келсе, «Алдыңа келсе атаңның құнын кеш», «Ер шекіспей бекіспейді» деп мақалдап, екі жақты татуластырып отырған. Ауыл, ру ақсақалдары туындаған дау-дамайды алдымен өздері талқылап, бітістіру үшін билердің талқысына берген. Билер «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген принциппен дау-дамайды әділ шешіп, дауласушы тараптардың екі жағын да қанағаттандыратындай билік айтып бітістіріп отырған. Бүгінгі таңдағы медиациялық қызмет медиаторлар дегеніміздің де негізгі принциптері дауласушы екі тараптың жауласушыға айналып кетуіне жол бермей, қос тараптың да көңілінен шығатындай етіп дауларын аз уақытта шешіп беру болып табылады.
Медиацияның арқасында соттарда қаралатын істердің саны да айтарлықтай азаймақ. Дауларды сотқа жеткізбестен, өзара бітімгершілікпен аяқтау судьяларға жүктемені азайтып қана қоймайды, сондай-ақ, қоғамда орын алып отырған даулардың шешімін табуға да септігін тигізіп келеді.
Елбасы айтқандай, қазіргі жаһандану дәуірінде жат идеологиялардың ықпалына еліміздің ұлттық құндылықтарымызды насихаттау арқылы төтеп береміз. Сондықтан, қазақтың билер сотын ұлттық құндылықтардың бірі ретінде танып, оны кеңінен насихаттауды ұсына отырып, рухани жаңғыру арқылы еліміз таяу болашақта бірлігі жарасқан біртұтас ұлт ретінде ең дамыған мемлекеттердің қатарына қосылады деп сенім білдіреміз.
Медиацияның мақсаты – дауды шешудің медиация-ның екі тарапын да қанағаттандыратын нұсқасына қол жеткізу және тараптардың дауласушылық деңгейін төмендету болып табылады. Жеке және заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық, сондай-ақ, аса ауыр емес, ауырлығы орташа қылмыстарға қатысты істерді шешуді медиация тәртібінде қолдануға болады. Сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы қылмыстарға бұл тәсілді қолдануға болмайды.
Бітімгершілік – дауды шешудің озық әдісі болып табылады. Ұсақ-түйек келіспеушіліктердің бітімгер-шілікпен шешілуі, қиын істердің сапалы қаралуына ықпал етіп, азаматтардың уақытын үнемдеп, сот барысында орын алатын моральдық, материалдық қиындықтардан құтқарады. Бұл сотқа да, халыққа да тиімді. Дауды шешудің озық жүйесі медиацияның, қоғамға келтірер тиімділігі мол болатынына сенімдіміз.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
Previous ArticleОРТАҚ ТҮСІНІК БЕРЕКЕНІҢ БАСТАУЫ
Next Article Сот жүйесінде медиацияны қолдану артып келеді
Пернебай

Related Posts

Келісіп пішкен тон келте болмас

13.11.2023

Медиация – татулық тірегі

05.08.2023

5 тамызда ҚР «Медиация туралы» Заңның қабылданғанына 12 жыл толады

04.08.2023
Add A Comment

Leave A Reply Cancel Reply

Halyq mediatory - Медиация, психолого-құқықтық кеңес, жарнама, қоғамдық ақпараттық республикалық басылым
Республикалық медиация, құқықтық, психологиялық, саяси, әлеуметтік басылым.

Мекен-жайымыз: ҚР Шымкент қ. Нұрсат м/а 126/37.
Байланыс телефондарымыз: +7 702 734 42 36, +7 707 134 25 20, +7 7252 97 53 43

  • Жарияланған материалдарды көшіріп басу үшін редакциядан ресми рұқсат алу шарт.
  • Кейбір суреттердің ғаламтордан алынуына байланысты олардың мазмұнына, сапасына редакция жауап бермейді.
  • Медиация
  • Ақпарат
  • Қоғам
  • Заң және заман
  • Сауалнама
  • Әдебиет
  • Мәдениет
  • Дала даналығы
  • Вебинар
  • Марапат
  • Мәміле
  • Отбасы психологиясы
  • Республика
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.