• Медиация
  • Ақпарат
  • Қоғам
  • Заң және заман
  • Сауалнама
  • Әдебиет
  • Мәдениет
  • Дала даналығы
  • Вебинар
  • Марапат
  • Мәміле
  • Отбасы психологиясы
  • Республика
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім
Facebook Twitter Instagram
Facebook Twitter Instagram
HALYQ MEDIATORY HALYQ MEDIATORY
Subscribe
  • Ақпарат
  • Медиация
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім
  • Қоғам
  • Әдебиет
  • Республика
  • Русский
HALYQ MEDIATORY HALYQ MEDIATORY
Home » Бітімгершілік – билік айтудың озық өнегесі
Сухбат

Бітімгершілік – билік айтудың озық өнегесі

ПернебайBy Пернебай05.02.2020Updated:09.02.2020Еш пікір жоқ7 Mins Read
Facebook Twitter LinkedIn Telegram Pinterest Tumblr Reddit WhatsApp Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Қазақстан Республикасында Медиация туралы заң күшіне енгелі кәсіби және қоғамдық негіздегі медиаторлар азаматтар арасындағы даулы мәселелерді шешуге атсалысып келеді. Медиаторлардың бітімгершілік қызметіне аузы дуалы ақсақалдарымыздың да қосып жүрген үлесі аз емес. Қазіргі таңда ақсақалдармен ақылдасу, олардың кеңесі­не құлақ асып, халық арасында туын­­даған дау-дамайларды сотқа жеткізбей бітімге келтіру аса маңызды. Елімізде даулы мәселені төрт-ақ ауыз сөзбен тындыратын қарияларымыз баршылық. Қазақ елінің ынтымағы мен бірлігі, ырысы мен несібесі жарасқан мемлекет болып қалыптасуына қарияларымыздың қосар үлесі мол. Ұлттың ұлы мұра­тын ұлықтайтын, өмірден көргені мол қариялардың қоғам тәрбиелеуші­­сі ретінде тұлғалық болмысы маңызды екені даусыз.
Бұл ойымызға Түркістан облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұловпен болған сұхбат барысында тағы да көз жеткізгендей болдық.

— Медиация туралы заң қа-былданып, бірнеше жылдан бері медиаторлар бітімгерші-лік ісін атқарып келеді. Сол туралы ойыңызды білсек…
— Қазақ халқы үшін бітімгер-шілік — билік айтудың ең озық өнегесі. Ата-бабаларымыз әлім-сақтан бері ел ішіндегі, ағайын-туыс, жекелеген адамдар арасын-дағы қандай да бір дауларды, араздық, жанжалдарды мүмкін-дігінше бейбіт түрде, бітімгерші-лікпен әділ шешіп отыруға ты-рысқан. Оларды шешуде қазақ-тың билер институтының рөлі ерекше болған. «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген аталы сөз содан қалған. Би-лер дауласқан екі жақты қатыстыра отырып, мәселенің байыбына барып, әділ шешіп, екі жақты да риза етіп отырған. Мы-на медиациялық қызметтің де не-гізгі атқаратын миссиясы екі жақтың дауын сотқа жеткізбей бітістіру, екі жақтың да сол бітім-ге қанағаттануына қол жеткізу.
Медиация деген сөз бертінде пайда болғанымен, қазақ үшін бейбіт келісімге келу, екіжақты тіл табыстырып, татуластырып отыру үрдісі бұрыннан қалыптасқан. Медиация, жалпы бітім-гершілік ұғымы қазақтың ұлттық болмысында қалыптасқан қаси-ет. Өмірден түйгені бар, көпті көрген кісілердің арағайындыққа түсуінің өзі бір тәрбие. Әсіресе, қазіргі қоғамда ажырасу факторларына ақсақалдардың араласуы, жастарды түсіністікке, бі-тімгершілікке шақыруы еліміз үшін маңызды, әрі пайдалы қа-дам.
Ол кезде бұл ғанибет істі би-лер атқарып отырды. Аузы дуа-лы кісілер ел арасындағы дауды баба заңымен ретке келтіріп отырды. Алдына келген екі адам-ды әділдігімен айтқанына көнді-ре алды. Елге сыйлы қариялардың сөзі жерде қалмаған.
Бұл ізгі амалдар бүгінгі күні де маңызын жоғалтқан жоқ. Сон-дықтан, біздер бабалар ізін жаң-ғырту жолында біраз жұмыстар атқарып жүрміз. Облыстық арда-герлер кеңесі де осы бағытта жұ-мыс атқарып жатыр. Жақында жеті адамнан тұратын топ құрыл-ды. Олардың құрамында бұрын-ғы заң қызметкерлері, еңбек ар-дагерлері, өз ортасында абыройлы азаматтар бар. Сол кісілер, ел ішінің татулығына, жастар тәр-биесіне, мемлекетіміздің бірлігі жолында үлес қосады деген ниеттеміз.
— Қазір барлық жерде ақса-қалдар кеңесі, ардагерлер ұйы-мы бар. Түсініспеушілік туын-даған жағдайда ақсақалдарымызға жүз пайыз үміт арта аламыз ба?
— «Ақсақалдарымыз барлық істі жүз пайыз игеріп алады» деуге де келмес. Дегенмен, «бас жарылып, көз шықпаған» жағ-дайда оң шешімге келтіруге мүм-кіндік бар. Бірақ, әр тарап өз де-генінен қайтпай, қыңыр тартып отырып алса амалсыз сотқа жібе-руге тура келеді.
Қазір барлығы оқыған, көзі қа-рақты, заңды біледі. Сондықтан «меніңкі дұрыс» деп алған беті-нен қайтпай тұратындарды да байқап жүрміз. Десек те, көп жерде қариялардың жасын сый-лап, сөзін жерде қалдырмай жа-тады. Бұл әрине, қуанышты жағ-дай.
Қалай дегенде де медиация саласы ә дегеннен дамып кетпес, бірақ, көштің жүре түзелетінін естен шығармауымыз керек.
— Бала күнімізде ауылдағы қайбір мәселеде болсын көпші-лік сол ауыл ақсақалдарының айтқанынан шыға қоймаушы еді. Бүгінде сондай қариялар азайып кеткен сыңайлы…
— Ақсақалдар қазір де бар. Тек оларды білу керек. Ақсақал-дың айтқанын дұрыстап, алақа-нына салып отыру елдің міндеті. Көпшілік болған соң, өз қадірін қашырып жүргендер кездеседі, әрине. Бірақ, сөзі орнықты, пікірі заманға сай, жақсылықтың жо-лында жүрген, халықтың бірлігі мен тыныштығын тілеп отыратын ақсақалдарымыз көп. Енді сол кісілердің қадірін түсініп, би-ікке көтеру үшін орта дайын бо-луы керек емес пе.
Үлкенді құрметтеу, сыйлау, айтқанын мақұлдау ұлтымыздың құндылығы. Ілгеріде «атаңмен ақылдасып ал» деген бір ауыз қағиданың өзі біраз түйткілдің түйінін шешетін. Балаға жастайынан, «атаңды тыңда» деп оты-рып-ақ, қазақы тәрбие бердік. Бүгінде сол үрдістен аздап жаңы-лып кеткен сияқтымыз.
— Демек бүгінгі қоғамда да ақсақалдарымыздың атқарар міндеті зор болғаны ғой…
— Әрине. Қайбір жылы, бір көшенің бойында тұратын екі жас бір-бірімен көңіл жарастырып қойған-ды. Ауыл бір рудан құралған, өздеріңіз білесіздер қа-зақ үшін бұл үлкен мәселе. Жас-тардың құпиясы әшкере болып, ел дүрлігіп, азаматтар намысқа шауып, тіпті, елден көшірмек болып, даурығысып кетті. Ата-аналар үйден шыға алмайтын жағдайға жетті. Сол бойынша ақ-сақалдар жиналып, кеңес құр-дық. Байыптап қарасақ, жігіт жақтан тарағандар он екі атадан асып кеткен. Қыздан санамаласақ он бір атадан өтіпті. Сол ара-да бәтуаға келдік. Қариялар боз биені сойып, жастарға рұқсат бе-ріп, даудың арты тойға ұласты. Қыз бен жігіттің аналары жылап жүр. Көрдіңіз бе, ақсақалдардың қоғамдағы ролі қандай. Сол ара-да үлкендер басу айтып, шежірені таратып бере алмағанда, ар-ты қиын болар еді. Екі шаңырақ шайқалып, ағайын арасына жік түсер еді.
Бүгінде «ана елдің тәрбиесі, мына елдің үлгісі» дегенді көп айтатын болдық. Шындап кел-генде ата-бабамыздан қалған дәстүріміз өзгелерге сабақ бола алады. Жеті атаға дейін қыз ал-ыспау, кейін, арнайы рұқсат беру үшін боз бие союдың өзінде үлкен мән жатыр. Сондай көне-нің тәрбиесін беретін қарттарымыз қазір де бар. Оларды ілти-патпен құрметтеп отыру қоғамның еншісінде.
— Дұрыс қой, ақсақалдардың орнын жоққа шығара ал-маспыз. Десек те, берісі ауыл, арысы ауданға арызын арқа-лап, жоқ жерден дау туғызып жүрген қарияларды да көріп жатырмыз…
— Біз бір нәрсені түсінейік. Елдің ынтымақта, ауызбіршілік-те, татулықта болуы сол елдің үлкендеріне байланысты. Айна-лып келгенде барлығы үлкенді тыңдайды.
Көпшіліктің ішінде ала-құла-сы болатыны заңдылық. Өзіне ие бола алмайтын, жоқты барды қа-зып, жақсыны көре алмай, жел сөзге иланып, өзін де өзгені де әуреге салатын бірлі-жарымдар болады. Тіпті, бықсыған шаланы үрлеп, үлкен мәселеге айналдырғысы келетін теріс пиғылды кісі-лерді де байқадық. Бірақ оларға қарап барлық қарияны бағалай алмаймыз.
Қоғам қайда да болсын үлкен-дердің пікіріне жүгінеді. Солар-дың айтқан басуына тоқталады. Қазір «бұрынғының шалдары қайда кеткен. Абыз ақсақалдарымыз бар ма? Ақылымен тоқтау салар үлкен қалмады» деген әңгі-мелер шығып жатады. Бұл жал-тақ сөздер. Ел іші жақсыларға то-лып жатыр. Тек барды бағалап, жақсыны көре білу керек. Ұлтты ұйыстырып, елді тыныштықта ұстап отырған қарттарымыз жоқ емес.
Әлгінде әкелер мектебі жайлы айттық. Сол кісілер қызмет ізде-геннен, пайда тапқысы келгеннен, абырой іздегендіктен жүр-ген жоқ. Жастардың келешегі, ұлттық тәрбие мен, тарихымызды жаңғырту, сол арқылы бола-шағымыздың рухани құндылығын арттыру үшін жүр.
— Бүгінгі қоғамда әрбір үшінші отбасы ажырасады ек-ен. Бұл ұлттық апаттың себебі бар ма?
— Бұл расында өте өзекті мә-селе. Біз жастарды мектептен тәрбиелеуге тиіспіз. Қыздарға да отбасылық өмірдің құндылығын түсіндіруге міндеттіміз.
Қазір кейбір жастар маха-батты ойыншыққа айналдырып алған секілді. Әркімнің мен-мендігі бар. Сәл қиындыққа шы-дамай ажыраса салуға дайын. Күйеуі де, әйелі де «Өзім-ақ өмір сүре аламын. Сенсіз де бақыт та-бамын» деген көкіректікке салы-нып жатады. Ортадағы балаға бастарын ауыртпайды.
Мен мектеп оқушыларымен кездескенде ашық әңгімеге ша-қырып отырамын. Балаларға үлкен өмірде бәрі сәтті де тәтті бола бермейтінін, тағдырының дұрыс қалыптасуы өздеріне бай-ланысты екенін айтамын. От-басы бақытын табу үшін үлкен төзім керектігін жасырмаймын. Жасөспірімдерге шыдамдылық пен табандылық, мейірім мен сүйіспеншіліктің қаншалықты маңызды екенін ұғындыруға тырысамын. Мейірім мен сүйіс-пеншілік орнаған жерде менмендікке орын бола қоймайды.
— Сіз ұзақ жылдар қызметте болған, үйде жүргеннен түз-дегісі көп қариясыз. Отбасы болған соң кесе-шәйнек сыл-дырап тұратыны белгілі, өз тәжірибеңізбен бөліссеңіз.
— Біздің заманымызда дейміз бе, үш мақсатты ұстандық. Бі-ріншісі – отбасының татулығы, берекесі. Екіншісі – ұрпағымыздың болашағы. Солардың келе-шегі үшін еңбек ету. Үшіншіден еңбекте адал болу, сол арқылы орныңды тауып, биігіңе шығу. Бұл жалғыз менің емес, замандастарымның барлығына ортақ мақсат болды-ау, деп ойлаймын.
Барлық отбасы секілді менде де, бірде бар, бірде жоқ, бірде аз, бірде көп уақыттар болды. Он-дайда ортақ түсіністік керек. Са-быр етудің маңызы зор. Қандай жағдайда да отбасың, ұрпағың алдыңғы орында тұрғаны дұрыс. Қызмет мәңгілік емес, ал жанұяң мәңгілік берекең болып қала бер-мек.
Бір замандар болған, кітап жи-нау үрдіс алды. Жабылып кітап жинадық, жарысып оқыдық. Од-ан соң, ыдыс жинау басталды. Жарқыраған ыдысты үйіп бол-ғанда, әдемі киіну белең алды. Соңғы екі кезеңде қызығушылық пен ілесе шабудан тартындық. Көрпеге қарап көсілуді үйрендік. Қазір қарап отырсақ кітап жи-нағанның ғана пайдасы тиген екен. Білім қай заманда болса да мәңгілік болмақ. Сондықтан жастар білімге деген құштарлығын жоғалтпасын, еңбектен қаш-пасын.
— Әңгімеңізге рахмет!

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
Previous ArticleТатуласумен аяқталған істер көбейіп келеді
Next Article Жоғарғы Сот үш қылмыстық істі жүргізуді тоқтатып, сотталушыларды ақтады
Пернебай

Related Posts

Рухани Жаңғыру – Заман Талабы

01.04.2021

Шымкент қаласы Қаратау аудандық сотының төрағасы Ермахан Еркеновичпен сұхбат.

06.06.2020

Карантин кезіндегі тұрмыстық зорлық – психоаналитик пен заңгер кеңесі

30.04.2020
Add A Comment

Leave A Reply Cancel Reply

Halyq mediatory - Медиация, психолого-құқықтық кеңес, жарнама, қоғамдық ақпараттық республикалық басылым
Республикалық медиация, құқықтық, психологиялық, саяси, әлеуметтік басылым.

Мекен-жайымыз: ҚР Шымкент қ. Нұрсат м/а 126/37.
Байланыс телефондарымыз: +7 702 734 42 36, +7 707 134 25 20, +7 7252 97 53 43

  • Жарияланған материалдарды көшіріп басу үшін редакциядан ресми рұқсат алу шарт.
  • Кейбір суреттердің ғаламтордан алынуына байланысты олардың мазмұнына, сапасына редакция жауап бермейді.
  • Медиация
  • Ақпарат
  • Қоғам
  • Заң және заман
  • Сауалнама
  • Әдебиет
  • Мәдениет
  • Дала даналығы
  • Вебинар
  • Марапат
  • Мәміле
  • Отбасы психологиясы
  • Республика
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.